О Региональной комплексной программе профилактики и снижения травматизма в Западно-Казахстанской области на 2000-2002 годы и плане мероприятий по ее реализации Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған жарақаттанудан сақтандыру және оны төмендету Аумақтық комплекстік бағдарламасы және оны іске асыру шараларының жоспары туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-ші бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Заңының 40 және 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға арналған жарақаттанудан сақтандыру және оны төмендету Аумақтық комплекстік бағдарламасы және оны іске асыру шараларының жоспары бекітілсін.
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖӘНЕ КЕМIТУДIҢ 2000-2002 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМАСЫ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖӘНЕ КЕМIТУДIҢ 2000-2002 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМАСЫ КIРIСПЕ Жарақаттану мен улану үлкен материалдық шығындар келтiредi және мыңдаған адамның өмiрiн қиюда. Облысымызда жыл сайын 24 мыңға дейiн жарақат алу жағдайы тiркелуде. Жағдайдың тереңдегенi сонша 20-дан 40-қа дейiнгi жастағы жұмысқа қабiлеттi жас адамдар, әсiресе ер адамдар жарақаттан қайтыс болуда. Жарақаттан өлу қатерлi iсiктен асып түсiп, 2-шi орынға шықты, бұл тек қан айналысы ауруынан ғана кейiн қалуда. Жарақат алудың айтарлықтай өсу үрдiсiне бiрiншi кезекте көлiк құралдарының күрт өсуi, құрылыс техникаларының және құрылыс объектiсi конструкцияларының дамуы мен күрделiлiгi, жол-көлiк оқиғалары, табиғат апаттары себепшi болып отырғандығын атап өту керек. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ Бағдарламаның жалпы мақсаты облыста жарақаттанудың алдын алу және кемiту, жарақат зардаптарын емдеудiң және диагностикасының қазiргi заманғы тәсiлдерiн жасау және практикаға енгiзу жолымен медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту, сөйтiп жарақаттануды кемiту болып саналады. БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН БАСЫМДЫҚТАРЫ Бағдарламаның мақсатқа жетудегi негiзгi бағыттары мен басымдықтары: - iшiмдiк пайдалану сияқты келеңсiз жәйттарға ерекше көңiл бөле отырып, тәуекелдiк факторына қатысты көрiнiстермен күресуге бағытталған қоғамдық саясатты әзiрлеу және жүзеге асыру; - жарақат алу факторы туралы бiлiмнiң болуы және бұған өкiлдi органдардың бақылауын жүзеге асыру; - халықтың жарақат алуының алдын алу және оған үйлесiмдi тұрғыдан келу; - жеке және ұжымдық деңгейде халықтың денсаулығын сақтау және нығайту жөнiндегi бiлiм беру жүйесiне кешендi тұрғыдан келу; - ең бастысы халыққа алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмектер көрсету аясында бiрiккен емдеу-профилактикалық және сауықтыру шараларын жүзеге асыру; - тiршiлiк әрекетiнiң қауiпсiз нормаларына қатысты насихат жұмыстарын жүргiзу; - денсаулық сақтау жүйесiнде дәрiгер кадрларын оқыту және де даярлау; - әкiмшiлiк ғимараттарын және де тұрғын үй кварталдарын жобалаған және салған кезде мүгедек адамдар үшiн қолайлылықты жобалау нормаларын қатаң сақтау. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАРАҚАТТАНУДЫ ТАЛДАУ Батыс Қазақстан облысында соңғы 10-15 жылда жарақаттану құрылымын талдау көрсеткенiндей ауыр жарақат алу мен санының үлес салмағы (бұдан әрi текст бойынша - политравма) ұлғайғандығын байқатады. Әсiресе балалардың жол-көлiктен жарақат алуы абыржу туғызып отыр. Жағдайдың шиеленiсуiне халыққа бiлiм беру органдарында жол қозғалысы ережелерiн оқыту жеткiлiксiз жүргiзiлумен байланысты болып отыр, ата-аналар балаларына көшелерде жүру дағдысын үйретпейдi. Халыққа бiлiм беру органдарында қаржының жеткiлiксiздiгiнен жол қозғалысы сабақтарын тиiстi дайындығы жоқ адамдар жүргiзедi, бұған бiлiктi қызметкерлер тартылмайды. