Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 543-П «Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 38-Ө · қабылданған 10.02.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no-543/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 543-П «Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 38-Ө ·10.02.2023
08.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 543-П «Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 38-Ө · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 20 июля 2022 года № 543-П «Об утверждении Положения о Комитете рыбного хозяйства Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 543-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38-Ө
Қабылданған күні
10.02.2023
Көрсетілген редакция
08.02.2024 178905_687732.kaz
Соңғы өзгеріс
08.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NP000038
ЭКБ идентификаторы
178905
Редакция идентификаторы
178905_687732
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:25

0 «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 543-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 28 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 543-Ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндегі ведомство болып табылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
10-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
«арыз иелері көтеретін жүйелі проблемаларды талдау мен анықтауды жүзеге асырады;»;
17-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.»;
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министріне Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді;»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің тізбесі:
1. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі:
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Қамыстыбас балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Петропавл балық питомнигі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауыты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Комитетке мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымдарының тізбесі:
1. «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
көрсетілген Ереженің 1, 2 және 3-қосымшылары алынып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрық көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы