Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2000-2001 годов

Өзге акт · № 103 · қабылданған 05.05.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-2001-ekb-6114/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2000-2001 годов Қолданыста 05.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2000-2001 годов

Қолданыста Өзге акт № 103 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О подготовке производственного и социального комплекса Костанайской области к работе в осенне-зимний период 2000-2001 годов
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы өндірістік және әлеуметтік кешенінің 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
103
Қабылданған күні
05.05.2000
Көрсетілген редакция
05.05.2000 6114_258048.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00K000083_
ЭКБ идентификаторы
6114
Редакция идентификаторы
6114_258048
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:29
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қостанай облысы өндірістік және әлеуметтік кешенінің 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлығы туралы

Өткен от жағу маусымында облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындары негізінен тұрғындар мен әлеуметтік сала объектілерін жылу, энергия, газбен тұракты жабдықтауды қамтамасыз етті. Сонымен қатар көрсетілген қызметтерге кейбір тұтынушы кәсіпорындар мен тұрғындардың бір бөлігінің төлем төлеуі қанағаттандырылмауына орай облысты энергия ресурстарымен жабдықтау жағдайы күрделі қалыпта қалуда. Арқалық, Жітіқара, Қостанай қалалары мен Денисов ауданы тұрғындарының көрсетілген қызметтерге төлем төлеулері өте төмен деңгейде қалып отыр.
Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешендерін 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы кезендегі жұмысқа уақытында және сапалы даярлау мақсатында ШЕШТIМ:

1. Қалалар, аудандар әкімдері, коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары:

1.1. 2000 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде жылу көздерін, электр, газ, жылу және су құбырлары жүйелерін, сондай-ақ тұрғын үй мен әлеуметтік сала объектілерін күзгі-қысқы жағдайдағы жұмысқа даярлау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін;

1.2. Көзделген жұмыстардың орындалуына тұрақты бақылау жасау орнатсын;

1.3. Энергия және коммуналдық қызметті тұтынушылардың пайдаланған электр, жылу энергиясы, табиғи газ, су үшін энергиямен жабдықтаушы және коммуналдық кәсіпорындарға берешектерін 1 шілдеге дейін, ал ауылшаруашылық кәсіпорындарының берешектерін 2000 жылғы 1 казанға дейін өтеуіне қол жеткізсін.

1.4. "Әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік коммуникаңияларын механикаландырылған пайдалану ұйымдарының балансына беру туралы” облыс әкімінің 1999 жылғы 3 ақпандағы № 25 шешімін орындау жөніндегі жұмыстарды аяқтасын.

1.5. Жабдықтаушылармен қатты, сүйық және газ тәрізді отынмен, электр энергиясымен жабдықтауға және қатты және сүйық отынды жинақтау кестесін орындаудың өзара шартын жасауға бақылау орнатсын;

1.6. Пәтер иелері кооперативтерінің арасында тұрғын үйлерді алдағы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау жөніндегі жөндеу-алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін;

2. Тұрғын үй және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді ол экономикалық мақсатқа сай жерлерде дербес от жағу жүйесіне көшіру жөніндегі жұмыстарды жалғастырсын және ДОЖ монтаждауды 2000 жылғы 1 қазанға дейін аяқтасын.

3. Қаржы департаменті (М.А. Щеглова) алып жатқан отын- энергетикалық ресурстарына уақытында төлем төлеу және коммуналдық қызмет көрсетулер бойынша бұрындары құралып қалған берешектерді өтеу үшін бюджеттік мекемелерді қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Өндірістік және әлеуметтік кешендерді күзгі-қысқы кезендегі (1 қосымша) жұмысқа даярлауды жедел ұйымдастыру және бақылау жасау жөнінен облыстық комиссия құрсын.

5. Қалалар мен аудандар әкімдері:

5.1. Қалалар мен аудандарда осыларға ұқсас комиссиялар құрсын;

5.2. Инфрақұрылым және құрылыс департаментіне әр айдың 1-ші және 15-ші жұлдыздарында белгіленген нысан бойынша (2 қосымша) қысқа даярлық барысы туралы ақпарат түсірсін.

6. «Қостанай облысы өндірістік және әлеуметтік кешенін 1999-2000 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа даярлау туралы» Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 23 сәуірдегі № 112 шешімінің күші жойылған деп есептелсін.

7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.

16 Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенінің 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы маусымына даярлығы жөніндегі облыстық комиссияның құрамы

Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 6 мамырдағы
№ 103 шешіміне 1 қосымша
Облыстың өндірістік және әлеуметтік кешенінің 2000-2001 жылдардағы күзгі-қысқы маусымына даярлығы жөніндегі облыстық комиссияның құрамы
В.В. Мейстер - облыс әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы
Ф.Кочин - инфрақұрылым және құрылыс департаментінің
директоры, төрағаның орынбасары
Комиссия мүшелері
Г.Г. Шек - білім департаментінің директоры
Е.М. Ғалымжанов - денсаулық сақтау баскармасының бастығы
М.А. Щеглова - қаржы департаментінің директоры
Е.В. Батов - төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың бастығы
(келісім бойынша)
А.М. Горват - Қостанай мемлекеттік автомобиль жолдары мекемесінің директоры
(келісім бойынша)
С.В. Дручинин – «КРЭК» ААҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
А.С. Тайкешов - «Қостанайгаз» МКК бас директоры
В.Н. Заболотько - облыстық телекоммуникация дирекциясының бас
директоры (келісім бойынша)
В.Г. Осоченко - «КЕGОС» ААҚ «Сарбай СЭЖ» филиалының директоры (келісім бойьшша)

17 2000-2001 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне даярлықтың барысы туралы ақпарат

Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 6 мамырдағы
№ 103 шешіміне 2 қосымша
2000-2001 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне даярлықтың барысы туралы ақпарат
АТАУЫ
Өлшем
Жоспар
Нақты
бірлігі
бойынша
орындалғаны
Көмір қорының жасалуы, Барлығы
оның ішінде бюджеттік ұйымдар
тұрғындар
Мазут қорының жасалуы
мың тонна
мың тонна
мың тонна
мың тонна
Қазандықтар, Барлығы
Оның ішінде жөндеуге жататыны
бірлік
бірлік
Жылу жүйелері, Барлығы
оның ішінде күрделі жөндеуге жататыны
км
км
Су құбыры жүйелері, Барлығы
оның ішінде күрделі жөндеуге жататыны
км
км
Канализация жүйелері, Барлығы
оның ішінде күрделі жөндеуге жататыны
км
км
Электр тарату желілері, Барлығы
оның ішінде күрделі жөндеуге жататыны
км
км
Электр подстансалары, Барлығы
оның ішінде күрделі жөндеуге жататыны
км
дана
жататыны
дана
объектілердің даярлығы:
тұрғын үйлер
мектептер
бірлік
ауруханалар
бірлік
Объектілерді дербес от жағу
бірлік
жүйесіне көшіру (ДОЖ)
бірлік
коммуналдық қызмет көрсетулерге
бірлік
берешектер, Барлығы
бірлік
оның ішінде тұрғындар
бірлік
республикалық бюджет
бірлік
облыстық бюджет
жергілікті бюджет
мың.теңге
жеңілдіктер мен жәрдемақылар
басқалар
мың.теңге
мың.теңге
мың.теңғе
мың.теңге
мың.теңге