Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации контроля и эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на расстоянии свыше 200 километров

Бұйрық · № 820 · қабылданған 23.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/200-ekb-172111/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации контроля и эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на расстоянии свыше 200 километров Қолданыста Бұйрық ·№ 820 ·23.09.2022
14.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации контроля и эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на расстоянии свыше 200 километров

Қолданыста Бұйрық ·№ 820 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации контроля и эксплуатации транспортных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на расстоянии свыше 200 километров
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
820
Қабылданған күні
23.09.2022
Көрсетілген редакция
14.08.2025 172111_779378.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029830
ЭКБ идентификаторы
172111
Редакция идентификаторы
172111_779378
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:51

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын

200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 158) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3

3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын бақылауды ұйымдастыру және оларды 200 километрден астам арақашықтыққа пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 10 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 14 қаңтарда № 22069 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 820
Бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылау және пайдалану тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бақылау парағы – 200 километрден артық қашықтықта рейс (бұдан әрі – рейс) орындайтын көлік құралдары туралы мәліметтер енгізілген құжат;

2 2) біржолғы рұқсаттама – бір рейс жасауға құқық беретін, әскери полиция органы беретін құжат;

3 3) жол жүру маршруты – бастапқы, соңғы және аралық пункттерді, сондай-ақ аялдау, тұрақ және түнде демалатын орындарын көрсете отырып, көлік құралының жүру маршруты;

4 4) рұқсат беру құжаты – біржолғы рұқсаттама беру үшін негіздеме болып табылатын, уәкілетті лауазымды адам қол қойған жеделхат, өкім, хат немесе өзге де құжат;

5 5) трекер – Қазақстан Республикасы аумағының шегінде рейс жасайтын көлік құралына орнатылатын оның ағымдағы орналасқан жерін, қозғалу маршруты мен жылдамдығын автоматтандырылған айқындауға арналған аспап.

3 3. Рейс жасайтын көлік құралдары мынадай санаттарға бөлінеді:

бірінші санат – әскери бөлімдер мен мекемелердің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету (әртүрлі мүлік түрлерін жеткізу, техниканы тасымалдау және әскерлердің жауынгерлік даярлығымен байланысты емес басқа да міндеттерді орындау);
екінші санат – қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және зымыран отынын тасымалдау;
үшінші санат – лауазымды адамдардың қызметтік іссапарларға шығуы үшін бөлінетін жеңіл автомобильдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары шығатын көлік құралдарының қозғалысы;
төртінші санат – оқу-жаттығуларды, әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу және жауынгерлік даярлық жөніндегі басқа да міндеттер шеңберіндегі көлік құралдарының қозғалысы;
бесінші санат – шұғыл жүктерді жеткізу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің және оның орынбасарларының нұсқауларын орындау;
алтыншы санат – шетелдік делегацияларды және Қорғаныс министрлігінің басшы құрамына қызмет көрсетуге бөлінетін көлік құралдары.

2 2-тарау. 200 километрден артық қашықтықта көлік құралдарын пайдалануға рұқсат алу тәртібі

4 4. 200 километрден артық қашықтықта көлік құралдарын пайдалану мыналардың шешімі бойынша жүзеге асырылады:

1 1) ҚР ҚК Бас штабы бастығы бірінші орынбасарының – екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

2

2) ҚР ҚК түрлері бас қолбасшыларының, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі), Қарулы Күштері Бас штабы департаменттері, басқармалары, бас басқармалары бастықтарының – бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші, төртінші және бесінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

3

3) әскер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының – өңірлік қолбасшылықтың жауапкершілік аумағы шегінде бірінші және төртінші санаттағы бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің (бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің орналасқан жерінде) көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде;

4 4) ҚР ҚК Қару-жарақ бастығының – алтыншы санаттағы автомобиль қозғалысына қатысты бөлігінде.

