О Программе приватизации и повышения эффективности управления коммунальным государственным имуществом Актюбинской области на 2000-2003 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облыстық коммуналдық мемлекеттік меншікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 2000-2003 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2000-шы жылға арналған шаралар Жоспарын бекіту туралы» 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482 қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырғандар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Ақтөбе облыстық коммуналдық мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы;
Тармақша 2
2) оны жүзеге асырудың 2000 жылға арналған шаралар жоспары.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
Басқа 5
Облыс Әкімінің 2000 жылғы «23» маусымдағы № 90 шешімімен бекітілді Ақтөбе облыстық коммуналдық меншікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 2000-2003 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ
Бөлім 1. 1. КІРІСПЕ
1. КІРІСПЕ Республикада 1991-1998 жылдары шағын, жаппай, жеке жоба бойынша жекешелендіруден тұратын жекешелендіру бағдарламасы, секторлық бағдарламалар жүзеге асырылды, заңдар жиынтығы қалыптастырылды, мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке бөлу жүргізілді. Жекешелендіру бағдарламалары шеңберінде 1991 жылдан бастап 1999 жылдың қыркүйегін қоса алғанда облыста 204 акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктері немесе олардың жалпы санының 72,3 пайызы жекешелендірілді. Сондай-ақ 1142 әлеуметтік саланың объектілері, кәсіпорындардың мүлкі мен мүліктік кешендері жекешелендірілді. Жекешелендіру барысында нарыктық экономика негізі ретінде жеке меншік қалыптаса бастады. 1993 жылдың наурызынан 1999 жылдың қыркүйегін қоса алғанда республикалық сондай-ақ коммуналдық меншікті мемлекеттен алу және жекешелеңдіру жұмыстарын мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті және оның аумақтық органдары жүзеге асырды. 1999 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметі бұрын республика меншігіңде болған кейін коммуналдық меншікке берілген мемлекетгік акция пакеттерінің және шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекет үлестерінің тізбесін бекітті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі “Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері” N 1431 Қаулысы бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру үшін өкілеттік берілді. 1999 жылдың 20 тамызында облыс Әкімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 Қаулысын жүзеге асырудың жеке мәселелері туралы» 1999 жылғы 17 шілдедегі № 994 қаулысын орындау мақсатында өзінің N 144 шешімімен облыстық коммуналдық меншік басқармасын құрды. Оған мүлікті иелену, басқару және иелік ету саласында арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функциясы, сондай-ақ есеп жүргізу және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекет мүлкін мақсатты, тиімді пайдалануларына бақылау жасау міндеті жүктеледі. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің» 2000 жылғы 31 наурыздағы ’’Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2000 жылға арналған шаралар Жоспарын бекіту туралы N 482 Қаулысына сәйкес, 2000-2003 жылдар аралығындағы кезеңде коммуналдық мемлекеттік меншікті тиімді басқару және иелік ету саласында Қазақстанның 2030-шы жылға дейінгі даму стратегиясын әрі қарай іске асыру мақсатында жасалады.
Бөлім 2. 2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖАҚСАРТУ
2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖАҚСАРТУ Осы Заң актілерінен шығатындай облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті есепке алуды облыс әкімшілігі, оның өкілетті облыстық коммуналдық меншік басқармасы жүргізеді. Есепке алу, коммуналдық меншік тізілімінде (реестрде) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардың активтерінің баланстық бағасын құнды қағаздардың саны мен номиналды құнын, акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік акция пакеттерінің және шаруашылық серіктестіктеріндегі үлестерді, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардың акционерлік коғамдардың және шаруашылық серіктестіктерінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін, оның ішінде, активтер мен пассивтерді, дебиторлық және кредиторлық қарыздарды көрсету арқылы жүргізеді. Коммуналдық мемлекеттік мүлікті есепке алуды жақсарту және облыстық коммуналдық меншіктің тізілімін (реестрін) жасау мақсатында, облыстық коммуналдық меншік басқармасы, облыстық басқармалар мен және Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдерімен бірігіп келесі шараларды іске асырды: - коммуналдық меншікке жататын мүлікке түгендеу (инвентаризация) жүргізілді; - түгендеу материалдарын және Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып коммуналдық мемлекеттік мүліктер коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілді; - мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілмеген коммуналдық мемлекеттік мүліктерді тиісті коммуналды мемлекеттік ұйымдарға бекіту жүргізілді; - акция пакеттері коммуналдық меншіктегі барлық ұйымдардың акция эмиссиясын тіркеу (регистрация) жүзеге асырылды.
