О Программе по рациональному использованию земель, повышению плодородия почв, охране земельных ресурсов в комплексе с другими природоохранными мероприятиями на 2000-2003 годы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған бағдарлама туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты. «Қазақстан Республикасы бойынша бар жерлер мен олардың пайдаланылуы туралы 1999 жылғы жиынтық есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 133 қаулысын және Үкіметтің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұсынылып отырған:
Тармақша 1
1) Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған бағдарлама:
Тармақша 2
2) Осы бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандардың, Ақтөбе қаласының әкімдері осы тектес аймақтық бағдарлама әзірлесін және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет /М.Жекеев/, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы /Қ.Елеусізов/ аталған іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Қ. Елеусізовке жүктелсін.
Басқа 7
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 107 шешімімен бекітілген Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМА Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық бағдарлама «Қазақстан Республикасы бойынша бар жерлер мен олардың пайдаланылуы туралы 1999 жылғы жиынтық есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы № 133 қаулысын және Үкіметтің 2000 жылғы 16 ақпандағы № 253 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында жасалды. Бағдарлама жергілікті атқарушы және басқада органдардың жерді ұтымды пайдалану, қорғау және табиғатты қорғаудың басқа құрама іс-шаралары арқылы оның құнарлылығын арттыру мәселелерін шешудегі іс-әрекеттерін үйлестіруге бағытталған.
Бөлім 1. 1. Проблема мән-жайының талдамасы
1. Проблема мән-жайының талдамасы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер облыс аумағының 89,7 пайызын құрайды, ал кеншарлардың жекешеленуі, ұжымшарлардың реформалануы барысында құрылған агроқұрылымдардың пайдалануында 9074,2 мың гектар немесе 30,2 пайыз жер бар. 1990 жылмен салыстырғанда бұл санаттағы жер алаңы 13988,1 мың гектарға қысқарды, оның ішінде есеп беріп отырған жыл ішінде 3257,2 мың гектарға. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер аумақтарының бірталай бөлігі, әсіресе егістік жерлер пайдаланылмай жатыр. Ол негізінен село азаматтарына тиесілі жер үлестерін қайта бөлудің нәтижесінде орын алуда. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер құрамындағы егістік жердің үлес салмағы 2,3 пайызды құрайды. Азаматтардың және мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы кәсіп-орындарының меншігінде және пайдалануында 99 пайызы. Тыңайтылған жер алаңы 1274,5 мың гектар құрайды, оның ішінде суарма 33,6 мың гектар. Оның басым көлемі Әйтеке би (2137 мың га), Қобда (270,3 мың га), Қарғалы (163,6 мың га), Алға (117,9 мың га), Хромтау (138,6 мың га), Темір (92,0 мың га) аудандарында. Облыстлағы тыңайған жерлердің 88 пайызы аталған аудандардың үлесіне тиеді. Суарма егістік жерлер суару жүйелерін комплексті қайта құруды, мелиоративтік жақсартуды және сумен қамтамасыз етуді қажет етеді. Егістік жерлердің құрамында өнімі төмен жер учаскелері едәуір көлемді алып жатыр. Егістіктің сапалық сипаттамалық мәліметі бойынша тек қана 1039,8 мың гектар жер егін шаруашылығына жарамды және мелиоративтік іс-шараларды қажет етпейді. Облыста жайылымға пайдалануға жарамды едәуір жер көлемі бар, 81,8 пайыз, олар шөл және шөлейіт аймақтарда. 