О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 20 марта 2024 года № 10/5-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Глубоковском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Глубоковского районного маслихата от 20 марта 2024 года № 10/5-VIII «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Глубоковском районе»
- Атауы (қаз.)
- Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/8-VIII
- Қабылданған күні
- 24.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.09.2024 201003_721154.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24VI908516
- ЭКБ идентификаторы
- 201003
- Редакция идентификаторы
- 201003_721154
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:33
0 Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 10/5-VIII «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII «Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8980-16 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасында:
Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».