Бөлім 3. 3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ Коммуналдық мемлекеттік меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар: - коммуналдық меншікті мақсатына, міндетіне және оларды басқару механизміне байланысты типтері бойынша жіктеудің (классификациялау) болмауы; - Коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерінің әртүрлі типтеріне қатысты басқарушы шешімдерді қабылдау анық жөн-жосығының жоқтығы; Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында келесі шаралар жүзеге асырылады: - Қазақстан Республикасының ‘"Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеттік және атқарушы органдар туралы” Заңының және Қазақстан Президентінің Заң күші бар “Мемлекеттік кәсіпорын туралы”, ”Жекешелендіру туралы”, ”Бухгалтерлік есеп туралы” Жарғыларының негізінде облыстық мемлекеттік меншік туралы және мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің коммуналдық мемлекеттік мүлікті иеленуі, басқаруы және иелік етуі бойынша жергілікті атқарушы органдардың әр сатысының құқықтылығы туралы Ереже жасалып, бекітіледі; - Қазақстан Республикасы Үкіметіне, кейбір Заң актілеріндегі мемлекеттік мүлікке иелік ету мәселесі бойынша кездесетін сәйкессіздіктерді жою мақсатында, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бірліктер меншігі туралы түсінікті кеңейту және осы бірліктердің әкімдерінің коммуналдық мемлекеттік мүлікті иелену, басқару және иелік ету бойынша құқықтылықтарын анық айқындау мақсатында өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы ұсыныстар енгізілді; - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді басқарушы мемлекеттік орган болып табылатын, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқық субъектісі функциясын жүргізетін облыс Әкімінің өкілетті органдарының тізбесі бекітілді; - облыс Әкімі жанынан баланстық комиссия құрылды, онда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептер тыңдалады. Мемлекеттік меншікті басқару және иелік ету процедураларын анықтайтын қолданыстағы заңдарға сәйкес коммуналдық меншікті жергілікті атқарушы органдар басқаратын болады. Облыс Әкімінің өкілдері коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін олардың басқару және бақылау органдарына (акционерлердің жалпы жиналысында, тексеру (ревизиялық) комиссияларда) қатысу арқылы басқарады. Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттеріне және шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттің үлесіне иелік ету бойынша шешім қабылдау құқығы тек қана облыс Әкімінде қалады. Осы мәселе бойынша облыс Әкімінің қабылдаған шешімін облыстық коммуналдык меншік басқармасы жүзеге асырады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекет мүлкін мақсатына және тиімді пайдалануларына бақылау жасау мақсатында облыс Әкімі және Ақтөбе қаласы мен аудандар Әкімдерінің жанындағы комисияда мезгіл-мезгіл (периодический) олардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептер тыңдалатын болады. Қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында сәйкес білімі, еңбек беделі, бизнесте немесе мемлекеттік қызметте позитивті жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлғалар арасында конкурстық сұрыптау өткізіліп, жеңімпаздар осы ұйымдардың бірінші басшылары лауазымына белгіленеді. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін бағалаудың критерилері мыналар болып табылады: - ұйымның есепті кезеңдегі қаржылық нәтижесі; - акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің және мемлекеттік кәсіпорынның облыс экономикасына, өнім өндіруді (қызметтер көрсетуді, жұмыстар атқаруды) көбейтуге және олардың бәсекеге түсу қабілетін көтеруге ынталандырушылық (стимулирующее) әсері.
