Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

Бұйрық · № 4 · қабылданған 06.01.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/200-ekb-151626/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·06.01.2021
16.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил определения затрат на технологическое присоединение электрических установок с установленной мощностью до 200 кВт субъектов предпринимательства к электрическим сетям энергопередающих организаций
Атауы (қаз.)
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
06.01.2021
Көрсетілген редакция
16.08.2022 151626_588686.kaz
Соңғы өзгеріс
16.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022057
ЭКБ идентификаторы
151626
Редакция идентификаторы
151626_588686
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:02

0 Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

0 Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 6 қаңтардағы
№ 4 Бұйрықпен
бекітілді
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 7-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) өтініш беруші – белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғылары бар кәсіпкерлік субъектісі;

Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және электр энергетикасы салаларындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібі

3

3. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен бекітілген Энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21269 болып тіркелген) (бұдан әрі – Технологиялық қосылу қағидалары) сәйкес энергия беруші ұйымға кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымның электр желілеріне технологиялық қосуға өтініш (бұдан әрі-Өтініш) береді.

4

4. Энергия беруші ұйым технологиялық қосылу қағидаларының 6-тармағында көзделген өтініш беруші ұсынған құжаттар талаптарға сәйкес келген кезде 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысын (бұдан әрі – Қорытынды) береді.

5 5. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) шығындар тізбесін айқындау;

2 2) шығыстар баптарын бекіту.

6

6. Кәсіпкерлік субъектілерін белгіленген қуаты 200 квт дейінгі электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесін айқындау кезінде шығындар осы Қағидалардың талаптары ескеріле отырып қосылады. Шығыстар баптарын қалыптастыру «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесі мынадай:

1 1) материалдық шығыстардан;

2 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

3 3) техникалық қадағалау;

4 4) авторлық қадағалау;

5 5) өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу;

6 6) құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған шығыстардан;

7 7) материалдарды өндірушіден жұмыс орнына дейін тасымалдау шығындары;

8 8) құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындар, оның ішінде құрылыс машиналары мен тетіктерін басқарумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу шығыстарынан тұрады.

8 8. Белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілерін электрмен жабдықтау желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар тізбесін айқындау кезінде өзіндік құнда қосу бойынша осы жұмысқа тікелей қатысты негіздеуші материалдармен расталған мынадай шығыстар ескеріледі:

1 1) электр желілерін салуға арналған жобалау құжаттамасында ескерілген материалдық шығыстар, оның ішінде сатып алынатын бұйымдар, жанар-жағармай материалдарына арналған шығыстар. Бұл ретте, шығындар тізбесінде көрсетілген материалдардың құны осы материалдарды өндірушінің құнынан аспайды;

2

2) бұл ретте, қолданыстағы заңнамада көзделген сатып алу рәсімдерін жүргізу арқылы өнім берушіден сатып алынған шығындар тізбесінде көрсетілген материалдардың құны, оларды жеткізуге арналған ілеспе шығындарды ескере отырып, осы материалдарды өндірушінің құнынан, егер өндіруші Қазақстан Республикасының аумағында болмаса, осы материалдарды өндірушінің өкілдігіндегі материалдардың құнынан аспайды;

3

3) техникалық және авторлық қадағалау, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық және авторлық қадағалауға, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған шығыстар жұмыстардың жоспарланған көлеміне сәйкес және тиісті нарық жұмыстарының бағалары туралы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми статистикалық ақпараты негізінде айқындалады;

4

4) шығындар тізбесінде жұмысшылар мен желілік персонал тікелей құрылыс жұмыстарымен айналысатын бригадалардың (учаскелердің) жұмыскерлерінің құрамына қосылған кезде оны қоса алғанда, өндірістік жұмысшылардың, сондай-ақ жұмыс аймағы шегінде және объект маңындағы қоймадан монтаждау орнына дейін материалдар мен жабдықтардың орнын ауыстыруды жүзеге асыратын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар көрсетіледі.
Құрылыс машиналары мен тетіктерді басқарумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу шығындары құрылыс машиналарын пайдалануға арналған шығындардың құрамына қосылады.
Қорытындыда көрсетілген қажетті жұмыстардың тізбесінде қосалқы өндірістер, ұйымның қызмет көрсететін шаруашылықтары жұмысшыларының, күрделі емес жұмыстармен (уақытша ғимараттар мен құрылыстар салу бойынша жұмыстарды қоса алғанда) және үстеме шығыстар есебінен жүзеге асырылатын басқа да жұмыстармен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу, сондай-ақ материалдарды объект маңындағы қоймада көлік құралдарына тиеуді қоса алғанда, оларды тиеумен, түсірумен және объект маңындағы қоймаға дейін жеткізумен айналысатын жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу көрсетілмейді.
Мамандардың жалақысын есептеу жұмысқа тартылған мамандардың нақты санын ескере отырып жүзеге асырылады және энергия беруші ұйымның орташа айлық жалақысының мөлшерінен аспайды, сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленетін салықтарды, жарналар мен жалақыдан аударымдарды қамтиды.

9 Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысы

9 Қорытындыда келтірілген кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындар сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
– белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосуға арналған шығындар сомасы, теңге;
- барлық материалдар құнының сомасы, теңге;
- барлық жұмыстар құнының сомасы, теңге.
- эскизді және эскиздік жобаны келісу мемлекеттік көрсетілетін қызметіне арналған шығындар сомасы.
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларына
қосымша
Нысан
Кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға негізделген шығындардың қорытындысы
Қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар тіз­бе­сі

Ма­те­ри­ал­дар ата­уы
Са­ны
(да­на, кг. (т.),
м. (м.2, м.3), л.)
1-бір­лік­тің құ­ны,
тең­ге
Жал­пы құ­ны,
тең­ге
1
2
3
4
5

Жиы­ны: Бар­лық ма­те­ри­ал­дар құ­ны­ның со­ма­сы (S m)
Қа­жет­ті жұ­мыстар тіз­бе­сі

Жұ­мыстар ата­уы
Ма­ман­дар­дың (жұ­мыс­шы­лар­дың) және тех­ни­ка­ның ата­уы және са­ны
(да­на)
Са­ғат
са­ны
1 са­ғат­тың құ­ны,
тең­ге
Жал­пы құ­ны,
тең­ге
1
2
3
4
5

Жиы­ны: Бар­лық жұ­мыстар құ­ны­ның со­ма­сы S r , тең­ге
Кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі­нің бел­гі­лен­ген қу­а­ты 200 кВт-қа дей­ін­гі электр қон­дыр­ғы­ла­рын энер­гия бе­ру­ші ұй­ым­дар­дың электр же­лі­ле­ріне тех­но­ло­ги­я­лық қо­су­ға ар­нал­ған негіз­дел­ген шы­ғын­дар құ­ны­ның жал­пы со­ма­сы S z
__________________________________ __________ _________
(Аты, әкесінің аты (болған кезде), тегі (қолы) (күні)
__________________________________________
(ұйымның атауы және атқаратын лауазымы)

Қолданыстағы