Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год

Өзге акт · № 1143 · қабылданған 29.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-4929/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год Күшін жойған 05.12.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год

Күшін жойған Өзге акт № 1143 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды по городу Алматы на 2000 год
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы бойынша 2000 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1143
Қабылданған күні
29.11.1999
Көрсетілген редакция
05.12.2000 4929_230141.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R000087_
ЭКБ идентификаторы
4929
Редакция идентификаторы
4929_230141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы қаласы бойынша 2000 жылғы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 05.12.2000 № 1133 шешімімен.
Қазақстан Республикасының № 160-1 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау" туралы Заңының 10 бабының 2 тармағы, 20 бабының 1 тармағы және 29 бабы негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.12.98 жылғы № 1213 "Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы алу ережесі" туралы бекітілген Қаулысының 8, 12, 13 баптарына сәйкес Алматы қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшері 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілсін (№ 1 қосымша).

2. Алматы қаласында тіркелген табиғатты пайдаланушыларға 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылғы төлемдер мөлшеріне сай төлемдер жасау жүктелсін.

3. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Шатов Е.И.), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алматы қалалық салық комитеті (Қалижанов Б.У.), Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етсін.

4. Қалалық қоршаған ортаны қорғау қоры (Жұбатов Ж.) бұқаралық ақпарат құралдары ("Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттері) арқылы қоршаған ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшерін 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейін табиғатты пайдаланушыларға жеткізсін.

5. Алматы қаласы Әкімінің 1998 жылғы 25 ақпандағы қабылдаған "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер мөлшерін бекіту туралы" № 196 шешімінің күші жойылған деп танылсын.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсін.

7 ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ

Алматы қаласы әкімінің
1999 жылғы 29 қарашадағы
№ 1143 шешіміне
№ 1 қосымша
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшін 2000 жылға арналған
ТӨЛЕМДЕР МӨЛШЕРІ
---------------------------------------------------------------------------
N ! Көрсеткіштер !Өлшем бірлігі!Төлем
! ! !мөлшерлері
---------------------------------------------------------------------------
1. Тұрақты көздердің ластанғаны үшін теңге/ш.т. 434
2. Жылжымалы көздердің жұмыс істегенде
ластағаны үшін:
этилденбеген бензин жанармайымен теңге/т 644
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 599
дизель жанармайымен теңге/т 1018
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 947
сұйытылған мұнай газымен теңге/т 577
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/т 537
сығылған табиғи газбен теңге/1000 м3 281
этильденген бензин жанармайымен теңге/т 7917
3. Су көздерін ластайтын заттарды
тастағаны үшін теңге/ш.т. 5000
4. Тұтыну және өндіріс қалдықтарын
орналастырғаны үшін:
улылығы V сыныпты ластаушы теңге/т 486
улылығы ІV сыныпты ластаушы теңге/т 972
улылығы ІІІ сыныпты ластаушы теңге/т 1944
улылығы ІІ сыныпты ластаушы теңге/т 7776
улылығы І сыныпты ластаушы теңге/т 15552
Радиоактивтік қалдықтарды теңге/ГБк 21
орналастырғаны үшін.
5. Айрықша қорғалатын табиғи аймаққа
(АҚТА) кiргенi үшiн:
жеңiл автомобиль теңге/машина 150
жүк автокөлiгi және автобустар теңге/машина 400
проксимити-карталар алатын
автокөлiк иелерi теңге/машина көп рет өткенi
үшiн 10%
жеңiлдiк
(кемiнде 10 рет)
АҚТА аймағында тұратын немесе саяжай
учаскелерi бар автокөлiк иелерi теңге/орам 200
АҚТА аумағында жұмыс iстейтiн
автокөлiк иелерi теңге/орам 500
АҚТА аумағындағы ұйымдардың теңге/орам
автокөлiктерi машина 1000
Арнаулы автокөлiктер және
дипломатиялық корпустың автокөлiктерi теңге/машина АҚҚОҚБ
беретiн
рұқсатнамалар
бойынша тегiн
ҰОС мүгедектерiнiң, қатысушыларының,
еңбек ардагерлерiнiң, зейнеткерлердiң
автокөлiктерi теңге/машина Құжаттарын
көрсетсе,
тегiн
📌 Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 428
шешімімен.
6. Қаланың атмосфералық ауасын бөгде
көліктердің тұрақты қатынайтын
халықаралық және қалааралық
автобустарды қоспағанда ластағаны
үшін:
Ескерту. 6 тармақ толықтырылды - Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 2 наурыздағы № 217
шешімімен.
бензин жанармайымен жұмыс істейтін
жеңіл көлік теңге/көлік 360
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 340
бензин жанармайымен жұмыс істейтін
жүк және автобус көлігі теңге/көлік 730
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 680
дизель жанармайымен жұмыс істейтін
жүк және автобус көлігі теңге/көлік 870
сонымен қатар, ластауды төмендететін
әдістерді пайдаланған кезде теңге/көлік 810
Тракторлар теңге/көлік 1090
газ отынымен жұмыс істейтін көліктер теңге/көлік 150
7. Қала аумағындағы жасыл желектерді
сындырғаны үшін (қалпына келтіру)
төлем ақысы
жеке тұрған құнды ағаштарды теңге/дана 26085
дейін
жеке тұрған ағаштарды теңге/дана 18538
дейін
бұташаларды теңге/дана 973
дейін
жасыл бауларды теңге/1 к.м 744
дейін
көк желектерді теңге/1 ш.м 274
дейін
гүлзарларды теңге/1 ш.м 744
дейін
---------------------------------------------------------------------------