О мерах по реализации Программы по борьбе с бедностью и безработицей в Западно-Казахстанской области на 2000-2002 годы Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырудың 2000-2002 жылдарға арналған шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
Облыстық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармасы бастығы Б.Т. Мырзахметовтың "Батыс Қазақстан облысында жұмыссыздықпен кедейлікке қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асырудың 2000-2002 жылдарға арналған шаралары туралы" баяндамасын және облыстық экономика басқармасы бастығы Қ.Х. Едгиннің "2000 жылдың 5 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы" қосымша баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық мәслихат сессиясы облыс экономикасын дамыту, еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру бағытында нақты қозғалыстар байқалатынын атап өтеді. Облыс басқармалары мен Департаменттері тұрғындарға адрестік көмек көрсету бойынша мақсаттар мен міндеттерін анықтады. Кедейлік пен жұмыссыздықпен күрес бағдарламасына сәйкес облыс халқының жалпы санына кедейлердің салыстырмалы салмағы - 16,1 пайызды құрайды. Соның ішінде 2072 зейнеткер, 3188 мүгедек, жұмыссыздар - 23743, 61141 адам көп балалы отбасылар қатарынан шығып отыр, 8951 адам - түрлі басқа санаттағы.
Облыста 2000 жылдың 1 маусымына облыс халқының жалпы санынан 18 пайызды зейнетақы және жәрдемақы алушылар. Зейнетақының орташа мөлшері 3916 теңге, мемлекеттік жәрдемақы - 3338 теңгені құрайды. Күнелтіс минимумы орташа есеппен алғанда бір адамға 3638 теңгені құрайды.
2000 жылдың 1 тоқсанында (отбасының әрбір мүшесіне есепті көрсеткіштің екі еселік мөлшерінен аспайтын) кедейлік деңгейі 1450 теңге, екінші тоқсанда - 1382 теңгені (2000 жылдың тоқсанына орташа күнелтіс минимумынан 38 пайыз 3683) құрайды.
Зейнетақы мен жәрдемақылар мемлекет бекіткен мерзім бойынша төленеді. Әлеуметтік төлемақы бойынша жергілікті бюджеттен өткен жылдардың қарызы, шаруашылық субъектілерімен еңбекақы қарыздары да өтелуде.
Кедей жанұяларды тексеру комиссиясы құрылды, олардың қандай да көмекке мұқтаждығын нақты анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтік жағдайы туралы паспорт дайындалды.
Өткен жылмен салыстырғанда жұмысқа орналастырылған адамдар саны артты.
Облыс экономикасына инвестициялар өсті бұл 5 айдың ішінде 4494 жаңа жұмыс орнын құруға көп ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, облыста кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес барысында атқарылып отырған шаралар халықтың қажеті мен мұқтаждарына толық сәйкес келмейді.
Өндірістің құлдырауы, ұзақ уақыт тоқтап тұруы кадрлардың жаппай бос қалуына, жасырын жұмыссыздыққа әкеп соқтырды.
Бес ай ішінде жұмыспен қамту орталығына 581 адам тіркелді. 1991 жылдан бері облыс бойынша экономика салаларынан 35 мыңнан астам адам қысқарды. Екі жыл ішінде облыста 228 кәсіпорын дәрменсіздікке душар болды, соның ішінде тек 1999 жылы 163 кәсіпорын, негізінен ауыл шаруашылығы 2000 жылдың 1 маусымына 24 кәсіпорын толық емес жұмыс күнімен еңбек етті, амалсыздан 2,5 мың адам демалыстарда жүрді. Қазіргі уақытта еңбекақы төлеу мерзімі, мөлшері бойынша "Қазақстан Республикасында еңбек туралы" Заңды бұзу фактілері көбеюде.
Ауыр материалдық жағдайда мүгедектер, көп балалы жанұялар қалып отыр. Ауылдық жерлерде халық күн көріс үшін бөлінген жерді де пайдалана алмайды. Кедей жанұялар екінші деңгейдегі банктердің тағайындаған тәртіптері бойынша кіші кәсіпкерлікті қолдауға бөлінетін микрокредиттерге қолдары жетпейді. Сонымен қатар қайтарылмаған қаржының сомасы өсуде, бұл әрине микрокредиттердің бөлінуін тоқтатып отыр.