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде және басқа да бiлiм беру органдарында электр приборларын, әртүрлi химиялық реактивтер пайдаланумен байланысты сабақтар кезiнде, сондай-ақ мерекелер, конкурстар, бұқаралық шаралар өткiзген кезде техника қауiпсiздiгi ережелерi, өрт қауiпсiздiгi ережелерi сақталмайды. Бұл жайлар балалардың әртүрлi дәрежеде жарақат алуына, тiптi қаза болуына дейiнгi жағдайларға ұшыратады. Бас сүйек пен мидан жарақаттану (тұрмыстық, автокөлiк, өндiрiстiк), перифериялық нерв және жүйке талшықтарының жарақаты, омыртқа жотасы мен жұлын жарақаты (қатты және жәй ауруын қосқанда), гидроцефалия, бас сүйек пен мидан жарақаттанудың зардаптары мен асқыну сияқты түрлер санының ұдайы өсуi мақсатты кешендi бағдарламада көрсетiлгендей жарақаттанудың алдын алудың және кемiтудiң басым және әлеуметтiк маңызды бағыт екендiгiн айқындайды. Бас сүйек, бас және жұлын, перифериялық нерв жарақаттарын, тiреу - қозғалыс органдарының түрлi зақымдануын емдеу мәселесi қазiр маңызды және өзектi дәрiгерлiк-әлеуметтiк мәселе болып отыр. Қазiргi травматологияда термиялық зақымдану көңiл аударарлық құбылыс болып саналады. Облыста жыл сайын орта есеппен күю жарақатынан 985 жағдай тiркелуде. Қазiргi заманғы диагностика мен емдеу жабдықтарының ұдайы жаңартылып отырылуынан нейрохирургиялық аурумен ауыратындарды емдеудiң және мүгедектiгiн кемiтудiң жаңа мүмкiндiктерi ашылуда, мұның өзi облыста кадрлар әлеуетiн және қазiргi заманғы дәрiгерлiк жабдықтарды бiр жерге шоғырландырудың мақсатқа сәйкестiгiн негiздейдi, әрi мұның экономикалық, қаржылық және саяси орындылығы да дәлелдендi. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕ КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР Бағдарламаны iске асыру кезiнде төмендегiдей нәтижелер күтiледi: - бақытсыздық жағдайлар салдарынан мүгедектiк пен өлiмдi, жарақаттану санын айтарлықтай және ұдайы қысқарту; - зақымданғандарды тасымалдауда дәрiгерлiк көмектер көрсетуге қатысты әртүрлi қызметтер әрекетiн үйлестiру есебiнен жарақат алғандардың өлуi мен мүгедектiк дәрежесi санын азайту; - әртүрлi жарақаттар кезiнде диагностика мен емдеудiң қазiргi заманғы ғылыми-негiзделген озық әдiстерiн енгiзу, ол емдеудiң нәтижесiн жақсартады; - тәуекелдiк факторларының санын, соның iшiнде iшiмдiктi пайдалану нәтижесiнде жарақат, зақым алудың санын елеулi түрде кемiту; - травматология, ортопедия және нейрохирургия ғылыми-зерттеу институты базасында травматолог-ортопед, нейрохирург, анестезиолог-реаниматолог дәрiгерлерiн, сондай-ақ жедел-жәрдем станциясының және төтенше жағдайлар кезiндегi апат-медицина орталығының дәрiгер қызметкерлерiн даярлау және қайта даярлау; - табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде жарақат пен құрбан болушылар санын кемiту. 2000-2002 жылдарда облыста жарақаттанудың алдын алудың және кемiтудiң әзiрленген мақсатты кешендi бағдарламасын iске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында жарақаттанудың алдын-алу және кемiтудiң 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарламасын iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары әзiрлендi (қосымша). ҚОРЫТЫНДЫ Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар Жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысының 4.4.4.2. тармақтарына және облыс әкiмiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралар Жоспары туралы" 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 7 сәуiрдегi N 73 