О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 января 2022 года № 23 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Костанайской области от 20 января 2022 года № 23 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы»
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 350
- Қабылданған күні
- 04.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 04.09.2024 200469_718824.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G24N000350A
- ЭКБ идентификаторы
- 200469
- Редакция идентификаторы
- 200469_718824
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:47
0 Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 10-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
10
Қарабалық ауданы
–
3 жасқа дейін –15204 3 жастан бастап – 18816
–
».
2 2. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қостанай
облысы әкімдігінің
2024 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 350 қаулысына
қосымша
Қостанай
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 23 қаулысына
1-қосымша
Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Елді мекен
Тәрбиеленушілердің саны
Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
9-сағаттық режим-дегі топта болу
10,5–12- сағаттық режимдегі топта болу
санаторлы топта
арнайы топтар
1
қала
19616
50181
54506
81598
98103
2
ауыл
5419
55728
60746
91999
111104