О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2022 года № 409 «Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2022 года № 409 «Об утверждении Правил включения промышленно-инновационных проектов в единую карту индустриализации и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 725
- Қабылданған күні
- 22.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2023 171955_660845.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000725
- ЭКБ идентификаторы
- 171955
- Редакция идентификаторы
- 171955_660845
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:54
0 «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 409 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген индустрияландыру картасында, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің 2022 жылғы 7 шілдені қоса алғанға дейінгі қаулыларымен бекітілген өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарында көзделген, іске асырылып жатқан жобалар осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіледі.».