Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата города Семей от 20 декабря 2022 года № 37/265–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Семей»

Өзге акт · № 25/141- VIII · қабылданған 23.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no-37265vii/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата города Семей от 20 декабря 2022 года № 37/265–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Семей» Қолданыста Өзге акт ·№ 25/141- VIII ·23.05.2024
23.05.2024 редакциясы
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата города Семей от 20 декабря 2022 года № 37/265–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Семей»

Қолданыста Өзге акт ·№ 25/141- VIII · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата города Семей от 20 декабря 2022 года № 37/265–VII «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по городу Семей»
Атауы (қаз.)
«Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
25/141- VIII
Қабылданған күні
23.05.2024
Көрсетілген редакция
23.05.2024 197247_701909.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V24FA028518
ЭКБ идентификаторы
197247
Редакция идентификаторы
197247_701909
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:25

0 «Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/265-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31571 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Семей қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
мүгедектігі бар балалар бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
қандастар;
экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
толық емес отбасылар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.»

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы