Қолданыстағы ред. 04.12.2000 (Редакция 9222_295793.kaz)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысьн жүзеге асыру туралы от 04.12.2000 г. № 366 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысьн жүзеге асыру туралы)

0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы № 1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысьн жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі №377 «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығын орындауға негізделіп қабылданған Республика Үкіметінің 2000 жылғы 31 қазандағы №1641 «Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысында қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.

2

2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық мекеме, ұйым басшылары, бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуына жауапты ретінде олардың орындалуы жайлы жылына екі рет (15.07., 15.01.) облыс әкіміне есеп берсін.

3

3. Облыстық прокуратураға (Б.Асқаров), Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментіне (С.Орымбаев), көлік прокуратурасына (Ж.Жанұзақов) бағдарламадағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты облыс әкіміне сол мерзімде беру ұсынылсын.

4

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке және облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөліміне (Ә.Бәкіров) жүктелсін.