Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000 учебном году

Өзге акт · № 12 · қабылданған 10.02.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-5505/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000 учебном году Қолданыста 10.02.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000 учебном году

Қолданыста Өзге акт № 12 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О подготовке военно-технических специалистов для Вооруженных Сил Республики Казахстан в 2000 учебном году
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін 2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандар даярлау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12
Қабылданған күні
10.02.2000
Көрсетілген редакция
10.02.2000 5505_254076.kaz
Соңғы өзгеріс
10.02.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00K000061_
ЭКБ идентификаторы
5505
Редакция идентификаторы
5505_254076
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:40
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін 2000 оқу жылында әскери-техникалық мамандардаярлау туралы

📌 Ескерту. Қолданылу мерзімі өтіп кетуіне байланысты қызметі тоқтатылды - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысының 2005.01.21 N 05-11/89 хатымен.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 14 қарашадағы Жарлығымен аталмаш Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және ҚР Қорғаныс Министірінің 1996 жылғы 28 ақпандағы N 40 директивасына, ҚР ҚК Бас Штабы Бастығының 1999 жылғы желтоқсандағы N 382 Бұйрығына сәйкес, Қарағанды Қаласының әскери-техникалық мектебінде (ӘТМ) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мамандар даярлау үшін:

1. 2000 жылға шақырылған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери-техникалық мамандар даярлаудың жоспары бекітілсін (қосымша N 1).

2. Қарағанды қаласының Совет (Шалабаев А.С.), Октябрь (м.а. Уахитов Б.У.) аудандарының және Абай ауданының (Иванов В.И.) әкімдері, облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е):

- Қарағанды қаласының ӘТМ-ін жинақтауды және әскери-техникалық мамандары даярлау жоспары орындауды қамтамасыз етсін;
- ӘТМ-де даярлау үшін іріктеліп шақырылғандар автомобтль жүргізуге жарамдылығын аңықтау үшін лайықталған комиссияда медициналық куәландырудан, сондай-ақ – алынатып әскери-техникалық мамандық бойынша әскери қызметке жарамдылығы жөнінде әскери комиссариаттар жанындағы медициналық комиссиядан өткізілсін;
- басқа ұйымдарда даярланған, әскери-техникалық мамандығы бар шақырылғандардың есебі жүргізілсін, Қорғаныс Министрлігінің тапсырмасына сәйкес, олар әскерлеуге тек қана әскери-техникалық мамандығы бойынша жіберінсін.

3. Облыстық білім беру департаменті (Бекметов Е.П), облыстық туризм және спорт комитеті (м.а. Өтешов А.Л.) шақырылғандардың Қазақстан Республикасының Конституциясын және Отан қоғау мәселеллері жөнінідегі Заңдарын, Қазақстан тарихын оқып-үйренуі бойынша Қарағанды қаласының ӘТМ-не көмек көрсетсін, сондай-ақ дене шынықтыруды бойынша ұдайы өтетін оқу-жаттықтыру сабақтарын ұйымдастырсын және оқудың соңында президенттік тестерді тапсыруды қамтамасыз етсін.

4. Облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е.), Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебі (Ахматқұлов Д.Ж.) мектептің оқу-материалдық базасын Қарулы Күштер үшін әскери-техникалық мамандар даярлау Бағдарламасының талаптарына сәйкес қалыпқа келтірсін, оны тәжірибелі оқытушылармен және өндірістік оқу шеберлерімен жасақтасын.

5. Облыстық әскери комиссар (Дарманқұлов М.Е.) шешімнің орындалу барысы туралы ақпаратты 2000 жылғы 20 желтоқсан қарсаңында ұсынсын.

6. Аталмыш шешімінің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Х.Б.Қабжановқа жүктелсін.

1 Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінде ҚР ҚК үшін әскери-техникалық ммандар даярлаудың 2000 арналған ЖОСПАРЫ

Қарағанды облысы әкімінің
2000 ж. 10.02 N12
шешіміне N 1 қосымша
Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебінде ҚР ҚК үшін әскери-техникалық ммандар даярлаудың 2000 арналған
ЖОСПАРЫ
Рет N
АӘК атауы
Жоспар барлығы
«С» санатындағы жүргізушілер
МТЛБ механик- жүргізушілері
1.
Абай АӘК
30
30
2.
Октябрь АӘК
75
30
45
3.
Совет АӘК
75
30
45
Барлығы
180
90
90