21,4 млн. га жайылымдылық аймақтың тек 166,9 мың гектары бір уақыттарда жақсартылған, онда 10-15, одан да көп жылдар бұрынғы көп жылдық шөптер басым. Ауыл шаруашылығы айналымынан 17142,9 мың гектар жердің щығарылуына және оларды босалқы жер қорына аударуға байланысты осы пайдаланылмай жатқан жерлердің проблемалары туындайды, оларды ауыл шаруашылығы өндірісіне қосу, сонымен қатар арнаулы жер қорын қалыптастыру және оны шаруашылық жүргізуші субъектілер арасына бөліп беру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс. Мемлекеттен тысқары басқа жаққа кеткен немесе мекен-жайын өзгерткен азаматтардың қажетсіз болып қалған жер үлестерінен жинақталған, пайдаланылмай жатқан жер учаскелері де бар. Облыста 444 селолық елді мекендер бар, оларға 2401,1 мың га жер бекітіліп берілген. Осы жерлерді пайдалануды жақсарту, азаматтардың жеке көмекші шаруашылықтарын жүргізу, бау-бақша егу, тұрғын үй салу, мал өсіру үшін қажетті жер учаскелері жөніндегі сұраныстарын толықтай қанағаттандыру мақсатында селолық елді мекендердің 2273,4 мың га аумағын жер-шаруашылық жағынан орналастыру жұмыстарын жүргізу керек. Облыстың жер қорының жай-күйі, оны жақсарту, топырақ құнарлылығын арттыру, пайдаланылатын жер құрылымын ауыл шаруашылығын дамытудың бағыттарына сәйкестендіруге қажетті шаралар алуды талап етеді. Жердің жай-күйінің өзгеруін дер кезінде анықтау, оны бағалау, болжам жасау және жағымсыз процестердің алдын алу және жою үшін ұсыныстар дайындайтын жер мониторингі тармақтарын құруды жалғастыру керек. Қазір жұмыс жасап жатқан мониторинг тармақтарына қосымша егістік жердің, өсімдіктердің жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын 6 станционарлық алаңның, 6 негізгі участоктің және 24 сынақ алаңының негізін қалау жоспарлануда. Су және жел эрозиясын, жердің сортаңдану және ластану процестерін бақылайтын жергілікті мониторингті жүргізу ісін ойластырған жөн. Ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған экономикалық жағдайда көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің, әсіресе ұсақ агроқұрылымдардың өздеріне бекітіліп берілген жерлерді тиімді пайдалануға мүмкіндіктері жоқ. Аймақтардың топырақтық – климаттық ерекшеліктерін ескеріп, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын ұтымды пайдалану, эрозияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып отыр. Сондықтан жергілікті атқарушы және басқа да органдардың назар аударуын қажет етеді.
Бөлім 2. 2. Бағдарламаның мақсаты
2. Бағдарламаның мақсаты Бағдарламаның мақсаты аудандардың ерекшеліктерін ескере отырып жерді ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жасау, олардың жай-күйін талдау, топырақ құнарлылығын арттыру, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдалану, эрозияға қарсы басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау, жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай іс-әрекет жасалады:
Тармақша 1
1) 2000 жылдың аяғына дейін 43573 бірліктің жер үлесін дербестендіруді аяқтау;
Тармақша 2
2) азаматтар мен заңды тұлғаларды жерге құқықтарын беретін құжаттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру. 125089 жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылардың 120840-на кесім берілген;
Тармақша 3
3) шаруа (фермер) қожалықтарына берілген жер учаскелерінің шекараларын техникалық рәсімдеу процестерін аяқтау және оларға жерге құқық беретін құжаттар беру; Бұл үшін мыналар орындалуы тиіс: - жер учаскелерін бөлу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстары; - шекараларын белгілеу, көлемін анықтау.
Тармақша 4
4) Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бірлесе отырып жерді ұтымды пайдалану жөніндегі аймақтық бағдарламаны жасау;
Тармақша 5
5) топырақтың құнарлылығын арттыру;
Тармақша 6
6) жер ресурстарын, әсіресе егістік жерлерді қорғаудың тәртібін жасау;
Тармақша 7
7) экология және қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары, ауыл және орман шаруашылықтары басқармалары, облыстық жер инспекциясы органдарымен бірлесіп жердің қорғалуына құрама тексеру жүргізу;
Тармақша 8
8) су және жел эрозиясын, жердің сортандану және ластану процестерінің өсуін бақылайтын жергілікті мониторинг енгізу. Аудандардың және Ақтөбе қаласы әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып әзірлеп және бекіту:
Тармақша 1
1) Жерлерді аймақтарға бөлудің аудандық бағдарламасын.
