О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов высшего и послевузовского образования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 2 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов высшего и послевузовского образования»
- Атауы (қаз.)
- «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 66
- Қабылданған күні
- 20.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2023 178780_619968.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300031943
- ЭКБ идентификаторы
- 178780
- Редакция идентификаторы
- 178780_619968
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:21
0 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қорытынды аттестаттау жоғары білімнің білім беру бағдарламасының жалпы көлемінде кемінде 8 академиялық кредитті құрайды.
Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандары мен рәсімін ЖЖОКБҰ дербес айқындайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бейінді бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 10 академиялық кредитті құрайды. Оның ішінде ЖК пәндерінің көлемі 6 академиялық кредитті құрайды.
ӘАОО-ларда бейіндік бағыттағы магистратурада БП циклінің көлемі магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 12%-ын (оқу мерзімі 1 жыл) және кемінде 15%-ын (оқу мерзімі 1,5 жыл) құрайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Қорытынды аттестаттау ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының жалпы көлемінен кемінде 8 академиялық кредитті құрайды және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау түрінде жүргізіледі.
ӘАОО-ларда қорытынды аттестаттау көлемі өз бетінше анықталады, 12 кредиттен аспайды және ӘАОО өз бетінше пәндер цикліне және басқа да қызметтер түрлеріне қайта бөле алады.»;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 3 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 66 бұйрығына
1-қосымша
Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
3-қосымша
Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы
р/с №
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
1 жылдық типтік оқу мерзімімен
1,5 жылдық типтік оқу мерзімімен
академиялық сағат бойынша
академиялық кредит бойынша
академиялық сағат бойынша
академиялық кредит бойынша
1
2
3
4
5
6
1.
Теориялық оқыту
кемінде 1170
кемінде 39
1920
64
1.1
Базалық пәндер (БП) циклі
кемінде 300
кемінде 10
450
15
1)
Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)
180
6
180
6
Оның ішінде:
Шет тілі (кәсіби)
Менеджмент
Басқару психологиясы
2)
Таңдау компоненті (ТК)
кемінде 120
кемінде 4
270
9
1.2
Бейіндеуші пәндер циклі
кемінде 870
кемінде 29
1470
49
1)
Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)
2)
Таңдау компоненті (ТК)
3)
Өндірістік практика
2
Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)
кемінде 390
кемінде 13
540
18
1)
Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)
кемінде 390
кемінде 13
540
18
3
Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)
4
Қорытынды аттестаттау (ҚА)
кемінде 240
кемінде 8
кемінде 240
кемінде 8
1)
Магистрлік жобаны ресімдеу және қорғау (МЖРҚ)
кемінде 240
кемінде 8
кемінде 240
кемінде 8
Барлығы
кемінде 1800
кемінде 60
кемінде 2700
кемінде 90
2 Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 66 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
5-қосымша
Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының құрылымы
р/с
№
Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы
Жалпы еңбек сыйымдылығы
академиялық сағат бойынша
академиялық кредит бойынша
1
2
3
4
1.
Теориялық оқыту
900
30
1.1
Базалық пәндер (БП) циклі
600
20
1)
Жоғары оқу орны компоненті (ЖК):
Оның ішінде:
Ғылым тарихы мен философиясы
Жоғары мектеп педагогикасы
Педагогикалық практика
2)
Таңдау компоненті (ТК)
1.2
Бейіндеуші пәндер циклі
300
10
1)
Жоғары оқу орны компоненті (ЖК)
2)
Таңдау компоненті (ТК)
Барлығы
кемінде 900
кемінде 30