5 5. Рейс жасау үшін құжаттарды рәсімдеу:

1

1) ҚР ҚК әскери бөлімдерінің командирлері, мекемелерінің бастықтары рейс жасауға қажеттілік туындаған кезде олар бағынысты болған ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚК Бас штабының департаменттері, басқармалары, ҚР ҚК бас басқармалары бастықтарының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері және өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшелердің бастықтары) мекенжайына негіздемемен Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды;

2 2) қаралғаннан кейін, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары рұқсат құжатты өтінім беруші – әскери бөлімге (мекемеге) жолдайды;

3 3) екінші және үшінші санаттағы көлік құралдарының шығуы жоспарланған жағдайда құрылымдық бөлімшенің бастығы ҚР ҚК Бас штабы бастығының бірінші орынбасары алдында рейс жасауға рұқсат беру туралы қолдау көрсетеді;

4

3 3-тарау. 200 километрден артық арақашықтыққа рейстерде көлік құралдарын пайдалану тәртібі

6 6. Көлік құралдарын рейске шығару және олардың қозғалысы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1

1) әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы рұқсат ету құжатын алғаннан кейін, көлік құралын техникалық қарап-тексеруден өткізеді, нәтижелерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісін ресімдейді, одан кейін рұқсат ету құжаттарының көшірмелерін және көлік құралын тексеру актісін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде гарнизонның әскери полиция органында (бұдан әрі – ӘПО) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейс жасауға біржолғы рұқсаттама алады;

2 2) әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) өтінімін, рұқсат ету құжаттарын және көлік құралын тексеру актісін қарағаннан кейін, ӘПО-ның уәкілетті адамы ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасында біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алады және рейс жасауға біржолғы рұқсаттаманы жазып береді;

3 ­3) 6-тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-қимылдар шығуға жоспарланған күнге дейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

4

4) екінші және бесінші санаттағы көлік құралдары рейске кеткен кезде, ӘПО-да пайдаланылмайтын трекер бар болғанда, көлік құралының қозғалысын қосымша бақылауды жүзеге асыру үшін автомобильдің рейске шығуы қарсаңында, ӘПО-ның уәкілетті адамы көлік құралына трекерді монтаждайды, монтаждау нәтижелері Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісімен ресімделеді. Машинаға трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісіне әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы, жүргізушісі, сондай-ақ ӘПО-ның өкілі қол қояды;

5

5) әскери бөлім (мекеме) ӘПО-дан 50 километрден артық арақашықтықта орналасқан кезде әскери бөлімнің (мекеменің) көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамы көлік құралына бақылау техникалық қарап-тексеруді жүргізеді, қарап-тексеру нәтижелерін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын тексеру актісімен ресімдейді, біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алу үшін ӘПО-ға рұқсат ету құжаттарының көшірмелерін және көлік құралын тексеру актісін қоса бере отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жолдайды, ӘПО-дан біржолғы рұқсаттаманың нөмірін алғаннан кейін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рейс жасауға біржолғы рұқсаттама жазып береді;

6

6) қозғалыс маршрутын өзгертуге, жүргізушілерді және машина жетекшілерін ауыстыруға, сондай-ақ рейсті орындау мерзімдерін ұзартуға рұқсатты рейс жасауға рұқсат еткен лауазымды адам береді. Қабылданған шешіммен құжат көлік құралы орналасқан жер бойынша ӘПО-ға жолданады, одан кейін ӘПО-ның лауазымды адамдары біржолғы рұқсаттамаға тиісті өзгерістер енгізеді;

7 7. Көлік құралдарын пайдалануға жол беріледі:

1 1) бірінші және екінші санаттағыны:

сенбі, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнделікті сағат 7.00-ден 18.00-ге дейін, 15 сәуір мен 15 қазан кезеңінде сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін;
сенбі күндері сағат 7.00-ден 15.00-ге дейін;
демалыс және мереке күндері – пайдалануға жол берілмейді;

2

2) үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы санаттағыны рейс жасау туралы шешім қабылдаған құрылымдық бөлімшелердің бастықтары айқындайды. Рейс жасауға құрылымдық бөлімшенің бастығы жол жүруге рұқсат етілген уақытты айқындамауға шешім қабылдаған жағдайда көлік құралы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес пайдаланылады.

8

8. Жүргізушінің көлік құралын күнделікті басқару ұзақтығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) бекітілген Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында белгіленген уақыттан артпауға тиіс.

9

9. Оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, зымыран отынын және қауіпті жүктерді тасымалдау «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

10

10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес гарнизон шегінен тыс рейске кететін жүргізушілермен, машина жетекшілерімен және лек бастықтарымен командир (бастық) «Жол қозғалысы ережелері, көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелері, жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарын арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтау және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояу тәртібі» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЖҚ), көлік құралын пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беруді өткізеді.

