О противопаводковых мероприятиях в весенний период 2000 года Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылғы көктем кезіндегі қызылсуға қарсы шаралар туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен. Облыс аумағында Зайсан, Тарбағатай, Көкпектi, Аягөз аудандарының жазық жерлерiнде қардағы су қоры нормадағыдан 45-68 пайыз артық, Шемонаиха, Зырян, Күршiм аудандарында, Лениногор қаласында нормаға таяу. Қара Ертiс, Қалжыр, Бұқтырма, Тұрғысын өзендерi мен оларға құятын бұлақтардың су ағынын қалыптастыратын аймағында қардағы судың қоры нормадағыдан 10-30 пайыз кем, Үлбi мен Уба өзендерiнiкi норма шегiнде. Күн тез жылығанда жоғары су тасқынын туғызып, оның өзi көптеген елдi мекендердi су басуға, жолдар мен көпiрдiң бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн. Көктемгi су тасқыны мен қар көшкiнi салдарынан облыс экономикасына және халыққа едәуiр материалдық зиян келтiрмеу мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Су тасқынына қарсы 2000 жылға арналған iс-шаралар бекiтiлсiн (N 1 қосымша). Олардың орындалуына жауапкершiлiк қалалар мен аудандардың әкiмдерiне, облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсiбiнiң (Савин И.И.), Шығыс Қазақстан "Қазақавтожол" автожолдар мекемесi директорының мiндетiн атқарушыға (Мыңбаев М.Т.), Республикалық "Шығыссушар" мемлекеттiк кәсiпорнының (Ағажаев Ө.А.), "Қазселқорғау" қазыналық кәсiпорнының (Момбаев М.А.), гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi орталықтың (Кондратьев В.П.), "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма" мемлекеттiк мекемесiнiң (Темный Г.В.), меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардың басшыларына жүктеледi.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi орталық (Кондратьев В.П.), "Қазселқорғау" қазыналық кәсiпорны (Момбаев М.А.), Республикалық "Шығыссушар" мемлекеттiк кәсiпорны (Ағажаев Ө.А.), облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсiбi басқармасы (Савин И.И.), Шығыс Қазақстан мемлекеттiк "Қазақавтожол" автожолдар мекемесi директорының мiндетiн атқарушы (Мыңбаев М.Т.) объектiлер мен елдi мекендер үшiн қызылсу, сел және көшкiн болуы ықтимал қауiптi аймақтарда қалыптасатын жағдайды бағалау, оның дамуын болжау және алдын-ала ескерту шараларын қолдану мақсатында жауапты адамдар тағайындасын және тұрақты қадағалау ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қалалар мен аудандарда қызылсулық жағдай туралы ақпарат алудың айқын схемасын белгiлесiн, қызылсу кезеңiндегi жағдайда және апаттық жағдайда оперативтi басшылық жасау жөнiнде әкiм орынбасарының - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi ведомстоваралық комиссия төрағасының басшылық етуiмен жұмысшы тобын құрсын, олардың дербес құрамын, тұрақты болатын орнын белгiлесiн, кезекшi көлiк бекiтсiн. Қардың интенсивтi еруi және қауiптi су тасқынының басталысымен әкiмдердiң аппараттарында тәулiк бойы кезекшiлiк ұйымдастырылсын. 2000 жылғы 10 сәуiрге дейiн "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жауапты адамдардың тiзiмiн, кезекшi телефондар нөмiрлерiн берсiн. "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттiк мекемесi облыстық авариялық-құтқару қызметтерi құрамаларының әзiрлiгiн қамтамассыз етсiн және оларды қатты су тасқыны аудандарына оперативтi жеткiзудiң және нақты iске кiрiсулерiнiң әдiстерiн пысықтасын. Қызылсуға қарсы күрес үшiн азаматтық қорғаныстың инженерлiк құрылымдарын қатыстыру жоспарында облыстың қызылсу қаупы туатын аудандарда пайдалану үшiн Өскемен, Зырян, Семей қалаларында резервтер ұстау көзделсiн.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П.Швайченко, "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорнының бастығы Г.В.Темный, қалалар мен аудандардың әкiмдерi 2000 жылғы 10 сәуiрге дейiнгi мерзiмде халыққа құлақтандыру мен оларды, малды және материалдық бағалы заттарды су басуы мүмкiн болатын аймақтардан көшiру жоспарларын жасасын. Қалалық және аудандық бюджеттердiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаттары есебiнен жағалауларды бекiту және дамбаларды тазарту жұмыстарын орындау, балласт, инерттiк және кен емес материалдар, темiрбетон конструкцияларын және басқа материалдары олар қажет болатын жерлерге дер кезiнде жеткiзiп, қорлар жасау жөнiнде шаралар қолдансын, карьерлердi, көлiктi және тиеу техникасын дайындасын.
