Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики автоматического возмещения субъектам предпринимательства с установленной мощностью электрических установок до 200 кВт путем перерасчета и (или) возврата ранее произведенной суммы за использованную электрическую энергию потребителем в случае превышения энергопередающими организациями среднего показателя количества отключений на одного потребителя за один календарный год и среднего показателя продолжительности отключений на одного потребителя за один календарный год

Бұйрық · № 9 · қабылданған 28.02.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/200/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Методики автоматического возмещения субъектам предпринимательства с установленной мощностью электрических установок до 200 кВт путем перерасчета и (или) возврата ранее произведенной суммы за использованную электрическую энергию потребителем в случае превышения энергопередающими организациями среднего показателя количества отключений на одного потребителя за один календарный год и среднего показателя продолжительности отключений на одного потребителя за один календарный год Қолданыста Бұйрық ·№ 9 ·28.02.2025
28.02.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики автоматического возмещения субъектам предпринимательства с установленной мощностью электрических установок до 200 кВт путем перерасчета и (или) возврата ранее произведенной суммы за использованную электрическую энергию потребителем в случае превышения энергопередающими организациями среднего показателя количества отключений на одного потребителя за один календарный год и среднего показателя продолжительности отключений на одного потребителя за один календарный год

Қолданыста Бұйрық ·№ 9 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики автоматического возмещения субъектам предпринимательства с установленной мощностью электрических установок до 200 кВт путем перерасчета и (или) возврата ранее произведенной суммы за использованную электрическую энергию потребителем в случае превышения энергопередающими организациями среднего показателя количества отключений на одного потребителя за один календарный год и среднего показателя продолжительности отключений на одного потребителя за один календарный год
Атауы (қаз.)
Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
28.02.2025
Көрсетілген редакция
28.02.2025 207591_746674.kaz
Соңғы өзгеріс
28.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035767
ЭКБ идентификаторы
207591
Редакция идентификаторы
207591_746674
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:52

0

Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және
(немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты
200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу
әдістемесін бекіту туралы
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесі бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

0 Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 9 Бұйрықпен
бекітілген
Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Энергия беруші ұйымдар күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату санының орташа көрсеткішінен және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажырату ұзақтығының орташа көрсеткішінен асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне автоматты түрде өтеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және пайдаланылған электр энергиясы үшін тұтынушыларға қаражатты қайтару кезінде пайдаланылады.

2 2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) аумақтық орган – өз құзыреті шегінде Субъектілердің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылған субъектілердің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық органы;

2 2) тұтынушы – электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектісі;

3

3) уәкілетті органның ведомствосы – аэронавигацияның, әуежайлардың және кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға берудің реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсынатын субъектілерді қоспағанда, субъектілердің қызметін реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

4 4) SAIDI көрсеткіші – күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда электрмен жабдықтауды ажырату ұзақтығының орташа көрсеткіші;

5 5) SAIFI көрсеткіші – күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда электрмен жабдықтауды ажырату санының орташа көрсеткіші.

3 3. Осы Әдістеме өз қызметін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

4 4. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне арналған әдістеменің осы тетігі есепке алу аспаптары болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайларда қолданылады.

2 2-тарау. Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару сомасын айқындау

5 5. SAIDI және SAIFI көрсеткіштері сақталмаған кезде энергия беруші ұйымдар әрбір тұтынушыға жеке пайдаланылған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару арқылы тұтынушыларға мына формула бойынша өтейді:

ΔР = Qжыл / ΔК * (SAIDI факт – SAIFI норма) * (SAIDI факт – SAIFI норма) * Торт , мұнда:
ΔР – қайта есептеу сомасы және (немесе) соманы қайтару;
Qжыл –тұтынудың нақты жылдық көлемі;
– бір жылда электр энергиясын пайдалану сағаты;
Торт – энергия беруші ұйымның орташа жылдық тарифі;
SAIDI норма – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 214 бұйрығымен бекітілген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндеріне, сондай-ақ оларды айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13755 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажыратулар ұзақтығының орташа көрсеткіші.
SAIFI норма – Бұйрыққа сәйкес күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажыратулар ұзақтығының орташа көрсеткіші.

6 6. Күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажыратулар санының орташа көрсеткіші (SAIFI) және күнтізбелік бір жылда бір тұтынушыға шаққанда ажыратулар ұзақтығының орташа көрсеткіші (SAIDI) Бұйрықтың 5 және 6-тармақтарына сәйкес айқындалады.

7 7. Күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіштерді (SAIFI және SAIDI) электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган Бұйрыққа сәйкес айқындайды.

8 8. Пайдаланылған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару әрбір тұтынушыға жеке келесі жылғы 1 мамырға дейін жүргізіледі.

9 9. Энергия беруші ұйымдар келесі жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық органдарына пайдаланылған электр энергиясы үшін бұрын жүргізілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару туралы ақпарат береді.

10 10. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі көрсеткіштерін есептеу кезінде тұтынушылардың ескерілмейтін ажыратулары Бұйрықтың 7-тармағына сәйкес айқындалады.

Қолданыстағы