11

11. Көлік құралдарының қозғалысы жүру маршрутында барлық ӘПО-да міндетті түрде тіркеумен рейс жасауға берілген біржолғы рұқсаттамада көрсетілген маршрут бойынша жүзеге асырылады. ӘПО-ның лауазымды адамы көлік құралын тіркеген кезде біржолғы рұқсаттамада гарнизонға келген, сондай-ақ гарнизоннан кеткен күні мен уақыты туралы белгілер қояды. Белгілер ӘПО уәкілетті адамының қолтаңбасымен және ӘПО-ның мөрімен расталады.
Жол жүру маршрутында ӘПО болмаған жағдайда көлік құралын тіркеу көлік құралы келген әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады, белгілер оның қолтаңбасымен және әскери бөлімнің (мекеменің) мөрімен расталады. Келген және кеткен уақыты туралы ақпаратты кезекші гарнизонның ӘПО-ға хабарлайды.

12

12. Транзиттік көлік құралдарын тұраққа қою және жүргізушілердің түнгі демалысы гарнизон бастықтарының бұйрықтарымен айқындалған әскери бөлімдерде (мекемелерде) жүзеге асырылады. Жекелеген жағдайларда жоспарланған қонатын жерге келу мүмкін болмаған кезде әскери бөлім командирімен (мекеме бастығымен) келісу бойынша жол жүру бағыты бойынша елді мекендерде жүзеге асырылады.

13 13. Гарнизон бастықтары жыл сайын 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде, өз бұйрықтарымен транзиттік көлік құралдарының тұраққа қоюы және жүргізушілердің түнгі демалысы жүзеге асырылатын әскери бөлімдер мен мекемелерді айқындайды.

4 4-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықтағы рейстерде пайдалануын бақылау

14

14. Көлік құралдарының қозғалысын бақылау әскери бөлім командиріне (мекеме бастығына) және жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісіне баяндай отырып, әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жүзеге асырады. Көлік құралын рейске шығарар алдында әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың және ҚР ҚК Бас штабы Ұлттық қорғанысты басқару орталығының (бұдан әрі – ҰҚБО) жедел кезекшісіне Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау парағын жолдайды.

15

15. Жоғарғы штабтың жедел кезекшісі бағынысты әскери бөлімдер (мекемелер) үшін ақпаратты жинақтауды жүзеге асырады және Астана қаласының уақыты бойынша сағат 17.00-ге дейін әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге және ҰҚБО жедел кезекшісіне Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автомобиль техникасының легін 200 километрден артық пайдалану жоспарын жібереді.

16

16. Көлік құралын рейске шығару, қонатын жерге тоқтау және жол жүру барысындағы оқиғалар туралы әскери бөлім (мекеме) бойынша кезекші жоғары тұрған штабтың жедел кезекшісі арқылы әскери тасымалдауларды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің және ҰҚБО-ның жедел кезекшілеріне баяндайды.

5 5-тарау. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтыққа пайдалануды жоспарлау

17

17. Көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта пайдалану Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (бұдан әрі – ҚМБО – ҚР ҚК БШБ) бекіткен тиісті айға арналған жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

17-1

17-1. Ай сайын 20-сы күніне қарай әскери тасымалды жоспарлауды және ұйымдастыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге бірінші және төртінші санаттағы көлік құралдарының қозғалысына қатысты бөлігінде құрылымдық бөлімше үшін алдағы айға арналған 200 км артық қашықтыққа автомобиль көлігімен материалдық-техникалық құралдарды жеткізу жоспары ұсынылсын.

17-2 17-2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы ай сайын 30-ы күніне дейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ға бекітуге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін алдағы айға арналған жоспарды ұсынсын.

17-3 17-3. Әскер мен жүкті жоспардан тыс, кенеттен жеткізу Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҚР ҚК Тыл бастығымен келісілгеннен кейін ҚМБО – ҚР ҚК БШБ-ның рұқсатымен жүзеге асырылсын.

18 18. Рейсті жоспарлау кезінде рейске шығудың мақсатқа сәйкестігі, тасымалдаудың негізділігі және көлік құралының түрі ескеріледі.