Тармақ 5
5. Республикалық мемлекеттiк "Шығыссушары" кәсiпорнының (Ағажаев Ө.А.), облыстық ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсiбi басқармасының (Савин И.И.), қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқарманың (Адамов Р.Ж.), облыстық мемлекеттiк төтенше жағдайларға және өнеркәсiпте қауiпсiз жұмыс жүргiзуге бақылау мен тау-кен қадағалау жөнiндегi инспекциясының (Құнанбаев Н.С.), "КЕGОС" АҚ ШЭС Шығыс филиалының (Недовесов В.С.), ШҚ РЭС ЖАҚ Семей филиалының (Крисс Чатартон) басшылары, қалалар мен аудандардың әкiмдерi су өткiзетiн, су төгетiн қорғаныс және басқа құрылыстардың, электр беретiн желiлер бағандары мен трансформаторлық подстанциялардың берiктiгiн арттырсын. Үстiмiздегi жылғы сәуiр айында су қоймаларын, қалдықтар қоймаларын, су айдындарын, қызылсуды қабылауға және өткiзуге жинақтаушы тоғандарды зерттеу, бекiту және әзiрлеу жұмыстарын аяқтасын.
Тармақ 6
6. Шығыс Қазақстан "Қазақавтожол" автомобиль жолдары мемлекеттiк мекемесi директорының м.а. (Мыңбаев М.Т.), "Қазақстан Темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Защита (Кривобоков С.Л.), Семей (Қабышев Н.) бөлiмдерi су өткiзетiн құбырларды, кюветтердi тазалау, автомобиль, темiржол жолдары мен инженерлiк құрылыстарды қызылсулардың және мұздардың ықпалынан қорғау жөнiнде 2000 жылғы 10 сәуiрге дейiнгi мерзiмде жұмыстар жүргiзсiн, осы себептерден жолдардағы қозғалыстың үзiлуiне жол бермесiн.
Тармақ 7
7. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыстық судан кұтқару орталықының бастығы (О.Ф. Витязев) адамдарды апаттық жағдайлардан құтқару жағдайы туса қажеттi ықшам жүзу құралдары мен жедел топ әзiрлесiн.
Тармақ 8
8. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi қызылсу жүргенге дейiн қызылсудың зардаптарын оқшаулау және жою үшiн қалалық және аудандық бюджеттердiң төтенше жағдайларға арналған резервтiк қор қаражаттары есебiнен әр ауданда жанар-жағар май материалдарының қорларын мына көлемде жасасын: дизельдiк отын - 10 тоннадан, бензин - 5 тоннадан.
Тармақ 9
9. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Аңдағұлов Қ.Б.) зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету үшiн медикаменттер қорын жасасын.
Тармақ 10
10. Облыс әкiмi резервiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қаражаттары есебiнен қызылсу кезiндегi төтенше жағдайларды оқшаулау және жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi жұмыстарға ақы төлеу үшiн екi миллион теңге бөлiнсiн, соның iшiнде: - Үржар ауданының әкiмiне (Селиханов Д.М.) - 600 мың теңге; - Күршiм ауданының әкiмiне (Сiлямов Б.Б) - 400 мың теңге; - Тарбағатай ауданының әкiмiне (Түсiпбеков Т. Т.) - 300 мың теңге; - Көкпектi ауданының әкiмiне (Қожамбетов Б. Қ) - 400 мың теңге; - Облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармаға (Темный Г.В.) Уба өзенiнiң Бородулиха ауданы Красный Яр ауылындағы бөлiгiнде мұзды босату жөнiндегi қопару жұмыстарын жүргiзу үшiн 300 мың теңге.
