Құжат мәтініне өту

Решение Сырдарьинского районного маслихата от 20 декабря 2022 года №180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сырдарьинского районного маслихата»

Өзге акт · № 180 · қабылданған 20.12.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2022-no180/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Решение Сырдарьинского районного маслихата от 20 декабря 2022 года №180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сырдарьинского районного маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 180 ·20.12.2022
28.04.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Решение Сырдарьинского районного маслихата от 20 декабря 2022 года №180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сырдарьинского районного маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 180 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Решение Сырдарьинского районного маслихата от 20 декабря 2022 года №180 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Сырдарьинского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №180 шешімі
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
180
Қабылданған күні
20.12.2022
Көрсетілген редакция
28.04.2023 176079_629751.kaz
Соңғы өзгеріс
28.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22LH00180M
ЭКБ идентификаторы
176079
Редакция идентификаторы
176079_629751
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:56

0 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы №180 шешімі

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген) сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.

2 2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Сырдария аудандық мәслихатының

2022 жылғы 20 желтоқсандағы
№180 шешімімен бекітілген
«Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және «Сырдария аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – «Б» корпусының қызметшілері) қызметін бағалау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1 1) тікелей басшы – дербес бағынысында болып табылатын бағаланушы қызметшіге қатысты тұлға;

2 2) жоғары тұрған басшы – дербес бағынысты болып табылатын, бағаланушы қызметшінің тікелей басшысына қатысты тұлға;

3

3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, саяси мемлекеттік қызметшінің меморандумына «А» корпусы қызметшісінің келісіміне немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, «Б» корпусы қызметшілері қол жеткізген жағдайда олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;

4 4) жеке жұмыс жоспары – «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат;

5 5) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;

6 6) мінез-құлық индикаторы – «Б» корпусы қызметшісінің мінез-құлық және құзыреттер деңгейі көрінісінің сипаттамасы;

3 3. «Б» корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.

4 4. «Б» корпусы қызметшісінің нақты лауазымға келу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда соның ішінде әлеуметтік демалыстан шыққаннан немесе оқуды аяқтағаннан кейін, сондай-ақ сынақ мерзімінде бағалау өткізілмейді.

Бағалауды өткізу кезінде «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іс-сапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді.

5

5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.

6 6. Бағалау екі жеке бағыт бойынша жүргізіледі:

1 1) НМИ жетістіктерін бағалау;

2 2) «Б» корпусы қызметшілерінің құзыреттерін бағалау.

7 7. НМИ орындалуын бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, ротациялау, мемлекеттік лауазымдардан төмендету немесе босату үшін шешім қабылдауға негіз болып табылады.

Құзыреттерді бағалау нәтижелері «Б» корпусы қызметшісінің қажетті құзыреттерін дамытуға негіз болып табылады. Бұл ретте, құзыреттерді бағалау нәтижелері бонустар төлеуге, көтермелеуге, ротациялауға, мемлекеттік лауазымдардан төмендетуге немесе босатуға әсер етпейді.

8 8. Бағалауға байланысты құжаттар кадр қызметінде бағалау аяқталғаннан кейін үш жыл бойы сақталады.

2 2-тарау. НМИ анықтау тәртібі

9 9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.

10 10. Жеке жұмыс жоспары тиісті НМИ әзірленген соң, ол бекіту үшін жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

11 11. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда жеке жұмыс жоспары осы лауазымды тұлғамен бекітіледі.

12 12. НМИ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе жоғары тұрған басшы жеке жұмыс жоспарын түзетуге қайтарады.

Жеке жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, түзетуге жолданған күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

13 13. НМИ:

1 1) нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);

2 2) өлшемді (НМИ өлшеу үшін нақты критерийлер белгіленеді);

3 3) қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);

4 4) уақытпен шектеулі (НМИ қол жеткізу мерзімі белгіленеді);

5 5) мемлекеттік органның стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған болуы тиіс.