1 Өтінім

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
__________________________________
құжат жөнелтілетін адамның лауазымы
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 20__ жылғы «__»_________ №___ бұйрығына сәйкес мынадай
_____________________________________________________________________ автомобиль техникасын 200
(әскери бөлім немесе мекеме атауы)
километрден артық қашықтықта пайдалануға рұқсат етуіңізді сұраймын.
Р/с №
Көлік құралының маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Тіркеме маркасы
Тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)
Машина жетекшісінің (колонна басшысының) әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)
жол жүру маршруты;
аялдайтын және қонатын орындар;
рейс жасау мақсаты;
рейс жасауға жоспарланған кезең.
Жүру уақытын ұзарту қажет болған кезде өтінім мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылады: «Жоғарыда көрсетілген Қағида 7-тармағының 2) тармақшасына» сәйкес,
______________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________байланысты,
(себебі көрсетіледі)
Сізден рейс жасау кезеңінде сағат ____.___-ден ____.___-ге дейін көлік құралын пайдалануға
(пайдалану уақыты көрсетіледі)
рұқсат етуіңізді сұраймын.
____________________________________
____________________________________
(өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, инициалы)

2 _________________әскери бөлімі (мекеме) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру АКТІСІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық
қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
______________________________________________
______________________________________________
Мөрдің орны 20__ жылғы «___» ________________
_________________әскери бөлімі (мекеме)
көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру
АКТІСІ
Көлік құралының маркасы _________________ әскери нөмірі _________________
Жүргізуші____________________________________________________________________
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
Жүргізуші куәлігі: сериясы _____№__________________, санаты ______________________________

1 1. Жалпы тіркеу деректері:

1 1) шанақтың нөмірі ___________________________________________________________________

2 2) шассидің нөмірі_____________________________________________________________________

3 3) қозғалтқыштың нөмірі_______________________________________________________________

4 4) спидометр көрсеткіші (пломбаның бар болуы және сәйкес келуі) __________________________

5 5) көлік құралын тіркеу туралы куәліктің нөмірі__________________________________________

2 2. Көлік құралының техникалық жай-күйі___________________________________________________

1 1) шанақтың және қосалқы жабдықтың жай-күйі __________________________________________

2 2) қозғалтқыштың жай-күйі____________________________________________________________

3 3) тежегіш жүйесінің жай-күйі _________________________________________________________

4 4) рульдік басқарудың жай-күйі ________________________________________________________

5 5) электр жабдықтарының және жарық сигналдарының жай-күйі____________________________

6 6) шиналардың жай-күйі_______________________________________________________________

3 3. Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің және тану белгілерінің бар болуы және сәйкес келуі___________________________________________________________________________________

4 4. Жүргізушіні хабардар ету сигналының бар болуы және ақаусыздығы (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) _________________________________________________________

5 5. Медициналық қобдишаның бар болуы және жабдықталуы___________________________

6 6. Өрт сөндіргіштің бар болуы және жай-күйі_______________________________________________

7 7. Қауіпсіздік белбеулерінің бар болуы және жай-күйі ________________________________________

8 8. Орындықтардың бар болуы және жай-күйі (жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік құралдарында) __________________________________________________________________________

9 9. Жүргізуші және шанецтік құрал-саймандарының бар болуы _________________________________

Командирдің қару-жарақ жөніндегі орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің
бастығы)_____________________________________________________________
____________________________________________________________________/________/
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Автомобиль қызметінің бастығы_______________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Бөлімше технигі_____________________________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Бақылау-техникалық пунктінің бастығы_________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Жүргізуші__________________________________________________________/_________/
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
20___жылғы «___»__________

3 Өтінім

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық
қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_____________________ гарнизоны
әскери полиция басқармасының (жасағының, бөлімінің, бөлімшесінің) бастығына
Әскери бөлімнің
(мекеменің)
бұрыштама мөртаңбасы
Өтінім
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта
бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрінің 20__ жылғы «__»_________ №___ бұйрығына сәйкес Сізден ______________________________
(әскери бөлім немесе мекеме атауы)
әскери техниканы 200 километрден артық қашықтыққа рейс жасауға біржолғы рұқсаттама беруіңізді сұраймын.
Техника, техникалық ақаусыз жай-күйде, жүргізуші құжаттары бар, жүргізушілерге нұсқау беру жүргізілді.
Қосымша:

1 1) рейс жасауға негіздеме (рұқсаттама) __________________________________;

(құжаттың атауы және тіркеу нөмірі)

2 2) көлік құралының техникалық жай-күйін тексеру актісі.

____________________________________
____________________________________
(өтінім беруге уәкілетті адамның лауазымы,
әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)

4 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің

көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтыққа бақылауды және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
___________________________ көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта
(әскери бөлімнің немесе мекеменің атауы) пайдалану үшін
№ _______________ БІРЖОЛҒЫ РҰҚСАТТАМА
20___жылғы «___» _______ 20___ жылғы «___» _______ кезеңінде жарамды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
«____________»-ден «___________» дейін бағыт бойынша жүруге рұқсат
(сағаты, минуты) (сағаты, минуты)
Көлік құралының санаты _____________________________________________________
(Қағиданың 3-тармағына сәйкес айқындалады)
Жол жүру маршруты: ________________________________________________________
(бастапқы, аяқталу және транзиттік пункттері көрсетіледі)
Шығу мақсаты: _____________________________________________________________
Тасымалданатын жүк: _______________________________________________________
Лек бастығы ________________________________________
(әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
Көлік құралдары туралы мәліметтер
№ р/с
Кө­лік құ­ра­лы­ның мар­ка­сы
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі
(тран­зит­тік нө­мі­рі)
Тір­ке­ме­нің мар­ка­сы
Тір­ке­ме­нің мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі
(тран­зит­тік нө­мі­рі)
Жүр­гі­зу­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, ТАӘ (ол бар болған кез­де)
Ма­ши­на же­тек­ші­сі­нің әс­ке­ри ата­ғы, ТАӘ(ол бар болған кез­де)
Біржолғы рұқсаттаманы берген әскери полицияның (әскери бөлімнің, мекеменің) лауазымды адамы:
_______________________________________________________
(лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
20___ жылғы «____» ____________
(біржолғы рұқсаттама берілген күні) Мөрдің орны
Әскери бөлімдерге (мекемелерге) түнгі демалысқа тоқтағаны, гарнизондарды өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі
Артқы жағы
Әскери бөлімдерге (мекемелерге) түнгі демалысқа тоқтағаны, гарнизондарды өткені туралы әскери полиция органдарының белгісі
Біржолғы рұқсаттаманы ұзарту туралы белгі
20__жыл «__»____ дейін біржолғы 20__жыл «__»____ дейін біржолғы
рұқсаттама ұзартылды рұқсаттама ұзартылды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО _______________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
лауазымы, әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
20__жыл «__»____ дейін біржолғы 20__жыл «__»____ дейін бір жолғы
рұқсаттама ұзартылды рұқсаттама ұзартылды
(жылы, күні, айы) (жылы, күні, айы)
МО ________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Маршрутты өзгерту туралы белгі
Жол жүру маршруты Жол жүру маршруты
толықтырылды ________________________ толықтырылды ________________
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің (ӘПО әскери қызметшісінің
лауазымы, әскери атағы, қолы, лауазымы, әскери атағы, қолы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Жол жүру маршруты Жол жүру маршруты
толықтырылды _____________________ толықтырылды ______________________
(елді мекеннің атауы) (елді мекеннің атауы)
МО ___________________________________ МО ______________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, (ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы,
әскери атағы, қолы, әскери атағы, қолы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
Жүргізушіні, машина жетекшісін, лек бастығын ауыстырғаны туралы белгі
__________________________________ ________________________ ауыстыру жүргізілді
(лауазымды адамның әскери атағы, (лауазымды адамның әскери атағы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
МО ____________________________________________________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
__________________________________ _________________________ ауыстыру жүргізілді
(лауазымды адамның әскери атағы, (лауазымды адамның әскери атағы,
ТАӘ (ол бар болған кезде)) ТАӘ (ол бар болған кезде))
МО _____________________________________________________________________
(ӘПО әскери қызметшісінің лауазымы, әскери атағы, қолы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

5 _____________ әскери бөлімінің (мекеменің) автомобиліне трекерді монтаждау (бөлшектеу) актісі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Бекітемін
________________________________________
________________________________________
Мөрдің орны 20__ жылғы «___» _____________
_____________ әскери бөлімінің (мекеменің)
автомобиліне трекерді монтаждау (бөлшектеу)
актісі
Осы акт ___________әскери бөлімінің (мекеменің)______________________________ көлік
(маркасы және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі)
құралына жасалды:

