Құжат мәтініне өту

О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан

Жарлық · № 1015 · қабылданған 24.02.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/20-ekb-86934/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан Қолданыста Жарлық ·№ 1015 ·24.02.2015
24.02.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық ·№ 1015 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О юбилейной медали в ознаменование 20-летия Конституции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1015
Қабылданған күні
24.02.2015
Көрсетілген редакция
24.02.2015 AI86934_0.kaz
Соңғы өзгеріс
24.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1500001015
ЭКБ идентификаторы
86934
Редакция идентификаторы
AI86934_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:29

0 Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы құрметiне арналған мерекелiк медаль туралы

Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-aқ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығының құрметiне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалі тағайындалсын.

2 2. Мыналар:

1 1) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2 2) «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 1015 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау ҚАҒИДАЛАРЫ

1 1. Осы Қағидалар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі - мерекелік медаль) наградтау тәртібін регламенттейді.

2

2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының ұлықтығын қамтамасыз етуге, елдің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, конституционализм идеялары мен қағидаттарының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

3

3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсынуларды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Үкіметі, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер енгізеді.

4 4. Мерекелік медальды Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.

Мерекелік медальды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша:

1 1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

2 2) Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы өкілеттік берген өзге лауазымды адамдар да тапсыра алады.

5 5. Мерекелік медальды тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.

6 6. Наградталған адамға медальмен бірге, белгіленген үлгідегі куәлік тапсырылады.

7 7. Мерекелік медаль кеуденің сол жағына тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналастырылады.

8 8. Мерекелік медальдың тапсырылғандығы туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жасалады.

Тапсырылмаған медальдар мен олардың куәліктері, қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.
Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептілікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

2 "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалінің СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 1015 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалінің СИПАТТАМАСЫ
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі жезден жасалады.
Шеңбер диаметрі 34 мм болатын дұрыс дөңгелек нысанында болады.
Шеңбердегі барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдың қырлары жақтаушамен көмкерілген.
Медальдың бет жағында (аверсте) жиектің үстін бойлай отырып, «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА» деген сөздер шығыңқы жазылған.
Аверстің ортасында дөңгелек орналасқан. Дөңгелектің ішінде, жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, төменгі бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін, «20 жыл» деген екі жол мәтіні бар, бедерлі ашық кітап орналасқан. Аверстің түсі жылтыр, бедері шығыңқы күңгірттендірілген.
Медальдың сыртқы жағының (реверстің) ортасында қазақтың ұлттық ою-өрнегі орналасқан. Реверстің төменгі бөлігінде «1995-2015» деген цифрлар жазылған. Ою-өрнек пен цифрлар астындағы бет күңгірттендірілген. Цифрлар мен ою-өрнек шығыңқы жылтыр.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі құлақша мен шығыршық арқылы, ені 32 мм және биіктігі 50 мм алтыбұрышты нысандағы тағанмен жалғанады. Таған ақ түсті төрт жолағы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл жібек лентамен қапталған. Лентаның жиектерінде әр жағынан 3 мм шегініспен ені 4 мм болатын бір-бір жолақ және олардың ортасында ені 2 мм болатын, арасы ашық екі орталық жолақ орналасады.
Медаль киімге түйреуіштің көмегімен бекітіледі.

Қолданыстағы