14 14. НМИ саны 5 құрайды.

15 15. Жеке жұмыс жоспары кадр қызметінде сақталады.

3 3-тарау. НМИ жетістігін бағалау тәртібі

16 16. Жеке жұмыс жоспарында көрсетілген НМИ жетістігіне бақылау жүргізу мақсатында тікелей басшы НМИ-да белгіленген жетістіктерге тоқсан сайын мониторинг жүргізеді.

Тоқсан сайынғы мониторинг қортындысы бойынша тікелей басшы бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшісіне НМИ-ге жету және сол үшін қажетті шаралар бойынша жазбаша ұсыныстар береді.

17 17. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.

18 18. Жеке жұмыс жоспарының жүзеге асырылуын бағалау жеке жұмыс жоспары құрылған жыл қорытындысы бойынша НМИ бағалау негізінде келесі тәртіпте жүзеге асырылады.

НМИ барлығы орындалған жағдайда «өте жақсы» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 4-і орындалған жағдайда «тиімді» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-і орындалған жағдайда «қанағаттанарлық» баға қойылады.
НМИ санының 5-нен 3-тен азы орындалған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» баға қойылады.
НМИ-дің орындалуы жеке жоспарда қарастырылған барлық көрсеткіштердің толық орындалуын көздейді.

19 19. Бағалау парағы тікелей басшымен толтырылғаннан кейін, ол жоғары тұрған басшының қарауына енгізіледі.

20 20. «Б» корпусы қызметшісінің тікелей басшысы мемлекеттік органның бірінші басшысы болған жағдайда бағалау парағы оның қарауына енгізіледі.

21 21. «Б» корпусы қызметшісінің бағалау парағын қарау қорытындысы бойынша жоғары тұрған басшымен келесі шешімдердің бірі қабылданады:

1 1) бағалаумен келісу;

2 2) түзетуге жіберу.

22 22. Бағалау парағы НМИ қол жеткізуін дәлелдейтін фактілердің жеткіліксіздігі немесе дәйексіздігі болған жағдайда түзетуге жолданады.

23 23. Бағалау парағын жоғары тұрған басшының қарауына қайта енгізу, оны түзетуге жолдағаннан кейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

24 24. Жоғары тұрған басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

4 4-тарау. Құзыреттерді бағалау тәртібі

25 25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.

26 26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша «Б» корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін осы Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.

27 27. Қызметші құзыретінің даму деңгейі бағалау кезеңінде оның қызметінде көрінген мінез-құлық индикторларының санымен келесі тәртіпте анықталады:

1 1) қызметшінің қызметінде белгілі бір құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4 немесе одан көбі байқалған жағдайда «күтілген нәтижеге сәйкес» бағасы қойылады.

2 2) қызметшінің қызметі нақты құзыретпен көзделген мінез-құлық индикторларының 3/4-нен кеміне сәйкес келмесе, бағаланатын құзырет бойынша «күтілген нәтижеге сәйкес емес» бағасы қойылады.

28 28. Тікелей басшымен бағалау парағына қол қойылғаннан кейін кадр қызметі 2 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияның қарауына ұсынады.

5 5-тарау. Бағалау нәтижелерін Комиссиямен қарау және бағалау нәтижесіне шағымдану

29 29. Кадр қызметі Комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады және бағалауды өткізуге дейін жеті жұмыс күні аралығында бағалауды жүргізетін тұлғаларды бағалау жүргізу туралы хабарлайды.

30 30. Комиссияның отырысы оның құрамының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.

31 31. Комиссияның төрағасын не мүшесін алмастыру комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

32 32. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

33 33. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, бағалау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

34 34. Комиссияның хатшысы кадр қызметінің қызметшісі болып табылады. Комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

35 35. Кадр қызметі Комиссия төрағасымен келісілген мерзімдерге Комиссия отырысының өткізілуін қамтамасыз етеді.

