Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по организации борьбы с саранчовыми в 2000 году

Өзге акт · № 22р · қабылданған 14.02.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-5477/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по организации борьбы с саранчовыми в 2000 году Қолданыста 14.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по организации борьбы с саранчовыми в 2000 году

Қолданыста Өзге акт № 22р 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по организации борьбы с саранчовыми в 2000 году
Атауы (қаз.)
2000 жылы шегірткемен күресуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22р
Қабылданған күні
14.02.2000
Көрсетілген редакция
14.02.2000 5477_285809.kaz
Соңғы өзгеріс
14.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00K000059_
ЭКБ идентификаторы
5477
Редакция идентификаторы
5477_285809
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:39
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2000 жылы шегірткемен күресуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
2000 жылы шегірткемен күресуді ұйымдастыру және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ауылшаруашылығы дақылдарының астығын рәсуалауға жол бермеу жөніндегі қорғау шараларын жүргізуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында:

1. Құрамы N1 қосымшаға сәйкес облыстық штаб құрылсын.

2. Облыстық штаб:

-әзірленген бағдарламаға сәйкес, 2000 жылы шегірткемен күресуде қауырт шараларды жүргізу бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамиамасыз етсін;
-облысқа Республикалық бюджет қаржыларының есебінен бөлінген инсектицидтердің мақсатты және тиімді пайдалануына тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырсын.

3. Облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Тұңғышбеков С.Т.) шегірткемен кұресуде қызметтер көрсету бойынша тендер ұйымдастырып, өткізсін және өсімдіктерді қорғау жөніндегі жұмыстарды орындауға, осы мақсаттарға облыстық бюджетте көзделген 10,0 млн. теңгеге, келісім шарттар жасасын.

4. Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Шушиков К.М.):

-шегіртке зиянкестерінің қоныстанған алаңдарын анықтау үшін алқаптарды зерттеу әдістемесі, олармен күрестің мерзімдері мен әдістері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге нақты ұсынымдары бар ақпараттық буклеттер әзірленсін;
-аудандарда ауылшаруашылығы құрылымдарының басшыларымен шегірткемен күрес жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша семинарлар өткізсін;
-облыстық, аудандық аумақтық басқармалар мамандарының, ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен шегіртке зиянкестері қоныстанған алаңдарды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

5. Облыстық санэпидемстанциясы (Сәтеков С.Б.) және облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Қожахметов Б.Т.) инсектицидтерді қолдану жөн-жосығының сақталуына тиісті бақылау жасауды ұйымдастырсын.

6. Аудандық аумақтық басқармаларының бастықтары, ауылшаруашылығы құрылымдарының басшылары:

-түгендеуді өткізу және арнаулы бүріккіш техникасын жұмысқа әзірлеу жөнінде шаралар қабылдасын.

7. Аудан әкімдері:

-жер-жерде ұқсас міндеттерді шешу үшін штабтар құрсын;
-шегіртке зиянкестерінің залал келтірудің экономикалық шегінен жоғары қоныстанған барлық алаңды химиялық әдіспен өңдеу үшін қосымша техника тарту жөніндегі мәселені дәйектесін және есебін облыстық штабқа ұсынсын.

8. Облыстқ штабтың бастығы осы өкімінің орындалу барысы туралы апта сайын хабарлап отырсын.

9. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т.Тұңғышбековке жүктелсін.

1 2000 жылы облыс аумағына шегіртке зиянкестерімен күресуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штабтың құрамы

Облыс әкімінің 2000 жылғы
14 ақпан N 22р өкіміне
N 1 қосымша
2000 жылы облыс аумағына шегіртке зиянкестерімен күресуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық штабтың құрамы
Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы – облыс әкімінің орынбасары, штаб бастығы
Шушиков Кәрібай Мақашұлы - облыстық аумақтық басқармасының бастығы, штаб бастығының орынбасары
Шахарбаев Төлеутай Мінапасұлы – облыстық ауыл шаруашылығы департаменті бастығының орынбасары
Рейтаров Виктор Андреевич – Төтенше Жағдайлар жөніндегі облыстық басқарманың бастығы
Сәтеков Серік Түгелбайұлы – Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері
Қожахметов Балташ Тілепбекұлы – облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы
Головинова Валентина Ивановна – облыстық аумақтық басқармасының бөлім бастығы
Терехов Дмитрий Петрович – облыс әкімі орынбасарының АӨК мәселелері жөніндегі көмекші-кеңес берушісі