Бөлім 4. 4. КОНКУРСТЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІК ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4. КОНКУРСТЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІК ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Коммуналдық мемлекеттік меншікті жекешелендіру саласында 2000-2003 жылдары шешілуі қажет негізгі міндеттер: - акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды екі топқа бөлу: жекешелендіруге жататындар және жекешелендіруге жатпайтындар; - облыс бюджетіне көбірек қаржы түсуін қамтамасыз ете отырып, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін, шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекет үлестерін және жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерін сату; - бұрын сенімдік басқаруға берілген объектілерді жекешелендіру; - сатып алушылардың инвестициялық міндеттері бойынша мәселелерді шешу және жекешелендіруден кейінгі бақылау функцияларын нақтылау. 2000 жылы коммуналдық меншіктегі 167 коммуналдық меншік объектілері, 9 акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктері жекешелендіріледі. Жекешелендіру әдісі мен нысандары және сатар алдындағы әзірлік туралы шешімді облыстық коммуналдық меншік басқармасы дайындайды, қабылдайды және іске асырады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің мемлекет мүлкін мақсатына және тиімді пайдалануларына бақылау жасау мақсатында облыс Әкімі және Ақтөбе қаласы мен аудандар Әкімдерінің жанындағы комисияда мезгіл-мезгіл (периодический) олардың қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептер тыңдалатын болады. Қорытындылары бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында сәйкес білімі, еңбек беделі, бизнесте немесе мемлекеттік қызметте позитивті жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлғалар арасында конкурстық сұрыптау өткізіліп, жеңімпаздар осы ұйымдардың бірінші басшылары лауазымына белгіленеді. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін бағалаудың критерилері мыналар болып табылады: - ұйымның есепті кезеңдегі қаржылық нәтижесі; - акционерлік қоғамдардың, шаруашылық серіктестіктерінің және мемлекеттік кәсіпорынның облыс экономикасына, өнім өндіруді (қызметтер көрсетуді, жұмыстар атқаруды) көбейтуге және олардың бәсекеге түсу қабілетін көтеруге ынталандырушылық (стимулирующее) әсері.
Бөлім 4. 4. КОНКУРСТЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІК ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4. КОНКУРСТЫҚ ЖӘНЕ ТРАНСПАРЕНТТІК ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Коммуналдық мемлекеттік меншікті жекешелендіру саласында 2000-2003 жылдары шешілуі қажет негізгі міндеттер: - акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды екі топқа бөлу: жекешелендіруге жататындар және жекешелендіруге жатпайтындар; - облыс бюджетіне көбірек қаржы түсуін қамтамасыз ете отырып, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін, шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекет үлестерін және жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерін сату; - бұрын сенімдік басқаруға берілген объектілерді жекешелендіру; - сатып алушылардың инвестициялық міндеттері бойынша мәселелерді шешу және жекешелендіруден кейінгі бақылау функцияларын нақтылау. 2000 жылы коммуналдық меншіктегі коммуналдық меншік объектілері, акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктері жекешелендіріледі. Жекешелендіру әдісі мен нысандары және сатар алдындағы әзірлік туралы шешімді облыстық коммуналдық меншік басқармасы дайындайды, қабылдайды және іске асырады. Қарастырылып отырған кезеңнің басында облыс Әкімі, облыс және облыс орталығы үшін стратегиялық маңызы бар кейбір акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінде (акционерлік қоғамдар, 406 ГА “Авиажөндеу зауыты”,“Троллейбус паркі”, ”Арнаулы автотранспорт”, “Ремсервис ЖШС”) өзінің қатысын сақтайды. Білім және денсаулық сақтау объектілерін жекешелендіру Казақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі “Қазақстан Республикасының білім және ғылым объектілерін жекешелендірудің 2000-2005 жылдарға арналған Концепциясы туралы” № 555 және ’’Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау объектілерін жекешелендірудің Концепциясы туралы” 2000 жылғы мамырдағы № 650 Қаулыларына сәйкес жүргізілетін болады: Концепцияға сәйкес білім саласындағы қолданыстағы мектепке дейінгі және орта білім объектілерінің желісін мемлекеттік меншікте сақтау жоспарлануда. 