Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год

Өзге акт · № 244 · қабылданған 08.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-4932/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год Күшін жойған 08.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год

Күшін жойған Өзге акт № 244 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов платежей за загрязнение окружающей среды на 2000 год
Атауы (қаз.)
Айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер нормативін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
244
Қабылданған күні
08.12.1999
Көрсетілген редакция
08.12.1999 4932_253327.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99Z0000115
ЭКБ идентификаторы
4932
Редакция идентификаторы
4932_253327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:47
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер нормативін бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 11.12.2000 № 215 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Айналадағы ортаны қорғау туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160-1, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы № 2578 ХІІ және «Бюджеттік жүйе туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңдарын басшылыққа алып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Айналадағы ортаны пайдаланғаны және өндіріс қалдықтарын орналастырғаны, ластайтын заттарды тастағаны (шығарғаны), және бұларды 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосқаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер нормативі бекітілсін (№ 1 және №2 қосымшалар).

2. Облыстық салық комитеті, облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры, аудандардың және Орал қаласының әкімдері табиғат пайдаланушылардың айналадағы ортаны ластағаны және табиғат қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін айыппұлдарды дер кезінде төлеуіне бақылау орнатсын.

3. Облыстық қаржы басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры табиғатты пайдаланғаны үшін төлемдерді белгіленген сметаға сәйкес экологиялық шараларды қаржыландыру мақсаттарына жұмсауды қамтамасыз етсін.

4. Облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасы, айналадағы ортаны қорғаудың облыстық қоры шаруашылық жүргізуші барлық заңды және жеке тұлғалармен табиғатты пайдалану үшін жасауды қамтамасыз етсін.

5. Осы шешім және айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшері бұқаралық ақпарат құралдар жариялансын.

6. Облыс әкімінің «Айналадағы ортаны ластағаны үшін 2000 жылға арналған төлемдер мөлшерін бекіту туралы» 1999 жылғы 27 қаңтардағы шешімінің күші жойылды деп танылсын.

7. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.

8 Коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындарға, жолаушылар көлігі жүк автокөлігі және айналадағы ортаны пайдалану үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ

Облыс әкімінің 1999 жылғы
8 желтоқсандағы № 244 шешіміне
№ 1 қосымша
Коммуналдық салаға қызмет көрсететін кәсіпорындарға, жолаушылар көлігі жүк автокөлігі және айналадағы ортаны пайдалану үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ
Төлем түрлері
Төлем нормасы, теңге
Ластайтын заттарды сыртқа шығарғаны және тастағаны үшін төлемдер (1 шарты тоннаға)
а) атмосфераға ластайтын заттарды шығарғаны
250
б) су жолдары объектілеріне, жинақтағыштарға, далаға және жергілікті рельефтерге ластайтын заттарды тастағанға
2761
1. Жылжымалы көздерден ауаға лас заттарды шығарғаны үшін төлемдер (жанған отынның 1 физикалық тоннасына):
а) этилді емес бензин
б) этилді бензин
в) дизель отыны
г) сұйтылған газ
д) сығымдалған газ
300
250
390
225
150
2. Өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдалану үшін төлемдер (1 физикалық тонна) олардың улылық класына байланысты:
1 класс (32 балл)
2 класс (16 балл)
3 класс (4 балл)
4 класс (2 балл)
5 класс (1 балл)
2560
1280
320
160
80

9 Коммуналдық салаға қызмет көрсетумен байланысты қамтуды қажет етпейтін табиғат емес кәсіпорындары мен пайдаланушыларға, ластайтын заттарды шығарғаны, өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдаланғаны үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ

Облыс әкімінің 1999 жылғы
8 желтоқсандағы № 244 шешіміне
№ 2 қосымша
Коммуналдық салаға қызмет көрсетумен байланысты қамтуды қажет етпейтін табиғат емес кәсіпорындары мен пайдаланушыларға, ластайтын заттарды шығарғаны, өндіріс қалдықтарын орналастыру және айналадағы ортаны пайдаланғаны үшін 2000 жылға арналған ТӨЛЕМДЕР НОРМАТИВІ
Төлем түрлері
Төлем нормасы, теңге
Ластайтын заттарды сыртқа тұрақты көздерден шығарғаны және тастағаны үшін төлемдер (1 шарты тоннаға)
а) атмосфераға ластайтын заттарды шығарғаны
350
б) ластайтын заттарды тастағаны
- су жолдарына
- жинақтағыштарға
- сүзу жолдарына
- жергілікті рельефтерге
5000
2500
3500
4500
1. Жылжымалы көздерден ауаға лас заттарды шығарғаны үшін төлемдер (1 физикалық тоннаға):
а) этилді емес бензин
б) этилді бензин
в) дизель отыны
г) сұйтылған газ
д) сығымдалған газ
300
365
470
270
180
2. Өндіріс қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортада пайдаланғаны (1 физикалық тонна): улылық класына байланысты:
1 класс (32 балл)
2 класс (16 балл)
3 класс (4 балл)
4 класс (2 балл)
5 класс (1 балл)
3200
1600
400
200
100