Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 марта 2026 года № 18 «Об утверждении условий распределения прибыли, начисления дивидендов по простым и (или) привилегированным акциям, проведения обратного выкупа собственных акций банком, для обеспечения (восстановления) финансовой устойчивости и (или) оздоровления которого используются средства государственного бюджета, Национального фонда Республики Казахстан, Наци

Қаулы · № 113 · қабылданған 30.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-2026-no-18/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 марта 2026 года № 18 «Об утверждении условий распределения прибыли, начисления дивидендов по простым и (или) привилегированным акциям, проведения обратного выкупа собственных акций банком, для обеспечения (восстановления) финансовой устойчивости и (или) оздоровления которого используются средства государственного бюджета, Национального фонда Республики Казахстан, Наци Қолданыста 30.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 марта 2026 года № 18 «Об утверждении условий распределения прибыли, начисления дивидендов по простым и (или) привилегированным акциям, проведения обратного выкупа собственных акций банком, для обеспечения (восстановления) финансовой устойчивости и (или) оздоровления которого используются средства государственного бюджета, Национального фонда Республики Казахстан, Наци

Қолданыста Қаулы № 113 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 марта 2026 года № 18 «Об утверждении условий распределения прибыли, начисления дивидендов по простым и (или) привилегированным акциям, проведения обратного выкупа собственных акций банком, для обеспечения (восстановления) финансовой устойчивости и (или) оздоровления которого используются средства государственного бюджета, Национального фонда Республики Казахстан, Наци
Атауы (қаз.)
«Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иеле
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
113
Қабылданған күні
30.07.2026
Қолданысқа енгізілген күні
16.08.2026
Көрсетілген редакция
30.07.2026 228338_834557.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039452
ЭКБ идентификаторы
228338
Редакция идентификаторы
228338_834557
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 18 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 наурыздағы № 18 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38238 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын банктің пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу, өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің банктің акцияларын олардың тікелей және (немесе) жанама иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оларға билік ету үлесін азайту шарттарында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекет қаражатын банктің меншікті капиталындағы дисконттың үлесіне тепе-тең мөлшерде, бірақ жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтер сомасының немесе банктің меншікті акцияларын кері сатып алу сомасының 100 (жүз) пайызынан аз емес мөлшерде мерзімінен бұрын қайтаруды:
мемлекет қаражатын қайтару мөлшері 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құрайтын жағдайларда, банктің уәкілетті органы жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша пайданы бөлу, дивидендтерді есепке жазу және (немесе) банктің өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей;
мемлекет қаражатын қайтару мөлшері 50 000 000 000 (елу миллиард) теңгеден жоғары және 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгені қоса алғанға дейінгі соманы құрайтын жағдайларда, банктің уәкілетті органы жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша пайданы бөлу, дивидендтерді есепке жазу және (немесе) банктің өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 12 (он екі) айдан кешіктірмей;
мемлекет қаражатын қайтару мөлшері 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңгені және одан астам соманы құрайтын жағдайларда, банктің уәкілетті органы жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша пайданы бөлу, дивидендтерді есепке жазу және (немесе) банктің өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан кешіктірмей қамтамасыз ету;».

2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.