шешiмiне сәйкес әзiрлендi. Бұл бағдарламада азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтарын одан әрi жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсаты көзделген және қаралып отырған мәселеге қатысы бар жергiлiктi атқарушы органдардың ықпалдасуын күшейтуге көзделген. Бағдарламада кең көлемде кешендi шаралар қаралған: - жарақаттан алғашқы сақтандыру (адамдар тұратын ортада жарақат беретiн қауiптi объектiлердi азайту жөнiндегi шаралардан бастап, қалың бұқара топтарының санитарлық сауаттылығын, жүрiс-тұрысындағы қауiпсiздiк бiлiмiн көтеруге дейiн); - жарақатты емдеудi ұйымдастыру және сапасын жақсарту; - сауықтыру мерзiмiн қысқарту және мүгедектiктi кемiту. Әрбiр кезеңде бағдарламаны iске асыруда оны орындау үшiн ұдайы талдау жасауды, озық технологияны енгiзудi талап етедi. Басымдық беретiн мiндеттердің бiрi ретiнде бағдарламаны орындау құрылымында елiмiздiң жас және еңбекке қабiлеттi тұрғындары басым болып отырған жарақат алушылықты кемiтуге, дәрiгерлiк көмектi ұйымдастыру мен сапасын жақсартуға, мүгедектiктi кемiтуге мүмкiндiк берумен қатар, ең соңында, тұрғындар өмiрiнiң iскерлiк кезеңiнiң ұзақтығын арттыруға, ұлттық генофонды сақтау үшiн алғы шарттар жасауға жәрдемдесетiн болады.
Басқа 3. Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға аймақтық кешені бағдарламасының алдын алу және жарақатты азайту шараларын жүзеге асырудың ЖОСПАРЫ
Батыс Қазақстан облысында 2000-2002 жылдарға аймақтық кешені бағдарламасының алдын алу және жарақатты азайту шараларын жүзеге асырудың ЖОСПАРЫ Шаралар Аяктау пішіні Облыстық және жергілікті жауапты орындаушы органдар Қаржыландыру көздері Орындау мерзімі Күтетін нәтиже 1 2 3 4 5 6 1. Жарақаттың алдың алу және азайту 1. Жоғары оқу орындары, колледжілерде; мектептерде, жүргізушілер курстарында бірінші жәрдем беру жарақат және уланудан сақтану шараларын ұйымдастыру Бұйрық Облыстық білім беру басқармасы және денсаулық сақтау, жол полициясы, облыстық ішкі істер басқармасы Жергілікті қаражат, қаражаттан тыс көздер 2000 ж. IV тоқсаны Білім деңгейін көтеру 2.Балаларды жол жүру, мектепке дейінгі ұйымдар, мүгедек балаларға арналған арнаулы мекемелерде жол жүру ережелеріне оқытып үйрету Бұйрық Облыстық білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер, еңбек, әлеуметтік қорғау, жол полициясы басқармалары Қаражаттан тыс және жергілікті қаражат көздері 2000 ж. IV тоқсаны Білім деңгейін көтеру 3.Мектептерге дейінгі мекемелерде және мектептерді көрнекі құралдармен қамтамасыз ету, жол жүру ережелерін оқытуды жүргізу Альбом, қапсырма кітапша, плакаттар кітапшалар Облыстық білім беру, экономика, ішкі істер бөлімі, жол полициясы басқармалары, Орал қаласы, аудан әкімдері Жергілікті қаражат, қаражаттан тыс сондай-ақ инвестиция, гранттар 2000-2002 ж.ж. Білім деңгейін көтеруді насихаттау, балалар жарақатын азайту 4.Салауатты өмір салтын. Физкультура және спортты. Санитарлық ағарту. Балалар жарақатын азайтудың алдын алу жұмыстарын насихаттау Салауатты өмір салты орталығының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау, білім беру, туризм және спорт мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары Жергілікті қаражат тұрақты Білім деңгейін көтеруді насихаттау 5.Білім беру мекемелері, мектеп директорларын, техникалық училищелері, арнаулы орта оқу орындары жетекшілерін, еңбекті қорғау өрт қауіпсіздігі жөнінде аттестациядан өткізіп отыру Облыстық білім беру басқармасының бұйрығы Облыстық білім беру басқармасы, қалалық, аудандық оқу бөлімдері Жергілікті қаражат Жарты жылда бір рет Жарақатты азайту 6.