36 36. Кадр қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) толтырылған бағалау парақтарын;

2 2) осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын;

37 37. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды да келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) бағалау нәтижелерін бекіту;

2 2) бағалау нәтижелерін қайта қарау.

38 38. Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылданған жағдайда Комиссия бағалау нәтижесін түзетіп, оны хаттаманың «Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)» графасында көрсетіледі.

39 39. Бағалаудың нәтижелері уәкілетті тұлғамен бекітіледі және осы Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті хаттамасында тіркеледі.

40 40. Кадр қызметі «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде таныстырады.

41 41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадр қызметімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.

42

42. «Б» корпусы қызметшісінің Комиссия шешіміне шағымдануы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда немесе оның аумақтық департаментінде шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Шағымдарды қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

1 1) мемлекеттік органға Комиссия шешімін жойып, «Б» корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қарау бойынша ұсыныс беру;

2 2) "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижесін қайта қараусыз қалдыру.

43 43. «Б» корпусы қызметшісі бағалау нәтижелеріне сот тәртібінде шағымдануға құқылы.

75 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау Әдістемесіне 1-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы _______________________
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _________________________
Қызметшінің лауазымы: ____________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________
_________________________________________________________________________

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Саяси мемлекеттік қызметшінің немесе «А» корпусы қызметішісі келісімінің қай көрсеткішінен немесе мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжатынан түйінделеді
Өлшем бірлігі
Жоспарлы мәні
Қол жеткізу мерзімдері
Түйінді нәтиже*
* Нысаналы мақсатты индикатор қол жеткізуден күтілетін оң өзгерістер
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы ____________________

76 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау Әдістемесіне 2-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Жоғары тұрған басшы
____________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні _______________________
қолы _______________________
НМИ бойынша бағалау парағы
____________________________________________________
(Т.А.Ә.,бағаланатын тұлғаның лауазымы)
____________________________________
(бағаланатын кезең)

п/п
Нысаналы мақсатты индикаторлардың атауы
Өлшем
бірлігі
Жоспарлы мәні
Нақты мәні
Көрсеткішке қол жетті/көрсеткішке қол жетпеді
Бағалау нәтижесі __________________________________________________
(қанағаттанарлықсыз, қанағаттанарлық, тиімді, өте жақсы)
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

77 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау Әдістемесіне 3-қосымша
Құзыреттер бойынша бағалау парағы _________________ жыл (бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
__________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:
__________________________________________________________________
№ р/с
Құзыреттер атауы
Бағалау нәтижелері (күтілетін нәтижеге сәйкес/күтілетін нәтижеге сәйкес емес)
Қызметшіде байқамаған мінез-құлық индикатор атауы (күтілетін нәтижеге сәйкес емес бағасын алған жағдайда)
1
Қызметті басқару
2
Ынтымақтастық
3
Шешім қабылдау
4
Жеделділік
5
Өздігінен даму
6
Қызметті тұтынушыға бағдарлану *
7
Қызметті тұтынушыларды хабарландыру *
8
Адалдық
9
Жауапкершілік
10
Бастамашылдық
11
Стресске орнықтылық
*Лауазымдық міндеттеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жатпайтын «Б» корпусының мемлекеттік
қызметшілері «Қызметті тұтынушыға бағдарлану» және «Қызметті тұтынушыларды хабарландыру» құзыреттері
бойынша бағаланбайды.
Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________