Бюджеттерді толықтыру үшін аймақтың мүмкіншіліктері толық пайдаланбай келеді. Осыдан аудандарға көрсетілетін адрестік көмектің мөлшері өсіп отыр. Ауылдық әкімдер ауданның ең алыс аймағында тұратын әр жанұяға барып жағдайын білген жоқ.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық әкімшілікпен оның атқарушы органдары кедей жанұялардың қажеттерімен қамтамасыз етуге бағытталған "Кедейлікпен жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын" жүзеге асыруда көптеген шаралар қолданып отырғаны атап өтілсін.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, түрлі кәсіпорын басшаларына Батыс Қазақстан облысында 2000 - 2002 жылдарға арналған кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын шүбәсіз орындау ұсынылсын. Осы мақсатта бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша жұмысты нығайтып, адрестік көмекке бөлінетін қаржының сомасының азайып кетуіне жол берілмеу керек.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасына (Хамитов А.Ш.) өткен жылдар бойынша адрестік көмекке бөлінетін қаржы бойынша қарызды өтеуге арналған шаралар дайындау тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Түрлі жеке кәсіпорын иелеріне, шаруашылық субъектілеріне еңбекақы төлеу мерзімі, оның мөлшері бойынша еңбек заңдылығын бұзуға жол берілмесін, қызмет атқарып жүрген азаматтарға зейнетақы қорына уақытылы және толық қаржы аудару қамтамасыз етілсін, спонсорлық көмек арқылы кедей жанұяларға адрестік көмек көрсетуге қосымша шаралар ұйымдастырылсын, бұрын осы кәсіпорында қызмет жасаған азаматтар - зейнеткерлерге және көпбалалы жанұяларға қолдау жасау үшін қайырымдылық қорларына қаржы бөлу ұйымдастырылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық әкімшілікке облыстың құлдыраған деп мойындалған аудандарындағы халықтың кедей бөлігіне жергілікті бюджеттен бөлінетін микрокредиттің бөлінуін, медициналық қызмет көрсетуді нығайту, кіші кәсіпкерлікті қолдауға нақты көмек көрсету және үнемі көңіл аударып отыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімшілігіне жылу жүйесін қосу мерзіміне дейін барлық коммуналдық қызмет төлемдер жағдайын түбегейлі жақсартуға, облыстағы барлық кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетуге әсерін тигізетін, басқа да көптеген жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік туғызу, тағы басқа әлеуметтік жағдайды жақсарту мақсатында облыста өндірілетін газдың құнын төмендету және оны ұлттық валютамен (теңге) белгілеу мәселелерін шешу тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Облыстық әкімшілікке жылсайын Қарашығанақ кен орындарының инвесторларынан алынған 10 млн. доллар есебінен қаржыланатын әлеуметтік объектілер тізімін облыстық мәслихатпен бір келісімге келіп, оны бекіту тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық ІІБ (Рақымжанов Т.Ш.) мал ұрлауға қарсы күрес комплекстік бағдарламасын дайындау, осы бағытта жұмыс тәртібін қаталдау, қажетті аймақтарға жоғары білікті мамандарды жолдау және қажетті материалды - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету тапсырылсын.
Аудандық мәслихаттарға осы мәселені сессия отырыстарында қарап, өз ұсыныстарын облыстық мәслихатқа талқылауға жолдау ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Кіші кәсіпкерлікті Қолдау және Дамыту Департаментіне (Нұғманов А.Қ.) халықтың өзін - өзі жұмыспен қамтуына негіз болатын кіші және орта бизнесті дамытуды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын нығайту, жанұялық бизнеспен айналысу қабілетіне қарай микрокредиттерді беруді қамтамасыз ету тапсырылсын.
Тармақ 9
9. Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына (Мырзахметов Б.Т.) облыстық кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын ұйымдастырушысы болғандықтан адрестік көмекке жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржының тиімді пайдалануын қадағалауда аппараттың жауапкершілігін арттыру, халықты еңбекпен қамту үшін мемлекеттік саясатты орындауда, соның ішінде квота бойынша, коғамдық ақы төленетін жұмыс табып беруде шаралар қолдану, халықтың жұмыссыз отырған бөлігін қайта оқыту және кәсіптік қайта дайындау жүйесіне қол жеткізу, еңбек туралы заңның сақталуын қадағалау тапсырылсын.
Орал қаласы және аудан әкімдеріне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану үшін бақылауды нығайту, елді мекендерді көркейту, жолдарды жөндеу және салу, орман алқабы және басқа да аудандарға маңызды салаларға қаржы бағыттау жобасын дайындау ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Облыстық экономика басқармасына (Едгин Қ.Х.) облыста инвестициялық саясаттың орындалуын қадағалау, оның жұмыс орнын көбейтуге бағытталғаның ескере отырып, облыс экономикасында деңгейінің төмендемеуіне жол бермес үшін уақытылы шаралар қолданылыу тапсырылсын.
Тармақ 11
11. Облыстық білім беру басқармасына (Е.С. Қатаев) бәсекеге төтеп беретін жұмыс күштерін тәрбиелеу мақсатында экономикада құрылымдардың түбегейлі өзгеруіне байланысты мамандар даярлау барысында, өзін-өзі жұмыспен қамту білетін мамандар санын көбейту, жастарды кәсіпкерлікке ерте баулу бойынша облыстағы оқу орындарында жұмыстар ұйымдастыру, жалпыға бірдей міндетті оқуға төленетін қаржының тиімді пайдалауын қадағалау, оларды кедей жанұялардағы балалардың қажетіне бағыттау шараларын қолдану тапсырылсын.
Тармақ 12
12. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстарға, қайырымдылық қорларына, Қызыл жарты ай және Қызыл крест облыстық комитетіне кедей жанұяларға адрестік материалдық көмек көрсету үшін қаржы жинау бойынша қызметін белсендіру, облыс аудандарында және қалада қайырымдылық түскі тамағын ұйымдастыру тәжірбиесін жалғастыру ұсынылсын.
Тармақ 13
13. Облыстық телерадиокомпаниясы (Утемисов Ш.А.), облыстық "Орал өңірі" (М. Қайырғалиев) және "Приуралье" (С.П. Кульпин) газеттеріне облыста кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес бойынша өткізіліп жатырған жұмыстарды толық халыққа жеткізу тапсырылсын.
Осы шешімнің орындалуын қадағалау облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөнінде тұрақты комиссиясына жүктелсін.