Тармақша 2
2) Тыңайған (тасталған) жерлерді пайдалану жөніндегі іс-шараларды.
Тармақша 3
3) Егістік жерлерге түгендеу жүргізуді.
Тармақша 4
4) Егістік жерлердің құрамынан өнімі төмен жерлерді шығарып тастауды.
Тармақша 5
5) Құрылымдық қайта жаңғырту және жер ресурстарын басқару саласын кадрмен қамтамасыз ету ісін жүргізу.
Бөлім 3. 3. Қаржыландыру көздері
3. Қаржыландыру көздері Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі бағдарламада көзделген іс-шаралар белгілі мөлшерде қаржыны қажет етеді. Бұл жұмыстардың бір бөлігі (егістік жерлерді түгендеу, селолық елді мекендердің аумағын жер шаруашылық жағынан орналастыру, жер мониторингі тармақтарын құру, топырақты және геоботаникалық іздестірулер) республикалық бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылады. Пайдаланылмай жатқан жерлердің, тыңайтылған (тасталған) жерлердің проблемалары жөніндегі мақсатты бағдарламаны жасау, суарма жерлерді және жайылмаларды пайдалануды жақсартудың іс-шаралары, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғауды жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асыру, тыңайған жерлерді шалғындандыру, суарма жүйелерін, суландыру құрылғыларын қайта жабдықтау шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен қаржыландыру ұсынылады.
Бөлім 4. 4. Күтіліп отырған нәтиже
4. Күтіліп отырған нәтиже Бағдарламаны жүзеге асыру:
Тармақша 1
1) шартты жер үслестерін дербестендіруге, тасталған тыңайтылған жерлерді егістікке қосуға және келешегі жоқ, өнімі төмен жерлерді айналымнан алуға;
Тармақша 2
2) жердің нақты меншік иелерін және жерді пайдаланушыларды қалыптастыруға, оларды жер учаскелеріне құқығын куәландыратын құжаттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Басқа 27
Облыс Әкімінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 107 шешімімен бекітілген Жерлерді ұтымды пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, басқа да табиғатты қорғау шараларымен кешенді түрде жер ресурстарын қорғау жөніндегі 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асырудың шаралар жоспары Рет саны Іс-шараның атауы Көрсеткіштері Орындау мерзімі Барлығы Орындау үшін жауаптылар 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Шар­тты жер үле­сте­рін дер­бес­тен­ді­ру­ді аяқ­тау Үлес са­ны 43573 - - - 43573 2. Жер учас­ке­ле­рін мы­нан­дай құ­жат­тар­мен қам­та­ма­сыз ету: - құқық­ты рас­тай­тын құ­жат­тар­ды рә­сім­деу және бе­ру; - ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы жер­ле­рін пай­да­ла­ну­шы­лар үшін жер­дің са­па­лық жай-күйі ту­ра­лы құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу және бе­ру Жер учас­ке­сіне мен­шік құқы­ғын, жер­ді пай­да­ла­ну құқы­ғын бе­ре­тін ке­сім. Жер учас­ке­сі­нің пас­пор­ты 2300 Тұ­рақ­ты тап­сы­рыс бой­ын­ша 2000 Тұ­рақ. тап­сыр. бой­ын. 1800 Тұ­рақ. тап­сыр. бой­ын. 1800 Тұ­рақ. тап­сыр. бой­ын. 7900 Тап­сы рыс бой­ын. Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, об­лы­стық жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ко­ми­тет, Го­с­Н­ПЦ­зем Жерді ұтымды пайдалану 3. Жер­ді ұтым­ды пай­да­ла­ну, то­пы­рақ құ­нар­лы­лы­ғын арт­ты­ру және жер ре­сур­ста­рын қор­ғау жө­нін­де­гі аудан­дық бағ­дар­ла­ма­лар­ды әзір­леп бе­кі­ту Аудан­дар­дың бағ­дар­ла­ма­ла­ры 13 - - - 13 Аудандардың және Ақтөбе қаланың әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық аумақтық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет 4. Жер­лер­дің ай­мақ­ты схе­ма­ла­рын әзір­леу және бе­кі­ту Схе­ма­лар 13 - - - 13 5. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­сат­та­ры үшін бұ­рын бе­рі­ліп, пай­да­ла­ныл­май жа­тқан жер­лер­дің про­бле­ма­ла­ры бой­ын­ша мақ­сат­ты бағ­дар­ла­ма әзір­леу Бағ­дар­ла­ма 13 - - - 13 6. Ты­ңай­ған /та­стал­ған/ жер­лер­ді пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу Іс-ша­ра­лар 13 - - - 13 Го­с­Н­ПЦ­зем 7. Бұ­зы­л­ған жер­лер­ге тү­ген­деу жүр­гі­зу мың. га 2.4 3.9 3.9 3.6 13.8 Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру ко­ми­тет­те­рі, қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау бас­қар­ма­сы, Го­с­Н­ПЦ­зем 8. Егі­стік жер­лер­ге тү­ген­деу жүр­гі­зу мың. га 1274.5 199.2 200.0 198.5 1872.2 Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, ГосНПЦзем 9. Егі­стік жер­лер құ­ра­мы­нан өні­мі тө­мен пер­спе­ти­ва­сыз жер­лер­ді шы­ға­ру­ды аяқ­тау мың. га 909.5 - - - 909.5 10. Тө­мен өнім бе­ре­тін ты­ңай­ған жер­лер­ді шал­ғын­дан­ды­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу мың. га 111.0 113.0 115.0 115.0 454.0 11. Ар­на­у­лы жер қо­рын құ­ру және оны ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу субъ­ек­ті­лер ара­сын­да қай­та бө­лу Ақ­па­рат тұ­рақ­ты ақ­па­рат тұ­рақ­ты ақ­па­рат тұ­рақ­ты ақ­па­рат тұ­рақ­ты ақ­па­рат тұ­рақ­ты ақ­па­рат 12. Се­ло­лық ел­ді ме­кен­дер­дің ау­ма­ғын жер-ша­ру­а­шы­лық жа­ғы­нан ор­на­ла­сты­ру­ды жүр­гі­зу Ел­ді ме­кен­дер­дің са­ны 111 111 111 111 444 13. Су­ар­ма жер­лер мен жай­ыл­ма­лар­ды пай­да­ла­ну­ды жақ­сар­ту жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды орын­дау: - су­ар­ма жүй­е­ле­рін қай­та құ­ру; - жай­ы­лым­дық­тар­да­ғы су­лан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­рын қай­та құ­ру; - сор­таң­да­ну­ға қар­сы және тұз­сыздан­ды­ру іс-ша­ра­ла­ры; - мал азығ­ын­дық жер­лер­ді жақ­сар­ту. мың. га мың. га мың. га мың. га 0.6 350.0 12,0 0.7 400.0 18.7 0.7 400.0 34.5 0.5 400.0 46.6 2.5 1550.0 111.8 Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы, су жө­нін­де­гі ко­ми­тет, об­лы­стық жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ко­ми­тет, Го­с­Н­ПЦ­зем 14. Эро­зи­я­ға қар­сы іс-ша­ра­лар әзір­леу: - қор­ға­ны­стық ек­пе аға­штар отыр­ғы­зу; - эро­зи­я­ға қар­сы гид­ро­құ­ры­лы­стар са­лу; - эро­зи­я­ға ұшы­ра­ған жер­лер­ді шал­ғың­дан­ды­ру мың. га құ­ры­лы­стар­дың са­ны тү­рі бой­ын­ша мың. га 0.2 4 0.2 4 0.2 4 0.2 4 0.8 16 Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы, об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы, об­лы­стық жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ко­ми­тет, Го­с­Н­ПЦ­зем 15. Жер­ді қай­та өң­деу га 1229 1374 1300 1450 5353 Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, об­лы­стық жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ко­ми­тет, Го­с­Н­ПЦ­зем Топырақ құнарлылығын арттыру. Жер мониторингін жүргізу. 