О внесении изменений и дополнений в решение Кордайского районного маслихата от 20 октября 2023 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Кордайского районного маслихата от 20 октября 2023 года № 10-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Кордайскому району»
- Атауы (қаз.)
- Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 10-3 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27-3
- Қабылданған күні
- 15.07.2024
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2024 198994_711960.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24GE522008
- ЭКБ идентификаторы
- 198994
- Редакция идентификаторы
- 198994_711960
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:34
0 Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы
№10-3 «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қордай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы №10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қордай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
6 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«4) санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне табыстарын есепке алмай, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында санаторий - курорттық емделуге шығындарын өтеу үшін, жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге шығындарын өтеу үшін, жылына бір рет 45 (қырық бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий - курорттық емделуге жолдаманы таңдаған 1 - топтағы мүгедектігі бар адамдардың күтіміне байланысты әлеуметтік төлемді алушыларына немесе жеке көмекшілеріне, ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, санаторий-курорттық емделуге шығындары өтеу үшін жылына бір рет халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий -курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде көрсетіледі.
Санаторий - курорттық емделуден өткен азаматтардың жол жүру шығыстарын төлеу жеке қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.»;
8 тармақтың екінші абзацындағы «уәкілетті ұйымға» деген сөздер «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Қордай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қордай аудандық мәслихаты интернет - ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.