2000-2005 жылдары жекешелендіруге жатпайтын коммуналдық меншіктегі денсаулық сақтау объектілеріне селоларда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және мемлекеттік медициналық оқу орындарының клиникалық базалары болып табылатын арнайы көмек көрсететін (қан орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ жұқтырғандар және СПИД-пен ауыратындарға, инфекциялық, тері-венерологиялық, психикалық ауруларға көмек көрсету медициналық ұйымдары), сондай-ақ берілген территорияда жалғыз болып табылатын медициналық мекемелер жатқызылады. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы облыстық білім денсаулық сақтау, мәдениет басқармалары мен және Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдерімен бірігіп, 2001-2003 жылдары жекешелендіруге жатпайтын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және қызмет нысаны (профиль) жекешелендіру өткізу арқылы бәсекелес ортаға беруге сәйкес келетін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін дайындайды. Оны 2000 жылдың соңына дейін облыс Әкіміне бекітуге тапсырады. Бұнымен бірге мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар мен әлеуметтік сала мекемелерін жекешелендіру жеке тәртіппен жүргізіледі. Әлеуметтік саланың жекешелендірілген объектілері, Үкімет бекіткен тәртіппен, қаржыландыру нормативтері негізінде бағасы есептелетін қызметтер көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алу үшін конкурсқа қатыса алады. Коммуналдық меншікке жатқызылған білім, денсаулық сақтау салаларының объектілерін соңынан сатуды көздейтін жекешелендірудің алдын-ала сатылары болып мыналар табылады:
Тармақ 1
1. білім және денсаулық сақтау объектілерін мемлекеттік акция пакеттерін соңынан, оқытушылық, медициналық немесе дәрігерлік қызметке лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға қызметінің бейіні мен көлемін сақтап сату құқығымен акционерлік қоғам ретінде қайта құру;
Тармақ 2
2. білім, денсаулық сақтау объектілерінің қызметінің бейінін және көрсететін қызметтерінің көлемін сақтап соңынан сатып алу құқығымен тендер арқылы сенімдік басқаруға немесе мүліктік жалға беру. Жұмыс жасамайтын білім және денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайын және мүлкін оқытушылық, медициналық немесе дәрігерлік қызметке лицензиясы бар жеке және де заңды тұлғаларға сату тендер арқылы немесе облыстық білім және денсаулық сақтау басқармалары мен келісе отырып аукциондарда жүргізіледі. Коммуналдық меншікке жататын акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттерін, шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекет үлесін, сондай-ақ бұрын сенімдік басқаруға берілген коммуналдық мемлекеттік меншікті жекешелендіру төмендегі бағыттарда жүзеге асырылады: - басқарушы компания соңынан сатып алу құқығымен сенімдік басқаруға беру шарты бойынша өзіне алған міндеттемені орындамаған немесе жеткілікті орындамаған жағдайда, шарттар заңдармен бекітілген тәртіпте бұзылады. Содан кейін мемлекеттік акция пакеттері, мемлекет үлестері және объектілер қолданыстағы заңдар бойынша сатылады; - компания өз инвестициялық және соңынан сатып алу құқынсыз сенімдік басқаруға беру шарттарында көрсетілген міндеттемелерін орындаған жағдайда ондай шарттар аяқталады. Содан кейін мемлекеттік акция пакеттері, мемлекет үлестері және объектілер конкурстық сатуға жатады. - сенімдік басқарудағы мемлекеттік акция пакеттерін, мемлекет үлестерін және объектілерді атаулы (адрестік) сату, тек ғана шартта көрсетілген кезде, басқарушы компания шарт бойынша міндеттемелерін толық орындағанда, сатушының ұсынған бағасымен келіскен жағдайда жүзеге асырады.
