Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года №20/3-VIII «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе»

Ереже · № 55/3-VIII · қабылданған 21.07.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2024-no203-viii/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года №20/3-VIII «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе» Күшіне енбеген 21.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года №20/3-VIII «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе»

Күшіне енбеген Ереже № 55/3-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 20 марта 2024 года №20/3-VIII «Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе»
Атауы (қаз.)
Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
55/3-VIII
Қабылданған күні
21.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
07.08.2026
Көрсетілген редакция
21.07.2026 I228158_1.kaz
Соңғы өзгеріс
21.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V26VN039392
ЭКБ идентификаторы
228158
Редакция идентификаторы
I228158_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:16
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 07.08.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII «Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8983-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңынын 97-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен ережесінде:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Күршім ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
ағымдағы және жинақтау жарналарын ;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.»;
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.»;
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «цифрлық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.».

2. «Күршім аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Күршім аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.