78 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін
бағалау Әдістемесіне 4-қосымша
Құзыреттердің мінез-құлық индикаторлары
Құ­зы­рет­тер ата­уы
Мем­ле­кет­тік әкім­ші­лік ла­у­а­зым­дар са­на­ты
Ти­ім­ді мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
Ти­ім­сіз мі­нез-құлық ин­ди­ка­тор­ла­ры
ҚЫЗМЕТТІК БАСҚАРУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­дай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
● Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­лай­ды және ұй­ым­да­сты­ра­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ете­ді;
● Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы ба­ры­сын­да­ғы қыз­ме­тіне ба­қы­лау жүр­гі­зе­ді;
● Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ете­ді;
● Бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін жос­пар­лау мен қам­та­ма­сыз ету­ге қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­нақ­тап, тал­да­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
● Се­ніп тап­сы­ры­л­ған ұжым­ның жұ­мысын жос­пар­ла­май­ды және ұй­ым­да­стыр­май­ды, олар­дың жос­пар­лан­ған нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу­іне ық­пал ет­пей­ді;
● Қыз­мет­кер­лер­дің қой­ы­л­ған мін­дет­тер­дің орын­да­луы­на ба­қы­лау жүр­гіз­бей­ді;
● Бө­лім­ше жұ­мысы­ның нәти­же­ле­лі­лі­гін және са­па­сын қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
E-4;
● Ба­сым­ды­лы­ғы­на қа­рай тап­сыр­ма­лар­ды ма­ңы­зды­лы­ғы ре­ті­мен қо­яды;
● Бас­шы­лық­қа са­па­лы құ­жат­тар дай­ын­дай­ды және ен­гі­зе­ді.;
● Өл­ше­улі уа­қыт жағ­дай­ын­да жұ­мыс жа­сай ала­ды;
● Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­тай­ды.
● Тап­сыр­ма­лар­ды жүй­е­сіз орын­дай­ды;
● Са­па­сыз құ­жат­тар әзір­лей­ді;
● Же­дел жұ­мыс жа­са­май­ды;
● Бел­гі­лен­ген мер­зім­дер­ді сақ­та­май­ды.
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Ұжым­да се­нім­ді қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
● Бө­лім­ше­нің қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­сай­ды;
● Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бө­лі­се­ді;
● Әр­қай­сысы­ның нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­тай­ды.
● Ұжым­да өза­ра се­нім­сіз қа­рым-қа­ты­нас ор­на­та­ды;
● Бө­лім­ше және қо­ғам­мен ти­ім­ді жұ­мыс ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша ұсы­ныс жа­са­май­ды;
● Бір­ле­сіп жұ­мыс ат­қа­ру үшін әріп­те­сте­рі­мен тә­жі­ри­бе­сі­мен және бі­лі­мі­мен бөл­іс­пей­ді;
● Ба­ғы­ны­с­та­ғы тұ­лға­лар­дың нәти­же­ге же­ту­ге қо­с­қан үле­сін анық­та­май­ды.
E-4;
● Ұжым­ның жұ­мысы­на үле­сін қо­са­ды және қа­жет болған жағ­дай­да тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гі­не­ді;
● Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұжым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен қа­рым-қа­ты­на­сты да­мы­та­ды;
● Тал­дау ба­ры­сын­да пі­кір ал­ма­са­ды және тал­қы­лау нәти­же­сін ес­ке­ре оты­рып, тап­сыр­ма­лар­ды орын­дай­ды.
● Жұ­мыста тұй­ық­тық ұста­ны­мын біл­ді­ре­ді және тү­сін­дір­ме үшін аса тә­жі­ри­бе­лі әріп­те­сте­ріне жү­гін­бей­ді;
● Әр­түр­лі мем­ле­кет­тік ор­ган­дар мен ұй­ым­дар­дың өкіл­де­рі­мен және әріп­те­сте­рі­мен өза­ра әре­кет­тес­пей­ді;
● Әріп­те­сте­рі­мен мә­се­ле­лер­ді тал­қы­ла­май­ды.
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ала­ды;
● Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды ұй­ым­да­сты­ра­ды;
● Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­лай­ды;
● Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­ке­ре оты­рып, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­дай­ды және бо­лжам­дай­ды;
● Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, құ­зы­ре­ті ше­гін­де ше­шім қа­был­дай­ды.
● Бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­да тап­сыр­ма­лар­ды дұ­рыс бө­ле ал­май­ды;
● Ше­шім қа­был­да­уда қа­жет­ті ақ­па­рат­тар­ды жи­на­уды си­рек ұй­ым­да­сты­ра­ды;
● Ше­шім қа­был­да­уда­ғы тә­сіл­дер­ді ұжым­мен тал­қы­ла­удан бас тар­та­ды және бас­қа­лар­дың пі­кі­рін ес­кер­мей­ді;
● Әр­түр­лі де­реккөз­дер­ден алын­ған ма­ғлұ­мат­тар­ды ес­кер­мей­ді, мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді тал­да­май­ды және бо­лжа­май­ды;
● Ше­шім қа­был­дау ба­ры­сын­да мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер мен сал­дар­лар­ды ес­кер­мей­ді.
E-4;
● Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ала­ды;
● Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің бір­не­ше жо­лын ұсы­на­ды;
● Өзі­нің пі­кі­рін негіз­дей ала­ды.
● Қа­жет­ті мә­лі­мет­тер­ді та­ба ал­май­ды;
● Мүм­кін бо­ла­тын қа­уіп­тер­ді ес­кер­мей­ді неме­се мә­се­ле­лер­ді ше­шу­дің аль­тер­на­ти­ва­сын ұсын­бай­ды;
● Негіз­сіз пі­кір біл­ді­ре­ді.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА БАҒДАРЛАНУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты­ра­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­ше­ді;
● Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­сай­ды;
● Қыз­мет көр­се­ту­дің са­па­сын ба­қы­лай­ды, сон­дай-ақ же­ке үл­гі бо­лу ар­қы­лы көр­се­те­ді.
● Са­па­лы қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­стыр­май­ды және туын­да­ған мә­се­ле­лер­ді ше­шпей­ді;
● Ке­рі бай­ла­ны­сты қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дей­гей­ін анық­та­у­ға жағ­дай жа­са­май­ды;
● Са­па­сыз қыз­мет көр­се­ту­ге жол бе­ре­ді, қы­зық­па­у­шы­лық біл­ді­ре­ді.
E-4;
● Сы­пайы және ті­лек­те­стікпен қыз­мет көр­се­те­ді;
● Қыз­мет көр­се­ту­ге қа­на­ғат­та­ну­шы­лық дең­гей­ін тал­дай­ды және олар­ды же­тіл­ді­ру­дің жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
● Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша ұсы­ныс ен­гі­зе­ді.
● Қыз­мет алушы­ға дө­ре­кі­лік және нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
● Тұ­ты­ну­шы­ның сұ­рақ­та­ры мен мә­се­ле­ле­ріне мән бер­мей­ді;
● Қыз­мет көр­се­ту са­па­сын жақ­сар­ту бой­ын­ша бел­сен­ді­лік та­ныт­пай­ды.
ҚЫЗМЕТТІ ТҰТЫНУШЫҒА АҚПАРАТТАНДЫРУ
E-2;
E-3 (құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­ды қыз­мет алушы­лар­ды қол­же­тім­ді ақ­па­рат­тан­ды­ру­ға бағ­дар­лай­ды;
● Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды құр­мет­пен және игі­лік­пен жет­кі­зе­ді;
● Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін құр­мет­тей­ді.
● Ба­ғы­ны­с­та­ғы­лар­мен қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гіз­бей­ді;
● Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­тар­ды жет­кіз­бей­ді неме­се нем­құ­рай­лы және жақ­тыр­май жет­кі­зе­ді;
● Қыз­мет тұ­ты­ну­шы­ла­ры­ның пі­кі­рін еле­мей­ді.
E-4;
● Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­ді тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
● Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты қол­же­тім­ді ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кі­зе­ді;
● Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ала­ды.
● Қыз­мет алушы­лар­ды ақ­па­рат­тан­ды­ру­дың ти­ім­сіз тә­сіл­де­рін қол­да­на­ды;
● Тұ­ты­ну­шы­ға ақ­па­рат­ты ауыз­ша және жа­з­ба­ша түр­де жет­кіз­бей­ді неме­се тү­сі­нік­сіз жет­кі­зе­ді;
● Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы ақ­па­рат­ты уақ­ты­лы қа­был­дай және жі­бе­ре ал­май­ды.
ЖЕДЕЛДІЛІК
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­рай­ды және бас­шы­лық­қа ен­гі­зе­ді;
● Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­сай­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша уақ­ты­лы ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
● Өзге­рі­стер­ді дұ­рыс қа­был­да­уды өзі­нің үл­гі өне­ге­сі­мен көр­се­те­ді.
● Жұ­мыстың жа­ңа ба­ғыт­та­рын пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды қа­ра­май­ды және бас­шы­лық­қа ен­гіз­бей­ді;
● Бо­лып жа­тқан өзге­рі­стер­ге тал­дау жа­са­май­ды және жұ­мысты жақ­сар­ту бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­да­май­ды;
● Бо­лып жа­тқан және кү­тіл­ме­ген өзге­рі­стер ке­зін­де өзін-өзі ба­қы­ла­май­ды.
E-4;
● Жұ­мысты жақ­сар­ту жө­нін­де ұсы­ны­стар ен­гі­зе­ді;
● Олар­ды ен­гі­зу­дің жа­ңа ба­ғыт­та­ры мен әді­сте­рін үй­ре­не­ді;
● Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін -өзі ба­қы­лай­ды;
● Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да тез бей­ім­де­ле­ді.
● Жұ­мыстың қол­да­ны­с­та­ғы рә­сім­де­рі мен әді­сте­рін ұста­на­ды;
● Жа­ңа ба­ғыт­тар мен әді­стер­ді зерт­теп олар­ды ен­гіз­бей­ді;
● Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да өзін-өзі ба­қы­лай ал­май­ды;
● Өзге­ріс жағ­дай­ла­рын­да бей­ім­дел­мей­ді неме­се ба­яу бей­ім­де­ле­ді.
ӨЗДІГІНЕН ДАМУ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ұсы­на­ды;
● Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің құ­зы­рет­те­рін да­мы­та­ды және олар­ды ба­ғы­ны­сты­лар­да да­мы­ту үшін ша­ра­лар қа­был­дай­ды;
● Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін, оның ішін­де да­му­ды қа­жет ете­тін құ­зы­рет­тер­ді тал­қы­лай­ды.
● Ба­ғы­ны­сты­лар­дың құ­зы­рет­тер дең­гей­і­нің жо­ға­ры­ла­у­ы­на қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
● Мақ­сат­қа же­ту үшін өзі­нің және ба­ғы­ны­сты­ла­ры­ның құ­зы­рет­те­рін да­мыт­пай­ды;
● Ба­ғы­ны­сты­лар­мен олар­дың құ­зы­рет­те­рін тал­қы­ла­май­ды.
E-4;
● Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ны­та­ды;
● Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­ты­ла­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну­дың әді­сте­рін із­де­не­ді;
● Тә­жі­ри­бе­де ти­ім­ді­лік­ті арт­ты­ра­тын жа­ңа дағ­ды­лар­ды қол­да­на­ды.
● Жа­ңа бі­лім­дер мен тех­но­ло­ги­я­лар­ға қызығ­у­шы­лық та­ныт­пай­ды;
● Өзін­ді­гі­нен да­му­ға ұм­тыл­май­ды, жа­ңа ақ­па­рат­тар мен оны қол­да­ну әді­сте­рі­мен қы­зық­пай­ды;
● Өзін­де бар дағ­ды­лар­мен шек­те­ле­ді.
АДАЛДЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың сақ­та­луын ба­қы­лай­ды;
● Ұжым­ның мүд­де­сін өз мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
● Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ны­та­ды;
● Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­сты­ра­ды;
● Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді;
● Ри­я­сыздық, әділ­дік, адал ни­ет­ті­лік, сон­дай-ақ, же­ке тұл­ға­ның на­мысы мен абы­рой­ы­на құр­мет та­ны­та оты­рып, ба­ғы­ны­сты­ла­ры үшін әдеп­ті мі­нез-құлық­тың үл­гі­сі бо­ла­ды.
