О мерах по предотвращению возможных заморных явлений в водоемах области в зимний период 2000-2001 года
Қолданыста
Өзге акт
№ 24
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по предотвращению возможных заморных явлений в водоемах области в зимний период 2000-2001 года
- Атауы (қаз.)
- 2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде облыс су тоғандарындағы балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 13.01.2001
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2001 AI8076_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2001
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V01T000329_
- ЭКБ идентификаторы
- 8076
- Редакция идентификаторы
- AI8076_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:03
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде
облыс су тоғандарындағы балықтың
жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау
шаралар туралы
Облыс су тоғандарында балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау
шаралар туралы
Облыс су тоғандарында балықтың жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс су тоғандарында балықтың қыс мезгілінде жаппай қырылу мүмкіндігін болдырмау жөніндегі шаралар бекітілсін (тіркеледі).
2. Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекемесі (Қ.Сүлейменов), облыстық айналадағы ортаны қоғау басқармасы (М.Әбдрахманов), Қазақ балық шаруашылығын зерттеу институтының Атырау бөлімшесі (Ю.ким), ветеринария-бактериологиялық лабораториясы (Қ.Уанов), «Атыраусушар» аймақтық мемлекеттік кәсіпорны (Б.Қуанов) қыстайтын балықтың жағдайын, облыс су тоғандарының гидрохимиялық тәртібін бақылауды күшейтсін.
3. Қала мен аудан әкімдері облыс су тоғандарында балықтың қырылу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шараларын орындауда шаралар қабылдасын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсін.
Облыс әкімінің 2001 жылғы
13 қаңтар № 24 шешіміне
қосымша
2000-2001 жылдарғы қысқы кезеңінде Атырау облысы
су тоғандарында балықтың қырылу мүмкіндігін
болдырмау жөніндегі шаралар
№ | Шаралар атауы | Орындалу мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | Облыстың балық қырылу қаупі бар су тоғандарын зерттеп есепке алу. Қыстайтын балықтың жағдайын үнемі бақылау. | 2000 ж. 31 желтоқсанға дейін | Индер, Махамбет, Құрманғазы, Исатай, Жылыой, Жайық-Каспий, Дамбы, Атырау биоресурстарды қорғау инспекциялары |
2 | Індет қатерлі су тоғандарында балықтың қырылуына қарсы шараларды өткізуге барлық меншік түрдегі кәсіпорындармен келісім жасау. | Балықтың қырылу қаупі бар мезгілінде, қаңтар, ақпан, наурыз айлры | Биоресурстарды қорғау жөніндегі Солтүстік Каспий аймақтық мекеме |
3 | Жайық, Қиғаш өзендерінде балықтың эпизоотикалық және физиологиялық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету. | 2000-2001 ж. Мұз қату кезінде тұрақты | Ветбаклаборатория РМК, Каз БШҒЗИ АБ, аудандық биоресурстар қорғау инспекциялары |
4 | Жайық, Қиғаш өзендерінің толық химиялық талдау мен ерітілген оттегі мөлшеріне сынама сұрыптауды жүргізу | Мұз қату мерзімінде оттегі мөлшері төмендегенде 10 күнде 1 рет, 5 мг/л-ден төмен қойылтынғанда күн сайын | КазБШҒЗИ Атырау бөлімшесі, облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы |
5 | Ерітілген оттегі мөлшері төмендеген жағдайда өндірістік кооперативтер бригадаларының, фирмалардың, ЖШС, шаруашылық қожалықтардың, уақ жеке-меншік кәсіпкерлердің, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының күшімен Солтүстік Каспий аймақтық биоресурстарды қорғау мекемесімен келісілген жерде Жайық, Қиғаш өзендерінде мөлшері 25м-100м үкі оюды ұйымдастыру. | Оттегі мөлшері 5мг/л-ден төмендеген жағдайда | Атыраубалық АҚ, Амангелді, Құрманғазы, Жамбыл, Еркінқала, Ракуша ӨК, Тіршілік, Тілкші, Қиғаш, Ш.Сүлейменов,Бірлестік, Каспбалық ӨК. |
6 | Нарын, Қараөзек, суландыру каналдарында балық қырылуын болдырмау мақсатында Жайық өзенінен бас станциялармен су айдауды жүргізу. | Мұз қатқанға дейін | Атыраусушар мемлекеттік кәсіпорын |