О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 сентября 2023 года № 165 «Об утверждении Правил отбора и определения критериев социальных и экономических проектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 сентября 2023 года № 165 «Об утверждении Правил отбора и определения критериев социальных и экономических проектов»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 17.09.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.10.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2025 214400_782907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036872
- ЭКБ идентификаторы
- 214400
- Редакция идентификаторы
- 214400_782907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:15
0 «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33441 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және өлшемшарттарын айқындау қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жобаларды айқындау өлшемшарттары:
1) жобалардың мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарын дамытудың ұзақ мерзімді стратегияларын қоса алғанда, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне сәйкестігі (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерді салу немесе реконструкциялау жөніндегі жобалардың техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) сәйкестігі;
4) жобалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 20 сәуірдегі №29, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №164, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №ҚР ДСМ-50, Индустрия және инфрақұрылым министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі №243, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі №113 және Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №56/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18592 болып тіркелген) бірлескен бұйрығымен бекітілген Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі.»;
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді және алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.