● Ұжым­да бел­гі­лен­ген стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­дың, шек­те­улер мен тый­ым­дар­дың орын алуы­на жол бе­ре­ді;
● Өз мүд­де­сін ұжым мүд­де­сі­нен жо­ға­ры қо­яды;
● Жұ­мыста та­бан­ды­лық та­ныт­пай­ды;
● Ұжым­да­ғы сый­ла­стық пен се­нім аху­а­лын қа­лып­та­стыр­май­ды;
● Ба­ғы­ны­сты­лар­дың іс-әре­ке­т­ін­де шы­най­ы­лық және әді­лет­ті­лік прин­ципте­рін сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ет­пей­ді;
E-4;
● Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сүй­е­не­ді;
● Өзі­нің жұ­мысын адал орын­дай­ды;
● Өзін адал, қа­ра­пай­ым, әділ ұстай­ды, бас­қа­лар­ға сы­пай­ы­лық және би­я­зы­лық та­ны­та­ды.
● Бел­гі­лен­ген әдеп­ті­лік нор­ма­ла­ры мен стан­дарт­та­ры­на сай кел­мей­тін мі­нез-құлық­тар та­ны­та­ды;
● Өзі­нің жұ­мысын орын­дау ба­ры­сын­да нем­құ­рай­лы­лық біл­ді­ре­ді;
● Өзін адал­сыз, шам­дан­ған және бас­қа­лар­ға дө­ре­кі­лік және мен­сіз­бе­у­ші­лік қа­си­ет­те­рін та­ны­та­ды;
СТРЕССКЕ ОРНЫҚТЫЛЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
● Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
E-4;
● Сын­ға са­быр­лық­пен қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­дай­ды.
● Сын­ға са­быр­сыз қа­рай­ды және негіз­ді болған жағ­дай­да, кем­ші­лік­тер­ді жою жө­нін­де ша­ра­лар қа­был­да­май­ды.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру­ды же­ке жа­у­ап­кер­ші­лі­гіне ала­ды.
● Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің қыз­ме­тін ұй­ым­да­сты­ру жа­у­ап­кер­ші­лі­гін бас­қа ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ға ар­та­ды.
E-4;
● Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­та бо­ла­ды.
● Өз ісі мен нәти­же­ле­рі үшін жа­у­ап­ты­лық­ты бас­қа тұл­ға­ға ар­та­ды.
БАСТАМАШЫЛДЫҚ
E-2;
E-3 (Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің бас­шы­сы);
● Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­дай­ды және ен­гі­зе­ді.
● Қыз­мет ти­ім­ді­лі­гін жо­ға­ры­ла­ту­ға ба­ғыт­тал­ған ин­но­ва­ци­я­лық тә­сіл­де­рін және ше­шім­де­рін ен­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар­ды тал­да­май­ды және ен­гіз­бей­ді.
E-4;
● Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гі­зе­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­дай­ды.
● Ұсы­ны­стар мен ба­ста­ма­ла­рын ен­гіз­бей­ді және өзі­нің негіз­гі мін­дет­те­рі­нен бас­қа қо­сым­ша жұ­мыстар­ды орын­да­май­ды.

79 «Сырдария аудандық мәслихат аппараты»

мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау Әдістемесіне 5-қосымша
«БЕКІТЕМІН»
Лауазымды тұлға ______________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
күні ________________________
қолы _______________________
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
_____________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________________
бағалау мерзімі жыл)
Бағалау нәтижелері

р/с
Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Бағалау нәтижелері туралы мәлімет
Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда)
Комиссияның ұсыныстары
1.
2.
...
Комиссия қорытындысы: __________________________________________________
Тексерілді:
Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: ___________________________________ Күні: ____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ___________________________________ Күні: ______________
(тегі, аты-жөні, қолы)

Қолданыстағы