1 1)______________________________________________________________________

(әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға
жауапты адамның лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))

2 2)______________________________________________________________________

(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
қатысуымен 20__ жылғы __ __________ сағат ___минут____ орнатылды:
трекердің сериясы _____№_________;
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(трекердің жиынтықтаушылары көрсетіледі: антенналар, қуат кабелі, сигнал беру пульті және т.с.с.)
Трекер техникалық түзу.
Трекердің ақаусыздығын және жабдықталғанын растаймын:
_______________________________________________________________________/____________/
(әскери бөлімнің немесе мекеменің автомобиль техникасын пайдалануға жауапты қолы
адамның лауазымы, әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде))
Тапсырды__________________________________________________________/____________/
(әскери полиция әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Қабылдады:________________________________________________________/____________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Жүргізуші трекерді пайдалану қағидаларымен танысты.
_______________________________________________________________________/________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Трекерді бөлшектеу жүргізілді. Бөлшектеуді жүргізу кезінде мынадай кемшіліктер анықталды: _________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Тапсырды:_________________________________________________________/__________/
(жүргізушінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы
Қабылдады:_____________________________________________________/____________/
(ӘПЖ әскери қызметшісінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде)) қолы

6 Бақылау парағы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Бақылау парағы
___________________________________________ __________________________________________
(әскери бөлім/мекеме атауы) (әскери бөлім/мекеме бағыныстылығы)
___________________________________________ __________________________________________
(әскери бөлім командирі/мекеме бастығы) (рейс жасау мақсаты)
___________________________________________ __________________________________________
(біржолғы рұқсаттаманың нөмірі, кім берді) (пайдалануға рұқсат берілген уақыт кезеңі)
____________________________________________________________________________________________
(арнайы әскери автомобиль полиция автомобильдерімен ілесіп жүру туралы ақпарат)
Кө­лік құ­ра­лы (лек) ту­ра­лы мә­лі­мет
Мар­ка­сы
Мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі
Тір­ке­ме мар­ка­сы
Тір­ке­ме­нің мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мір­лік бел­гі­сі
Жүр­гі­зу­ші­нің әс­ке­ри ата­ғы, ТАӘ (ол бар болған кез­де), ұя­лы те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі
Ма­ши­на же­тек­ші­сі­нің (лек ба­стығ­ы­ның) әс­ке­ри ата­ғы, ТАӘ (ол бар болған кез­де), ұя­лы те­ле­фо­ны­ның нө­мі­рі
Жол жү­ру марш­ру­ты
Марш­рут ұз­ақ­тығы
(бір ба­ғыт­та­ғы)
Же­ке құ­рам­ды, қа­ру-жа­рақ пен әс­ке­ри тех­ни­ка­ны, қа­ру мен оқ-дә­рі­лер­ді жет­кі­зу ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер
Жүр­гі­зу­ші­лер­ді және ма­ши­на же­тек­ші­ле­рін қоа ал­ған­да, же­ке құ­рам­ның са­ны
Тех­ни­ка­ның са­ны
Қа­ру мен
оқ-дә­рі­лер са­ны
Ес­керт­пе
Офи­цер­лер
Сер­жант­тар (стар­ши­на­лар мен сар­ба­з­дар (мат­ро­стар) құ­ра­мын­да­ғы ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер
Мер­зім­ді қыз­мет әс­ке­ри қыз­мет­ші­ле­рі
Аза­мат­тық пер­со­нал
Бар­лы­ғы
Ав­то­мо­биль
Бронь­ды танк
Тір­ке­ме­лер
Бар­лы­ғы
Атыс қа­руы
Қа­ру, ми­на­ат­қы­штар
Оқ-дә­рі­лер
Кө­лік құ­ра­лы­ның (лек­тің) жос­пар­лан­ған жол жү­ру ту­ра­лы ақ­па­рат
Ке­ту пункт­те­рі, тран­зит­тік пункт­тер, ке­лу пункт­те­рі
Жол жү­ру ба­стал­ған кү­ні және уа­қы­ты
Жол жү­ру жыл­дамды­ғы
Ке­ле­сі пунк­ті­ге дей­ін­гі қа­шық­тық
Кел­ген кү­ні мен уа­қы­ты
Де­ма­лу орын­да­ры
Жа­нар­май құю пункт­те­рі
Ес­керт­пе
____________________________________________________________________________
(әскери бөлім бойынша кезекшінің әскери атағы, ТАӘ (ол бар болған кезде) және қолы)