Бөлім 5. 5. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕН КЕЙІНГІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
5. ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДЕН КЕЙІНГІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР 1995-1998 жылдары инвестициялық тендерлерде 20 объект және акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акция пакеттері мен шаруашылық серіктестіктерінің мемлекеттік үлестері сатылды. Осындай жекешелендіру барысында жаңа меншік иелеріне көпжылдық міндеттемелер артылды. Көптеген инвесторлардың инвесторлық бағдарламаларын орындауда, объективті және субъективті фактордардың әсерінен қиындықтар пайда болды, көбісі Заң жағынан анық тұжырымдалмағандықтан, базарда ұйымның өніміне (қызметтерге) сұраныстың қысқаруына байланысты бір қатар міндеттемелер өз мағынасын жойды. Аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1999 жылдың қазанында инвестициялық міндеттемелері бар коммуналдық меншіктегі 6 объекті бойынша құқықты облыстық коммуналдық мемлекеттік меншік басқармасына берді. Инвестициялық міндеттемелерді орындауды бақылау мақсатымен барлық объектілерде тексеру жүргізілді. Инвестициялық міндеттерді орындағанына байланысты бір сатып алушы меншік иесі құқығына кірісті. 2000 жылдың II кварталы ішінде инвесторлар мен қолданыстағы инвестициялық өзара шарттардың шарттарын түзету (корректировка) бойынша қосымша келісімдер дайындау жөнінде келіссөздер жүргізілетін болады. Білім және денсаулық сақтау объектілерін тендерлік негізде жекешелендіру кезінде немесе оларды сенімдік басқаруға (мүліктік жалға) бергенде келесі шарттардың орындалуына бақылау жүргізіледі:
Тармақ 1
1. объектінің қызметінің бейінінің сақталуын;
Тармақ 2
2. шұғыл және кідіртуге болмайтын ақысыз медициналық көмектің көрсетілуін;
Тармақ 3
3. объектінің қызметінің экологиялық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін;
Тармақ 4
4. медициналық көмектің көлемі мен сапасының сақталуын;
Тармақ 5
5. оқытушылық қызмет көрсетудің мемлекеттік тапсырысының орындалуын;
Тармақ 6
6. жекешеленген объектіні пайдалану шартымен тәртібінің сақталуын, оның ішінде анықталған уақыт аралығында мәміле істемеу (қайта сату, несиеге, басқаруға, жалға беру тағы сол сияқтылар) міндеттемелерінің орындалуын қарастырады. Медициналық көмек және оқытушылық қызмет көрсетудің сапасымен көлеміне мониторинг жүргізіледі, тендер шарттарының орындалуына, жүргізілген жекешелендірудің нәтижелеріне талдау (анализ) өткізіледі.
Бөлім 5. 5. ҚОРЫТЫНДЫ
5. ҚОРЫТЫНДЫ Облыс әкімішілігінің коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі іс-әрекеті екі маңызды нысанаға жетуге бағытталады: - басқару органдарының нарықтық экономикадағы өзіне тән емес функциялардан кетуі; - бюджет алдындағы өзінің міндеттемелерін орындайтын бәсекеге қабілетті тауар өндіретін және қызмет көрсететін меншік иесі институтын нығайту. Осы бағдарламаны іске асыруға облыстық басқармалар, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері қатынасады. Облыстық коммуналдық меншік басқармасы өзінің функциясын коммуналдық мемлекеттік мүлікті дәл және толық есепке алуды қамтамасыз етуге, оны пайдалануды және коммуналдық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруді бақылауға жұмылдырады.
