Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Приозерского городского маслихата от 20 мая 2025 года № 28/216 «Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск»

Ереже · № 37/278 · қабылданған 28.01.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2025-no-28216/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Приозерского городского маслихата от 20 мая 2025 года № 28/216 «Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск» Күшін жойған 29.04.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в решение Приозерского городского маслихата от 20 мая 2025 года № 28/216 «Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск»

Күшін жойған Ереже № 37/278 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Приозерского городского маслихата от 20 мая 2025 года № 28/216 «Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск»
Атауы (қаз.)
Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы № 28/216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37/278
Қабылданған күні
28.01.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.02.2026
Көрсетілген редакция
29.04.2026 221642_819726.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26KR37278M
ЭКБ идентификаторы
221642
Редакция идентификаторы
221642_819726
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.08.2026 02:22
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 20 мамырдағы

№ 28/216 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Приозерск қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 20 мамырдағы № 28/216 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6773-09 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2-тараудың 7-тармағының 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«16) жетім болуы, ата-ана қамқорлығының болмауы, жылына 1 рет беріледі, әлеуметтік көмектің мөлшері 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;»;
2-тараудың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) әлеуметтік маңызы бар, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған ауруы болған кезде, балаларға, азаматтың (отбасының) табысына қарамастан, әлеуметтік көмек он сегіз жасқа дейінгі баланың заңды өкіліне Қазақстан Республикасының заңнамасында тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2,0 (екі) еселенген мөлшерінде, ай сайын көрсетіледі;».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Приозерск қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы ______________ А.Ю.Литош
«28» қаңтар 2026 жыл