Ұйымдастыру және өткізу: - оқушылардың денсаулық күні - жас жаяу жүрушілер күні - жас өртсөндірушілер күні Мейрамдар, байқаулар, көрмелер, бұйрық Облыстық білім беру, денсаулық сақтау, ТЖ басқармалары, жол полициясы, мемлекеттік өрт қызметі Казіргі пайдаланудағы заңға сәйкесті 2001-2002 ж.ж. Білім деңгейін көтеру 7.Облыстық, қалалық, аудандық байқаулар, кабинеттер байқауларын, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау оқу орындарында өр кездерде өткізіп отыру Облыстық білім беру басқармасы байқауларын өткізу Облыстық білім беру басқармасы оқу орындары, Орал қалалық, аудан әкімдері Жергілікті қаражат, қаражаттан тыс сондай-ақ гранттар, инвестиция Жыл сайын Жарақатты азайту 2. Ұйымдастыру-әдістемелік шаралар жарақаттың алдын алу және азайту жолдары туралы 8.Оқу-жаттығу және спорттық жарыстарды жүргізуде қауіпсіздікті болдырмауды, бақылауды қамтамасыз етіп отыру Қызмет барысындағы бұйрық Облыстық туризм және спорт, денсаулық сақтау, ішкі істер бөлімі басқармалары мем. Өрт. қызмет Жергілікті қаражат Тұрақты Жарақатты азайту 9.Судан құтқару жұмыстарын жүргізуде, өрттен құтқаруда, жол жүру ережелерін сақтауды ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту Судан құтқару нұсқаулары мен кепілдіктер Облыстық төтенше жағдайлар, жол полициясы басқармалары, мемөрт қызметі, Орал қаласы, аудан әкімдері Жергілікті қаражат Тұрақты Жарақатты азайту 10.Электр тұрмыстық пайдалану құралдардын және өндірістік құрал-жабдықтарды, қыздырғыш құралдарды байқаудан өткізгенде оларға куәліктер беру қауіпсіздіктен сақтандыру болып саналады «Оралэнерго» АҚ бұйрығы Облыстық «Оралэнерго» АҚ төтенше жағдайлар, еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау басқармалары Қазіргі пайдаланудағы заңға сәйкесті Тұрақты Жарақатты ескерту 11.Бірінші медициналық көмек жарақат алғанда немесе уланғанда бақылау және тұрақты оқу аттестациялардан өткізген кезде бақылау жүргізу жол полиция қызметкерлері мен мемлекеттік өрт қызметкерлері, «Оралэнерго» АҚ, автокөлік жүргізушілерін бақылап отыруы керек Нормалық құқықтар актісінің өзгерісі туралы бұйрық Облыстық төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, ішкі істер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, көлік «Оралэнерго» АҚ Қазіргі пайдаланудағы заңға сәйкесті Тұрақты Білім көтеру 12.Тұрғын үйлер мен балалар спорт алаңдарын қоршауды ұйымдастыру Әкімдер шешімімен Қала, аудан әкімдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, туризм және спорт басқармасы Жергілікті қаражат 2000-2002 ж.ж. Жарақатты азайту 13.Республикалық маңызды жол бойларында жол-санитарлық қызметтер қою, оларды телефон байланысымен қамтамасыз ету. Бар мүмкіндігінше жол-санитарлық қызметтерді дәрі-дәрмек, медициналық құралдармен қамтамасыз ету Бұйрық, облыс әкімінің шешімі Мемлекеттік автокөлік жолдары, облыстық төтенше жағдай, денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті қаражат, қаражаттан тыс көздері 2001 ж. 1 тоқсан Дәрігерлік көмектің шұғыл хабары 14.Автокөлік жүргізушілерді жолға шықпастан бұрын міндетті медициналық тексерістен өткізеді Әкімдер шешімдері, қауіпсіздікті сақтау комиссиясының шешімі Автокөлік кәсіпорнының басшылары, облыстық жол полициясы Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті Тұрақты Автокөліктердегі жарақатты азайту 15.Жарақат алғандарды ауруханаларға жеткізудегі уақытты қысқарту үшін автокөлік жолдары бойына денсаулық сақтау мекемелерін беркітіп қою Әкімдер шешімі, бұйрық Орал қаласы, аудан әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті 2001 ж. Уақытылы медициналық көмек 16.