7 20_жылғы «___» _________200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану (жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрі мен басқа да мүлікті жеткізу) жоспары

Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
20_жылғы «___» _________200 километрден артық автомобиль техникасының легін пайдалану
(жеке құрамды, қару-жарақты, оқ-дәрі мен басқа да мүлікті жеткізу)
жоспары
Күнделікті қызметті қамтамасыз ету
Барлығы
Барлығы бар
___ лек
___ лек
Барлығы әскери техника
___ бірлік
___ бірлік
ӘАП-ның бірге жүруімен
___ лек
___ лек
Қарауылдың бірге жүруімен
___ лек
___ лек
Оқ-дәрі мен қару-жарақты жеткізу
___ лек
___ лек
1. Қоз­ға­лы­с­та­ғы ав­то­мо­биль ле­гі – ___
АКТ – __, БТТ – __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құр­ғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, ОД – __)
жет­кі­зі­ле­тін ж/қ – __ адам, қа­ра­уыл – __ (са­ны) / __ (адам) __ АҚ (ОД), __­бірл. АҚ (ОД)
Р/с №
әс­ке­ри бө­лім
(ме­ке­ме)
шы­ға­тын кү­ні,
марш­ру­ты, қа­шық­тығы
(екі ба­ғыт­қа)
тех­ни­ка ата­уы (бар­лы­ғы АКТ, оның ішін­де мар­ка­сы бой­ын­ша), мақ­са­ты, жет­кі­зі­ле­тін мү­лік­тің ата­уы (са­ны, сал­ма­ғы)
жол жө­не­кей жүк­тің жү­ру марш­ру­ты (жүк ата­уы, тн.)
ТОП-ға ке­лу­ді жос­пар­лау кү­ні
ор­на­ла­суы/тү­неу:
(ел­ді ме­кен, ә/б, кү­ні, уа­қы­ты)
бір­жол­ғы рұқ­сат­та­ма (жүр­гі­зу) нө­мі­рі, кү­ні және қол­да­ны­лу ке­зе­ңі
ӘАП
(іле­сіп жү­ру а/м са­ны)
рей­сті жа­са­у­ға негіз
(кү­ні, же­дел­хат , өкім №және т.б.)
ерекше бел­гі­ле­рі:
жө­нел­ту­ші – алушы,
же­тек­ші­лер­дің ТАӘ(бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, тел., (бар­лы­ғы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); жет­кі­зі­ле­тін ж/қ
(бар­лы­ғы: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); КБ ә/а ТАӘ (бар бол­са) (қа­ру/од)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
«____» Өң Қ (ӘКТ - 0)
Кестенің жалғасы
1. Шы­ғу­ға жос­пар­лан­ған ав­то­мо­биль ле­гі – ___
АКТ __, БТТ __, МТҚ: (ҚӘТ – __, құр­ғақ жүк – __, ЖЖМ – __, АҚ – __, о/д – __)
жет­кі­зі­ле­тін же­ке құ­рам – __ адам., қа­ра­уыл – __ (са­ны) / __ (адам) __ АҚ (о/д), __­бірл. АҚ (о/д)
Р/с №
әс­ке­ри бө­лім
(ме­ке­ме)
Шы­ға­тын кү­ні,
марш­ру­ты, қа­шық­тығы
(екі ба­ғыт­қа)
тех­ни­ка ата­уы (бар­лы­ғы АКТ, оның ішін­де мар­ка­сы бой­ын­ша) мақ­са­ты, жет­кі­зі­ле­тін мү­лік­тің ата­уы (са­ны, сал­ма­ғы)
жол жө­не­кей жүк­тің жү­ру марш­ру­ты (жүк ата­уы, тн.)
ТОП-ға ке­лу­ді жос­пар­лау кү­ні
ор­на­ла­суы/тү­неу:
(ел­ді ме­кен, ә/б, кү­ні, уа­қы­ты)
бір­жол­ғы рұқ­сат­та­ма (жүр­гі­зу) нө­мі­рі, кү­ні және қол­да­ны­лу­ке­зе­ңі)
ӘАП
(іле­сіп жү­ру а/м са­ны)
рей­сті жа­са­у­ға негіз
(кү­ні, же­дел­хат, өкім № және т.б.)
ерекше бел­гі­ле­рі:
жө­нел­ту­ші – алушы
же­тек­ші­лер­дің ТАӘ (бар бол­са), ла­у­а­зы­мы, тел., (бар­лы­ғы ж/қ: оф/кбә/қ/мқс/ азам.пер­со­нал); жет­кі­зі­ле­тін ж/қ
(бар­лы­ғы: оф/кбә/қ/мқс/ аза­мат.пер­со­нал); КБ ә/а ТАӘ (бар бол­са) (қа­ру/од)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
«____» ӨңҚ (ӘКТ - 0)

