О проведении приписки граждан 2000 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан 2000 года рождения к призывному участку объединенного отдела по делам обороны города Балхаш Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- 2000 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеудi өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 20.12.2016
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2017 109447_277727.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16KR004126
- ЭКБ идентификаторы
- 109447
- Редакция идентификаторы
- 109447_277727
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:51
0 2000 жылы туған азаматтарды
Қарағанды облысы Балқаш
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бiрiктiрiлген бөлiмiнің
шақыру учаскесіне тiркеудi
өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 «Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін 2000 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеу ұйымдастырылсын.
2 2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босатылсын.
3
3. Приозерск қаласы әкімінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 1 «1999 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 24 қарашасында № 3515 болып тіркелген, 2015 жылдың 11 желтоқсанында № 49/434 «Приозерский вестник» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
5 5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
«КЕЛIСIЛДI»
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
подполковник
_________________Н.У. Аманжолов
2016 жылғы «20» 12