О внесении изменения в приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 20 января 2023 года № 1 «Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека в Республике Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан от 20 января 2023 года № 1 «Об утверждении Положения о Координационном совете при Уполномоченном по правам человека в Республике Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 03.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2025 211212_769515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036257
- ЭКБ идентификаторы
- 211212
- Редакция идентификаторы
- 211212_769515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:05
0 «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Үйлестіру кеңесінің жұмыс нысаны –Үйлестіру кеңесінің күндізгі немесе сырттай форматтағы отырысы, соның ішінде өңірлер бойынша көшпелі отырыстар.
Үйлестіру кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін ақылға қонымды мерзім беріледі.
Үйлестіру кеңесінің отырысы бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.».
2 2. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының міндетін атқарушы Ә.Ж. Сабыровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі