О внесении дополнений в постановление акимата города Аксу от 20 апреля 2022 года № 254/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Аксу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Аксу от 20 апреля 2022 года № 254/3 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима города Аксу»
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 263/2
- Қабылданған күні
- 27.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2023 179220_622470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PB02632A
- ЭКБ идентификаторы
- 179220
- Редакция идентификаторы
- 179220_622470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:08
0 Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы”
№ 254/3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы” № 254/3 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
«Ақсу қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 18-тармақ келесі мазмұндағы 40-1, 40-2, 40-3, 40-4, 40-5, 40-6 тармақшалармен толықтырылсын:
«40-1) қала әкімінің халықпен тоқсан сайынғы тұрақты кездесулерін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
40-2) жұртшылықпен байланыс бойынша мемлекеттік органның қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
40-3) қала әкімінің аппаратында және қаланың жергілікті атқарушы органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің мониторингі;
40-4) қала әкімінің жеке қабылдауын ұйымдастыру мен өткізуді бақылау;
40-5) қала әкімінің жеке қабылдауда берген тапсырмаларының орындалуына ішкі бақылауды жүзеге асыру;
40-6) әскери есепке алу және шақыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;».