Жол бойындағы қолайсыз автокөлік уақиғалары болған жерлерден хабарлар жүйесін жетілдіріп отыру (жолдарда әдейі байланыс жүйелерін орнату, ең жақын емдеу орындарын көрсететін көрсеткіш белгілер т.б.) орнату Орал қаласы, аудан әкімдері Мемлекеттік автокөлік мекемесі, облыстық ішкі істер, тұрғын үй-коммуналдық жол шаруашылығы басқармалары Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті 2000-2001 ж.ж. Жол-көлік уақиғаларын азайту 17.Метеорологиялық, теледидар, радио және жол полициясы бөлімдері жүргізушілерді жолдың ауа-райының жағдайына байланысты хабарлап отыруы керек Әкімдердің шешімі Облыстық ішкі істер, төтенше жағдайлар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, метеоқызмет басқармалары, облыстық телерадио компания, телекоммуникация директоры Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті 2000 ж. 4 тоқсаны Жол-көлік уақиғаларын азайту 18.Тоқсан сайын облыста болған жарақат жайларға талдаулар жасап, болдырмау шараларын алып отыу. Облыс көлемінде болған жарақатқа қатал есеп жүргізу, оларды түрлеріне қарай ажырату. Барлық мамандықтағы дәрігерлер мен медбикелерді жарақат пен улануға көрсететің көмектері туралы мамандығын жетілдіріп отыру. Бұйрық Облыстық денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар басқармалары Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті Тұрақты Дәрігерлердің мамандығын жетілдіру 19.Жарақатты азайту туралы радио, газеттерде насихат шараларын жүргізу. «Дөңгелек үстел» өткізу, жарақатты азайту жолдары туралы тікелей эфирді пайдалану. Емдеу орындарының, жол полициясы, төтенше жағдайлар көсіпорындары басшыларымен пресс-конференциялар өткізу Бұйрық, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялаулар Облыстық ақпарат қоғамдық келісім басқармасы, облыстық телерадиокомпаниясы Қазіргі қолданудағы заңға сәйкесті Тұрақты Жарақатты азайту 3. Жарақатты азайту оның алдын алу, материалдық-техникалық жағынан қамту бағдарламасы 20.Апат болған жерлерде құтқару жұмыстарын ДТП және арнаулы автокөліктер, жүк көтергіштерді алу жұмыстарын ұйымдастыру апат болған жерлерді тез қалпына келтіру Әкімдер шешімі Орал қаласы, аудан әкімдері, облыстық төтенше жағдайлар басқармасы Жергілікті кәсіпорын қаражаттары 2001 ж. 1 тоқсаны Шұғыл көмек 21.Жарақат алған кезде көрсетілетін ең аз көлемдегі жабдықтауды анықтау, медициналық көмектің ең аз мөлшерін, көлемін медициналық мекеменің көмек көрсету күшіне байланыстылығын анықтау міндетті болады Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті қаражат 2000 ж. 4 тоқсаны Жарақат алғанда медициналық көмекті жақсарту 22.Жол полициясының автокөліктерін және тұрақты жол-санитарлық тексеру (күзет) орындарын қазіргі талапқа сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету Бұйрық Облыстық денсаулық сақтау, ішкі істер басқармалары Жергілікті қаражат 2000-2002 ж.ж. Жарақат алғанда медициналық көмекті жақсарту 23.Облыстық аурухананың жарақат бөлімін және № 1 балалар ауруханасын, аудандық ауруханалардың хирургиялық, реанимациялық бөлімдерін қазіргі замандық медициналық жабдықтармен жабдықтау Бұйрық Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті қаражат 2001 ж. Жарақат алғанда арнаулы медициналық көмекті жақсарту 24.Облыстық клиникалық ауруханада және № 1 балалар ауруханасында әр түрлі жарақатты емдеуді ұйымдастырып отыру Бұйрық Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті қаражат 2000 ж. 4 тоқсаны Жарақат алғанда арнаулы медициналық көмекті жақсарту 25.Орал қаласында жарақаттан қалған ауруларды сауықтырып шығарытын орталық құруды ұйымдастыру Бұйрық Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті қаражат 2001 ж. Түрлі аурулардан болатын мүгедектікті анықтау