О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Туркестанской области от 20 февраля 2023 года № 26 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Туркестанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Туркестанской области от 20 февраля 2023 года № 26 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Туркестанской области»
- Атауы (қаз.)
- Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 30.01.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2025 206935_743394.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25U000023A
- ЭКБ идентификаторы
- 206935
- Редакция идентификаторы
- 206935_743394
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 06:15
0 Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі:
16-тармағы:
келесі мазмұндағы 19-1), 19-2), 19-3), 19-4), 19-5), 19-6), 19-7) және 19-8) тармақшаларымен толықтырылсын:
19-1 «19-1) жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау, ойынқұмарлықтың (лудоманияның) қауіптілігі мәселелері бойынша жастармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын, консультативтік жұмысты жүзеге асырады;
19-2 19-2) халыққа профилактикалық екпелер жүргізуді ұйымдастырады;
19-3 19-3) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады;
19-4
19-4) уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың негізгі топтары үшін азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылуын мониторингтеу және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
19-5 19-5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
19-6 19-6) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
19-7 19-7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
19-8 19-8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;»;
16) тармақшасы алынып тасталсын;
24 - тармақ осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. «Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) жоғарыда көрсетілген Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
16 Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 30 қаңтардағы
№ 23 қаулысына қосымша
Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 26 қаулысына қосымша
24 24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдарының тізбесі: