Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об очередном призыве граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды 2000 жылғы сәуiр-маусымда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 127
- Қабылданған күні
- 02.04.2000
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2000 5644_291949.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00U000137_
- ЭКБ идентификаторы
- 5644
- Редакция идентификаторы
- 5644_291949
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:33
0 Азаматтарды 2000 жылғы сәуiр-маусымда мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 13.06.2001 № 174 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 29 наурыздағы N 368 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың
сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы"
Жарлығының негiзiнде:
1. Мерзiмдi қызметке шақыруға кейiнге қалдыруға құқығы жоқ
1982-1973 жылғы азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды және
1998 жылдың 1 сәуiрінен 30 маусымға дейiн шақырылғандар Қарулы Күштерiне
жiберілсін.
2. Аудандық (қалалық) шақыру комиссиялардың жұмысына басшылық ету
және бақылау үшiн мына құрамдағы облыстық комиссиясы құрылсын:
Д.Қ. Мыңбай облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Т.М. Нуров облыстық әскери комиссар, комиссия төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
В.А. Ковтунова облыстық аурухананың медбикесi, комиссияның
хатшысы (келiсiм бойынша)
Комиссия мүшелерi:
К. Әбдiраманов облыстық iшкi iстер бас басқармасы бастығының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Р.Р. Танаев облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық
жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi
М.Ә. Жылқышиев дәрiгер, облыстық әскери-дәрiгерлiк
комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша)
Облыстық шақыру комиссиясы өз жұмысын 2000 жылдың 10 сәуiрінен
бастасын.
3. Комиссияның төрағасы аудандық, қалалық шақыру комиссиялардың жұмысын және 2000 жылдың көктемдегi шақырудың барысын бақылау үшiн жолсапарларға шығу кестесiн комиссияның барлық мүшелерiмен үйлестiрсiн.
4. Облыстық шақыру комиссиясының жұмысы облыстық жиналу пунктiнiң негiзiнде ұйымдастырылсын. Облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссия жұмысының күн тәртiбi сенбi және жексенбi күндерден басқа 9.00-ден 18.00-ге дейiн белгiленсiн.
5. Облыс әкiмшiлiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы (Б. Баймаханов):
- қалалық, аудандық және облыстық шақыру комиссияларындағы дәрiгер-мамандар шақырушыларды медициналық куәлендiруден өткiзудi Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 1995 жылғы N 61 бұйрығында анықталған медициналық куәлендірудi" әдiстерi мен нормаларына сәйкес қала, аудан әкiмдерi белгiлеген мерзiмде ұйымдастырсын;
- емдеу мекемелерi қажеттi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етiлсiн;
- шақыру комиссиялардың жолдамалары бойынша шақырушыларды стационарлық қараудан шұғыл өткiзу ұйымдастырылсын;
- облыстық жиналу пунктi үшiн медициналық бақылау комиссиясының жұмыс уақытына жылжымалы рентген қондырғысы бөлiнсiн;
- 2000 жылдың 20 сәуiріне дейiн шақыру комиссияларының жұмыс қорытындылары талдансын, медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру, жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және оларды медициналық куәлендiру жөнiндегi ұсыныстар дайындалсын;
- облыстық, қала, аудандық денсаулық сақтау органдарының сұраныстары бойынша шақыру комиссиялар үшiн қосымша дәрiгер-мамандар жiберiлсiн;
- облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың құрамына тағайындаулар облыстық әскери-дәрiгерлiк комиссияның төрағасы М. Жылқышиевпен келiсiлсiн.
6. Облыс әкiмшiлiгiнiң мәдениет басқармасы (А.Н. Сыдықов):
- шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде жастардың отаншылдық, отанының қауiпсiздiгiне тiкелей жауапкершiлiк және парыздық сезiмдерiн тәрбиелейтiн шығармашыл ұжымдардың концерттерiн және басқа да мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастырсын;
- әскери-отаншылдық тақырыптарға көркем және құжат фильмдерiн көрсетудi қамтамасыз етсiн;
- облыстық жиналу пунктiнен шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне салтанатты шығарып салу және ата-аналар, соғыс және еңбек ардагерлерi, өкiлдерi тарапынан бата берiлiп, меншiк нысанына қарамастан демеушiлердiң көмегiмен қайырымдылық тамақ берудi ұйымдастырсын (тiзбесi қоса тiркеледi).
7. "Қазбаспасөз" МК ОАО бөлiмшенiң директоры (Д.Ж. Абаева - келiсiмi бойынша):
- облыстық әскери комиссариаттың аумағында орналасқан газет дүңгiршектерiнде баспахананың бағалары бойынша облыстық және республикалық газеттердi және басқа да кеңсе тауарларын сатуды ұйымдастырсын;
8. Iшкi iстер Бас басқармасы (Р.Х. Өзбекқалиев - келiсiм бойынша) мерзiмдi әскери қызметке шақырылудан бас тартып жүрген азаматтарды iздестiруге және оларды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту шараларын көрсiн. Шақыру учаскелерi мен облыстық жиналу пунктiнен командаларды жөнелту күндерi қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етсiн.
Шақырылғандар командаларының медициналық комиссияға бару жолындағы тәртiптi және аудандық әскери комиссариаттардан облыстық жиналу пунктiне жеткiзудi қамтамасыз ету мақсатында оларды шығарып салу үшiн аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң өкiлiн бөлсiн.
9. Облыстық тұтынушылар одағы (Ш. Жамалбеков - келiсiм бойынша) шақыру учаскелерiнде, облыстық жиналу пунктiнде 2-3 тәулiк бойы тамақтандыруды және күнделiктi қажеттi тауарларды сатуды ұйымдастырсын.
10. Желiлiк iшкi iстер бөлiмi (В.А. Андреев - келiсiм бойынша) шақырылғандарды жөнелту кезiнде темiр жол стансаларындағы қоғамдық тәртiптi, сондай-ақ оларды Оңтүстiк Қазақстан облысының шекарасына дейiн шығарып салуды қамтамасыз етсiн.
11. Облыс әкiмшiлiгi спорт, дене мәдениетi және туризм департаментiнiң бастығы (П.Н. Қырықбаев):
- шақырылғандардың арасында ""Денсаулық" бағдарламасы бойынша және спорт разрядтарына нормативтердi тапсыру. Облыстық жиналу пунктiнде жоғарыда аталған нормативтердi дәлелдеу үшiн шақырылғандарды тексеру ұйымдастырсын;
- шақырылғандар арасында дене шымырлығының деңгейiн анықтауды өткiзу үшiн облыстық жиналу пункттерiн спорт құрал-жабдықтарымен және мүлiкпен қамтамасыз ету мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
12. Облыстық телерадио бiрлестiгi (Б. Қонысбеков - келiсiм бойынша) және облыстық, қалалық және аудандық газеттердiң редакциялары облыстық әскери комиссариатпен бiрлесiп, жастарды әскери қызметке дайындау және қызметтi атқаруға бағытталған арнайы бағдарламалар мен жариялымдарды берудi жалғастырсын.
13. Облыс әкiмшiлiгi индустрия, сауда және көлiк департаментiнiң әскери комиссариаттардың сұраныстары бойынша шақырылғандарды тасымалдау үшiн жергiлiктi бюджеттiң есебiнен техникалық жағдайы жақсы автобустардың қажеттi санын берсiн (N 1 қосымша).
14. Облыстық баспахана (П.Т. Тәңiрбергенов- келiсiм бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi бланкiлердi дайындасын.
15. "Шымкентэнерго" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның бас директоры (И.А. Анесов) жастардың медициналық куәлендiруден сапалы өткiзу мақсатында шақыру жүрiп жатқан кезде 2000 жылдың 1 сәуiрінен бастап 30 маусымға дейiн күн сайын сағат 9.00-ден 20.00 дейiн шақыру пункттерiн үздiксiз электр қуатымен қамтамасыз етсiн.
16. Қала, аудан әкiмдерi: - "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңның 14-бабына сәйкес шақыру комиссияларды көру туралы" шешiм қабылдасын;
- жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке дайындау және азаматтарды 2000 жылдың сәуiр-маусымында әскери қызметке шақыруды өткiзу жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жасасын және өткiзсiн;
- шақыруды ұйымдастыру және өткiзу, әскерге шақырылғандарды жөнелту үшiн комиссариаттарды аталған жұмыстарды атқару үшiн қолайлы жабдықталған үй-жайлармен қамтамасыз етсiн, дәрiгерлердiң, техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсетушi құрамдағы адамдардың қажеттi санын бөлсiн (N 2 қосымша);
- меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, кәсiпорындар, оқу орындары мен басқа шаруашылық субъектiлердiң басшыларынан "Жаппай әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңы 33-бабы 5-тармағының талаптарын мiндеттi түрде орындауын талап етсiн;
- Шымкент қаласының әкiмi (Т. Бекжiгiтов) NN 1,2 қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлердiң және қызмет көрсету құрамының қажеттi санын, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру кезiнде облыстық жиналу пунктiнiң жұмысы үшiн кезекшi автокөлiк бөлсiн;
- ауыл округтерiнiң әкiмдерi шақырылғандардың алған шақыру қағаздарына сәйкес аудан, қала комиссариаттарына баруын қамтамасыз етсiн.
17. Меншiк нысанына және бағыныштылығына қарамастан барлық кәсiпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары шақырылғандарды iссапарларынан (демалыстарынан) шақырып алсын және олардың шақыру учаскелерiне дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.
18. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (Ш.П. Раздықов - келiсiм бойынша) шақыру науқанын өткiзу кезiнде телефон байланысының үздiксiз жұмыс iстеп тұруын қамтамасыз етсiн.
19. Облыс iшкi iстер Бас басқармасы жол полициясы басқармасының бастығы (А.Ш. Қаныбеков - келiсiм бойынша) облыстық жиналу пункттерiне баратын жолдардағы тәртiптi ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн. Шақырылу кезiнде Патриса Лумумба және Григоренко көшелерi жанындағы қозғалыс шектелiп, арнайы белгiлер қойылсын.
Қабылданған шаралар, сондай-ақ шақырудың қорытындылары туралы облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқық жұмыс бөлiмiне 2000 жылдың 5 маусымға қарай хабарлансын.
Осы шешiмнiң орындалуы 2000 жылдың маусымында - шақыру комиссияларының төрағаларының - қала, аудан әкiмдерi орынбасарларының қатысуымен облыс әкiмшiлiгiнде өтетiн мәжiлiсте қаралсын.
20. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д. Мыңбайға жүктелсiн.
21 2000 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн облыстық жиналу пунктiне автокөлiк бөлетiн ұйымдар мен мекемелердiң Тізімі
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
3 сәуірдегі N 127 шешiмiне
N 1 қосымша
2000 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн
облыстық жиналу пунктiне автокөлiк бөлетiн
ұйымдар мен мекемелердiң
Тізімі
N
Ұйымдар мен мекемелердiң аттары
Автокөлiктiң саны
Ескерту
1.
N 3 автобус паркi
1
2.
N 5 автобус паркi
1
3.
Шымкент тасымалдау бөлiмшесi
(келiсiмi бойынша)
1
4.
"САП" ЖШС (келiсiмi бойынша)
1
5.
"Түркiстанэнерго" ААҚ
1
6.
"МИР" ЖШС (келiсiмi бойынша)
1
22 2000 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн жиналу пунктiне техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн адамдарды бөлетiн кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң Тізімі
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
3 сәуірдегі N 127 шешiмiне
N 2 қосымша
2000 жылғы көктемгi шақыруды өткiзу үшiн жиналу пунктiне
техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн адамдарды бөлетiн
кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердiң
Тізімі
N
Ұйымдар мен мекемелердiң аттары
Техникалық қызметкерлердiң саны
Ескерту
1.
Шымкент тасымалдау бөлiмшесi (келiсiмi бойынша)
1
2.
Облыстық статистика басқармасы (келiсiмi бойынша)
1
машинка басушы
3.
"Восход" ЖШС (келiсiмi бойынша)
1
4.
"Визит" АҚ (келiсiмi бойынша)
1
5.
"Базар" ЖАҚ (келiсiмi бойынша)
1
6.
Облыстық консультативтiк-
диагностикалық орталығы
1
машинка басушы
7.
"Нан" АҚ (келiсiмi бойынша)
1
машинка басушы
8.
"Темiрлан" ЖШС (келiсiмi бойынша)
1
9.
"Казпочта" ААҚ-ның Оңтүстiк
Қазақстан облыстық филиалы (келiсiмi бойынша)
1
10.
Оңтүстiк телекоммуникациялар
аймақтық дирекциясы (келiсiмi бойынша)
1
11.
"Эластик" АҚ (келiсiмi бойынша)
1
машинка басушы
23 Облыстық жиналу пунктiндегi шақыру науқаны кезiнде демеушiлiк жәрдем беретiн ұйымдар мен фирмалардың Тізбесі
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы
3 сәуірдегі N 127 шешiмiне
N 3 қосымша
Облыстық жиналу пунктiндегi шақыру науқаны
кезiнде демеушiлiк жәрдем беретiн ұйымдар
мен фирмалардың
Тізбесі
1. "Визит" АҚ (келiсiмi бойынша)
2. "Темiрлан" ЖШС (келiсiмi бойынша)
3. Оңтүстiк телекоммуникациялар аймақтық дирекциясы (келiсiмi бойынша)
4. Облыстық консультативтiк-диагностикалық орталығы
5. "Базар" ЖАҚ (келiсiмi бойынша)
6. "Түркiстанэнерго" ААҚ
7. "Геотехника" ЖШС (келiсiмi бойынша)
8. Шымкент тасымалдау бөлiмшесi (келiсiмi бойынша)
9. "ШКААВ" ЖШС (келiсiмi бойынша)
10. "Нан" АҚ (келiсiмi бойынша)
11. Облыстық статистика басқармасы (келiсiмi бойынша)
12. "Восход" АҚ (келiсiмi бойынша)
13. "Казпочта" ААҚ-ның Оңтүстiк Қазақстан облыстық филиалы (келiсiмi
бойынша)