Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных сил Республики Казахстан на новый 2000-2001 учебный год

Өзге акт · № 165 · қабылданған 16.11.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-2001-ekb-7996/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных сил Республики Казахстан на новый 2000-2001 учебный год Күшін жойған 16.11.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных сил Республики Казахстан на новый 2000-2001 учебный год

Күшін жойған Өзге акт № 165 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных сил Республики Казахстан на новый 2000-2001 учебный год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165
Қабылданған күні
16.11.2000
Көрсетілген редакция
16.11.2000 7996_289134.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000842_
ЭКБ идентификаторы
7996
Редакция идентификаторы
7996_289134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:10
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылында әскери-техникалық мамандарды даярлау туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - орындалу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты
«Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-шы бабына сәйкес және «Әскери-техникалық мамандарды даярлауды басқаруды жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Министрінің 1996 жылғы 28 ақпандағы № 40 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2000-2001 оқу жылында облыстың әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататын шақырылушылар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 180 адамнан мамандар даярлаудың қоса тіркелген жоспары бекітілсін.

2. Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, облыстық әскери комиссар (Қ. А. Сәтенов):

1) Ақтөбе қаласының әскери-техникалық мектептерінде топтарды мезгілінде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын орындауды қамтамасыз етсін. Әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлауға іріктелген шақырылушыларды міндетті медициналық куәландырудан өткізуді жүргізсін. Әскери-техникалық мектептерге ауру, сотталған және кезекті шақыруға жатпайтын адамдарды жіберу оқиғаларын болдырмасын;

2) Әскери-техникалық мектептерде өндірістен қол үзіп дайындықтан өтетін шақырылушылардың оқуы кезеңінде жұмыс орынын, лауазымды қызметін сақтасын және негізгі жұмыс орнындағы орташа айлық табысын төлесін;

3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде ғана емес, сонымен бірге меншіктің қандай нысанында екендігіне қарамастан басқа да ұйымдарда мекемелер мен шаруашылық жүргізуші субъектілерде даярлаған маман-шақырылушылар есепке алынсын және оларды Қорғаныс Министрлігінің тапсырысына сәйкес алған әскери-техникалық мамандықтары бойынша ғана әскерге жіберсін.

3. Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің бастығы (В. В. Исаенко):

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне 2000-2001 оқу жылында әскери-техникалық мамандар даярлау жоспарын толық, әрі сапалы орындауды қамтамасыз етсін;

2) Мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау бағдарламасының талаптарына сәйкестендірсін, әскери-техникалық мектепті практикалық жұмыс тәжірибесі мол оқытушылармен және өндірістік оқыту шеберлерімен толықтырсын, олармен әдістемелік жұмыс деңгейін арттырсын, сондай-ақ жетіспес техникамен, мүлікпен, оқу құралдары және әдебиеттермен қамтамасыз етсін;

3) әскери-техникалық мектептің курсанттары мен оқу техникасын оқу үрдісінен тыс жұмыстарға тарту және пайдалануға тыйым салынсын;

4) Әскери құрамалар мен бөлімдердің командирлері, Ақтөбе гарнизонының бастығы, әскери оқу орындары әскери кафедраларының бастықтары жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және мектептердің оқу-материалдық базаларын жетілдіру мәселелерінде әскери-техникалық мектептермен тығыз байланыс жасауды қолдасын.

5. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясының бастығы (Ж. Т. Тасыбаев) Ақтөбе әскери-техникалық мектебінің тапсырысы бойынша курсанттардан уақытында емтихан қабылдауды қамтамасыз етсін.

6. Облыстық қоғамдық көлік қызметі басқармасы (Т. Т. Құрманалин) Ақтөбе әскери-техникалық мамандар даярлау мектебінен өтіп жатқан курсанттардың оқуы кезеңінде қаланың жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүруі туралы мәселесін шешсін.

7. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Қ. Есіркеповке жүктелсін.

14 Облыс Әкімінің

2000 жылғы 16 қарашадағы № 165
шешімімен
Бекітілді
2000-2001 оқу жылында облыстық әскери-техникалық мектептерінде даярлануға жататындар санатынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мамандар даярлаудың
ЖОСПАРЫ
р/с
Даярлайтын қалалық және аудандық әскери комиссариаттар
Мамандықтардың аты
Кезеңдер бойынша оқу мерзімі
Элек­тро-ме­ха­ник жүр­гі­зу­ші­лер
«В», «С» ка­те­го­ри­я­лы жүр­гі­зу­ші­лер
1 ке­зең 1.10.2000 жыл­дан 15.01.2001 дей­ін
2 ке­зең 1.02.2001 жыл­дан 15.05.2001 дей­ін
1.
Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
30
30
30
30
2.
Әй­те­ке­би аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
10
8
7
3.
Ал­ға аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
5
5
5
4.
Бай­ға­нин аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
3
2
5.
Қар­ға­лы аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
10
5
5
6.
Қоб­да аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
5
5
5
7.
Мәр­төк аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
10
5
5
8.
Мұ­ғал­жар аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
15
10
10
9.
Ой­ыл аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
3
2
10.
Те­мір аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
10
5
5
11.
Хром­тау аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
5
5
5
12.
Шал­қар аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
5
5
5
13.
Ыр­ғыз аудан­дық әс­ке­ри ко­мис­са­ри­а­ты
5
2
3
ИТО­ГО:
60
120
91
89