16. Жер­дің жай-күй­і­нің өзге­ру­іне ба­қы­лау жүр­гі­зу, са­рап­тау және ұсы­ны­стар дай­ын­дау: -егі­стік жер­лер­ге -мал азығ­ын­дық жер­лер­ге Ұсы­ны­стар мың. га мың. га 10.0 10.0 18.1 13.9 22.2 15.9 22.3 16.0 72.6 55.8 Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, ГосНПЦзем 17. -Жел және су эро­зи­я­сы­ның; -жер­дің тұз­да­нуы­ның; -жер­дің ла­ста­нуы­ның өсу­іне жер­гі­лік­ті мо­ни­то­ринг­тік ба­қы­лау жүр­гі­зу мың. га мың. га мың. га 516.6 370.0 7.0 600.0 400.0 8.0 650.0 355.0 7.0 588.0 355.0 7.0 2354.6 1480.6 29.0 18. Жер мо­ни­то­рин­гі тар­мақ­та­рын құ­ру: -стан­ци­о­нар­лық алаң­дар -негіз­гі учас­ке­лер -сы­нақ алаң­да­ры. Са­ны Са­ны Са­ны - - - 2 2 8 2 2 8 2 2 8 6 6 24 19. Із­де­сті­ру жұ­мыста­рын ма­те­ри­ал­дар­мен қам­та­ма­сыз ету: -то­пы­рақ­ты­лық -гео­бо­та­ни­ка­лық мың. га мың. га 750.0 3500.0 800.0 4000.0 800.0 4000.0 2350.0 11500.0 Аудан­дар­дың және Ақ­тө­бе қа­ла­сы­ның әкім­де­рі, об­лы­стық жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ко­ми­тет, Го­с­Н­ПЦ­зем 20. Ты­ңайт­қы­штар­ды қол­да­ну: -ор­га­ни­ка­лық -ми­не­раль­ды мың. га мың. тон­на 8.0 500 10.0 600 10.0 800 10.0 800 38.0 2700.0 Об­лы­стық ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы бас­қар­ма­сы, ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу субъ­ек­ті­лер Жер ресурстарын қорғау, табиғатты қорғаудың басқа да құрама іс-шаралары 21. Жер заң­на­ма­ла­ры­ның сақ­та­луын тек­се­ру, бар­лы­ғы Са­ны 1152 1267 1393 1532 5344 Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері, облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, облыстық жер инспекциясы, облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы 22. Эко­ло­гия және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау ор­ган­да­ры­мен бір­ле­се оты­рып құ­ра­ма тек­се­ру жүр­гі­зу Са­ны 4 7 11 15 37 23. Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын­да тек­се­ру­дің қо­ры­тындыс­ын жа­ри­я­лау са­ны Тоқ­сан сай­ын Тоқ­сан сай­ын Тоқ­сан сай­ын Тоқ­сан сай­ын 16 рет Құрылымдық қайта жаңғырту және жер ресурстары басқармасы саласын кадрлық қамтамасыз ету 24. Ақ­тө­бе қа­ла­сын­да жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ор­ган құ­ру және се­ло­лық әкім­дер ап­па­ра­ты­на жер­ге ор­на­ла­сты­ру­шы ма­ман­дар шта­тын бе­ру Ка­дастр­лық ор­та­лық­тар - 1 ор­та­лық 7 бір­лік Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет, облыстық жер инспекциясы 25. Аудан­дар­да өн­ді­рі­стік бө­лім­ше­лер ұй­ым­да­сты­ру Жер ре­сур­ста­рын бас­қа­ру жө­нін­де­гі ор­ган­дар - 3 15 бір­лік 4 20 бір­лік 6 32 бір­лік 13 67 бір­лік