8 Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан
Бекітемін
Құрылымдық бөлімшенің бастығы
__________________________________
(ә/а., қолтаңбасы, ТАӘ ( бар болса)
20 ___ ж. «___» _____________
р/с №
жет­кі­зу­ді мә­лім­де­у­ші, ә/б
Жүк ата­уы
Жүк мас­са­сы (са­ны), тон­на
Ав­то­кө­лік бө­ле­тін әс­ке­ри бө­лім (ме­ке­ме)
Бө­лі­не­тін кө­лік құ­ра­лы
Жет­кі­зу марш­ру­ты
Жжет­кі­зу ара­лы­ғы және рейс са­ны
Жет­кі­зу мер­зі­мі
Мо­то­ре­сурс шы­ғы­сы, мың
Ке­рі ба­ғыт­та нені­жет­кі­зу жос­па рла­ну­да
Ес­керт­пе
Жүк ав­то­мо­би­лі
Ав­то отын құю құ­ра­лы
Тір­ке­ме
Қай­дан (е.м., ә/б)
Қай­да (е.м., ә/б)
Ба­ста­луы
Аяқ­та­луы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
БАР­ЛЫ­ҒЫ: ____ ав­то­мо­биль
АКТ - ___ бір­лік (оның ішін­де: ав­то­мо­биль -____­бірл., тір­ке­ме - ____­бірл.).

9 Қазақстан Республикасы

Қарулы Күштерінің көлік
құралдарын 200 километрден
артық қашықтықта бақылауды
және пайдалануды
ұйымдастыру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Қорғаныс министрінің бірінші
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Қарулы
Күштері Бас штабының
бастығына
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 20__ жылғы «__»_________ №___ бұйрығының ___-тармағына және ___________________________________________   сәйкес
(себепті және негізді көрсету)
Сізден ҚР ҚК Тыл бастығына 2024 жылғы _________
(ай)
арналған 200 км артық қашықтыққа ҚР ҚК материалдық-техникалық құралдарын жеткізу жоспарына толықтырулар енгізу туралы нұсқау беруіңізді сұраймын.
Қосымша: жеткізу жоспары – 1 дана, __ парақта, құпия емес, тек адресатқа.
р/с №
жет­кі­зу­ді мә­лім­де­у­ші, ә/б
Жүк ата­уы
Жүк мас­са­сы (са­ны), тон­на
Ав­то­кө­лік бө­ле­тін әс­ке­ри бө­лім (ме­ке­ме)
Бө­лі­не­тін кө­лік құ­ра­лы
Жет­кі­зу марш­ру­ты
Жет­кі­зу ара­лы­ғы және рейс са­ны
Жет­кі­зу мер­зі­мі
Мо­то­ре­сурс шы­ғы­сы, мың
Ке­рі ба­ғыт­та нені жет­кі­зу жос­пар­ла­ну­да
Ес­керт­пе
Жүк ав­то­мо­би­лі
Ав­то отын құю құ­ра­лыр
Тір­ке­ме
Қай­дан (е.м., ә/б)
Қай­да (е.м., ә/б)
Ба­ста­луы
Аяқ­та­луы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
БАР­ЛЫ­ҒЫ: ____ ав­то­мо­биль
АКТ - ___ бір­лік (оның ішін­де: ав­то­мо­биль -____­бірл., тір­ке­ме - ____­бірл.)

Қолданыстағы