О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2023 года № 454 «Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 20 июня 2023 года № 454 «Об определении ювелирных и других изделий, произведенных и (или) реализуемых на территории Республики Казахстан, не подлежащих обязательному опробованию и клеймению в уполномоченных организациях»
- Атауы (қаз.)
- «Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 180
- Қабылданған күні
- 17.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2024 196862_700506.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034394
- ЭКБ идентификаторы
- 196862
- Редакция идентификаторы
- 196862_700506
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:30
0
«Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 454 «Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарды айқындау туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32861 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен белгіленген Уәкілетті ұйымдарда міндетті түрде сынамалануға және таңбалануға жатпайтын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және (немесе) өткізілетін зергерлік және басқа да бұйымдарда:
мынандай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағында сатуға (өткізуге) арналған сынамасы 800 және одан жоғары күмістен жасалған зергерлік бұйымдар мен басқа да бұйымдар, егер мұндай бұйымдарда атаулы таңбасы болса.».
2 2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлтық экономика министрлігі