Басқа 21
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 23 маусымдағы № 90 шешімімен бекітілді Ақтөбе облыстық коммуналдық мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттырудың 2000-2003 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2000 жылға арналған шаралар Жоспары № Ша­ра­лар Орын­да­у­шы Мер­зі­мі Аяқ­та­лу ны­са­ны 2 бөлім бойынша: Коммуналдық мемлекеттік меншікке есеп жүргізуді жақсарту 1 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мен­шік­ті тү­ген­де­уді жү­зе­ге асы­ру Об­лы­стық бас­қар­ма­лар Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі мен бір­ге 2000 жыл II тоқ­сан Об­лыс Әкі­мі­нің ше­ші­мі, тү­ген­деу ак­ті­ле­рі 2 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мү­лік­ті мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға­ға орын­дай­тын функ­ци­я­сы­на және ұй­ым­да­сты­ру- құқық­тық тү­ріне сәй­кес бе­кі­тіп бе­ру Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл II тоқ­сан Бұй­рық­тар, алыс- бе­ріс ак­ті­ле­рі 3 Ак­ция па­кет­те­рі ком­му­нал­дық мен­шік­те­гі бар­лық үй­ым­дар бой­ын­ша ак­ция эмис­си­я­сып тір­ке­уді жү­зе­ге асы­ру Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл II тоқ­сан Эмис­сия жо­сығы (про­спек­ті­сі) 4 Об­лыс ак­тив­те­рі­нің жи­нақ­тық ті­зі­лі­мін (ре­ест­рін) құ­ру бой­ын­ша ша­ра­лар жос­па­рын жа­сау Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы Үкі­мет қа­улы­ла­ры­ның қа­был­да­ғы­на қа­рай Об­лыс Әкі­мі­нің ша­ра­лар Жос­па­рын бе­кі­ту ту­ра­лы ше­ші­мі 3 бөлім бойынша: Коммуналдық мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру 5 Қол­да­ны­с­та­ғы заң ак­ті­ле­рі негі­зін­де об­лы­стық ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мен­шік ту­ра­лы және ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мү­лік­ті ие­ле­ну, бас­қа­ру және ие­лік ету бой­ын­ша жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың әр са­ты­сы­ның құқық­ты­лы­ғы ту­ра­лы Ере­же­ні дай­ны­дау Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы, об­лы­стық бас­қар­ма­лар мен Ақ­төбс қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі бір­ге 2000 жыл II тоқ­сан Об­лыс Әкі­мі­нің ше­ші­мі 6 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­тіне кей­бір Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы заң ак­ті­ле­рін­де­гі мем­ле­кет­тік мү­лік­ке ие­лік ету мә­се­ле­сі бой­ын­ша сәй­кес­сіз­дік­тер­ді жою мақ­са­тын­да, сон­дай-ақ ад­ми­ни­стра­тив­ті- аумақ­тық бір­лік­тер мен­ші­гі ту­ра­лы тү­сі­нік­ті ке­ңей­ту мақ­са­ты­мен өзгер­ту­лер мен қо­сым­ша­лар ен­гі­зу ту­ра­лы ұсы­ны­стар бе­ру Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл II тоқ­сан Үкі­мет­ке ұсы­ны­стар 7 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен ме­ке­ме­лер­ді бас­қа­ра­тын мем­ле­кет­тік ро­ган­дар­дың, сон­дай-ақ олар­ға қа­ты­сты мем­ле­кет­тік мен­шік құқы­ғы субъ­ек­ті­сі функ­ци­я­сын жүр­гі­зе­тін ор­ган­дар­дың яғ­ни об­лыс Әкі­мі­нің өкі­лет­ті ор­ган­да­ры­ның тіз­бе­сін бе­кі­ту Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл II тоқ­сан Об­лыс Әкі­мі­нің ше­ші­мі 8 Об­лыс Әкі­мі­нің және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­мен аудан­дар әкім­де­рі­нің жан­да­ры­нан ба­лан­стық ко­мис­сия құ­ру және он­да мез­гіл-мез­гіл ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың қар­жы-ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті­нің нәти­же­ле­рі ту­ра­лы есеп­те­рін тың­дау Об­лы­стық бас­қар­ма­лар, Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі 2000 жыл II тоқ­сан Об­лыс Әкі­мі­нің, Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі­нің ше­шім­де­рі 9 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар­дың ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стікте­рі­нің бі­рін­ші ла­у­а­зы­мы­на та­ғай­ын­дау үшін сәй­кес бі­лі­мі, ең­бек бе­де­лі, биз­не­сте неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­те по­зи­тив­ті жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бар же­ке тұ­лға­лар ара­сын­да кон­кур­стық сұ­рып­тау өт­кі­зу Об­лы­стық бас­қар­ма­лар, Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі Жыл бойы Кон­кур­стар, та­ғай­ын­да­у­лар 10 Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стікте­рі­нің тек­се­ру (ре­ви­зия) ко­мис­си­я­сы­ның құ­ра­мы бой­ын­ша ұсы­ны­стар ен­гі­зу Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл I тоқ­сан Ұсы­ны­стар 11 Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­дың ак­ци­о­нер­ле­рі­нің жал­пы жи­на­лы­сын өт­кі­зу, мем­ле­кет­тік ак­ция па­кет­те­ріне ди­ви­денд­тер­дің есеп­те­луі ту­ра­лы ше­шім­дер қа­был­дау Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы Тоқ­сан сай­ын Ак­ци­о­нер­лер жи­на­лы­сы 12 Ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар мен ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стікте­рі­нің пай­да­ла­ры­ның сәй­кес бө­лік­те­рі­нің ди­ви­денд есе­біне есеп­те­лу­ін және об­лы­стық бюд­жет­ке тү­су­ін ба­қы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы са­лық ор­ган­да­ры мен бір­ге Тоқ­сан сай­ын Об­лыс әкім­ші­лі­гіне есеп бе­ру 13 Ком­му­нал­дық мен­шік объ­ек­ті­ле­рі­нің жал­да­ма мүл­кі­нен түс­кен жал­дық ақы­ның бюд­жет­ке тү­сіп тұ­руын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы Тоқ­сан сай­ын Об­лыс әкім­ші­лі­гіне есеп бе­ру 14 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мен­шік­ті ти­ім­ді бас­қа­ру­дың мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу Об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы, об­лы­стық бас­қар­ма­лар Ақ­тө­бе қа­ла­сы мен аудан­дар әкім­де­рі­мен бір­ге Тоқ­сан сай­ын Об­лыс әкім­ші­лі­гіне есеп бе­ру 4.1 бөлім бойынша. Жекешелендіруден кейінгі бақылау және инвестициялық міндеттемелер 15 Же­ке­ше­лен­ді­ру­ге жат­пай­тын ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мен­шік объ­ек­ті­ле­рі­нің тіз­бе­сін анық­тау Об­лы­стық бас­қар­ма­лар 2000 жыл III тоқ­сан об­лыс Әкі­мі­нің ше­ші­мі 16 Қыз­мет ны­ша­ны же­ке­ше­лен­ді­ру ар­қы­лы бә­се­ке­ле­стік ор­та­ға бе­ру қа­жет­ті­гіне сәй­кес ке­ле­тін ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен ме­ке­ме­лер­дің қо­сым­ша тіз­бе­сін анық­тау об­лы­стық бас­қар­ма­лар 2000 жыл III тоқ­сан об­лыс Әкі­мі­нің ше­ші­мі 17 Же­ке­ше­лен­ді­ру­ге жа­та­тын ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­дар мен ме­ке­ме­лер­ді ак­ци­о­нер­лік қо­ғам қы­лып қай­та құ­ру об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл IV тоқ­сан мемле­ет­тік тір­кеу 18 Же­ке­ше­лен­ді­ру бағ­дар­ла­ма­сы­на ен­гі­зі­л­ген ком­му­нал­дық мен­шік объ­ек­ті­ле­рін және ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­дар­да­ғы мем­ле­кет­тік ак­ция па­кет­те­рін ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стікте­рін­де­гі мем­ле­кет үле­сін са­ту­ды жү­зе­ге асы­ру об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы жыл бойы об­лыс Әкім­ші­лі­гіне есеп бе­ру 19 Ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік мү­лік­ті се­нім­дік бас­қа­ру­ға бе­ру шар­ты­ның орын­да­луы­на тек­се­ріс өт­кі­зу об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл III тоқ­сан тек­се­ріс ак­ті­ле­рі 20 Ин­ве­сти­ци­я­лық тен­дер­де же­ке­ше­лен­ді­ру объ­ек­ті­ле­рін са­тып ал­ған ин­ве­стор­лар­дың шарт бой­ын­ша мін­дет­те­ме­ле­рін орын­да­у­ла­ры­на тек­се­ріс өт­кі­зу об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл I тоқ­сан тек­се­ріс ак­ті­ле­рі 21 Ин­ве­сти­ци­а­лық тен­дер­де же­ке­ше­лен­ді­ру объ­ек­ті­ле­рін са­тып ал­ған неме­се се­нім­дік бас­қа­ру­ға ал­ған ин­ве­стор­лар мен ке­ліс­сө­здер өт­кі­зу, шар­тқа қо­сым­ша ке­лі­сім­дер әзір­леу және қол қою об­лы­стық ком­му­нал­дық мен­шік бас­қар­ма­сы 2000 жыл III тоқ­сан Қо­сым­ша ке­лі­сім­дер