Тармақ 11
11. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясының директоры (А.С. Дьяченко) қызылсу қаупi туатын аймақтағы елдi мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастырсын. Қызылсу ағыны басталысымен аудан орталықтарымен тәулiк бойы "кезекшiлiк қабылдау режимiнде" тұрақты радиобайланысын ұйымдастырсын.
Тармақ 12
12. Облыстық мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы (Коншу В.П.) қызылсу ағысы басталған кезде барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн тiкұшақтардың дайын тұруын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 13
13. Қызылсуларға қарсы шараларға оперативтi басшылық жасау және облыс әкiмiнiң осы шешiмiн орындауға бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Ю.П. Швайченкоға, ол болмаған кезде "Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Г.В. Темныйға жүктелсiн.
Басқа 14. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның қызылсуға қарсы iс-шаралары
Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 27 наурыз N 829 шешiмiне N№1 қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнiндегi облыстық ведомствоаралық комиссияның қызылсуға қарсы iс-шаралары N Шаралар Орындау мерзiмi Орындаушы 1 2 3 4 1. Елдi мекендер мен шаруашылық объектiлерiн су басуды болдырмау үшiн дер кезiнде шаралар қолдану үшiн қалаларда, аудандарда қардың еруiне, өзендердiң мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттерi мен су басуына ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалау ұйымдастырылсын Қызылсу ағыны кезiнде Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, ШҚ гидрометеорология және мониторинг орталығы, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк "Қазақавтожол" автомобиль жолдары мекемесi, су ресурстары жөнiндегi комитет 2. Қызылсуларды апатсыз өткiзу, халықты, малды, материалдық бағалы заттарды су басуы мүмкiн аймақтардан көшiру жөнiнде жан-жақты жоспар жасалсын 10 сәуiрге дейiн Қалалардың, аудандардың, селолық округтердiң әкiмдерi, меншiктiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар басшылары, ТЖ қалалық басқармалары, а/ш және өңдеушi өнеркәсiп басқармасы бастақтары 3. Қар көшкiнi мен су тасқыны болуы мүмкiн жерлерде тұратын халықты құлақтандырудың схемасы практикада пысықталсын. Осы жұмыс және төтенше жағдайлар қатерiн жоюға көмек көрсету үшiн кәсiпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтiру бригадаларын құру үшiн жауапты адамдар бөлiнсiн 10 сәуiрге дейiн Қалалар, аудандар әкiмдерi, ШҚ ГМО, "Қазселқорғау", "Автожол" ШҚОМБ, "Шығыссушар" РМК, а/ш  және өндеушi өнеркәсiп басқармасы, қалалық ТЖ  басқармалары, "ШҚ облыстық төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi 4. ТЖ алдын алу мен жою жөнiндегi облыстық, қалалық, аудандық ведомствоаралық комиссияларға қар қалыңдығының және қар еруiнiң жағдайы туралы үзбей хабарлансын. Қар көшкiнi мен су тасқынының қаупi туралы дер кезiнде ескерту қамтамасыз етiлсiн Күн сайын ШҚ ГМО, "Қазселқорғау" ҚК 5. Қызылсуларды өткiзу үшiн автожолдардың, тұрғын үйлер мен құрылыстардың жанындағы канализациялық су ағызатын астауларды, автомобиль және темiржол жолдарындағы су өткiзетiн инженерлiк ұрылыстарды, өзендер жағалауы мен көпiрлердi тазарту жүргiзiлсiн 20 сәуiрге дейiн Қалалардың, аудандардың, селолық округтердiң әкiмдерi, "Автожол" ШҚОМБ, Семей тасымалдау бөлiмдерi, су ресурстары комитетi 6. Суландыру жүйелерiн, су құрылыстарын, қалдықтар сақтағыштарын, жинағыш-резервуарларды су шайып кетуiн болдырмау шаралары белгiленсiн, су қоймалары мен өзендер жағалауы бойынша бекiнiс жасау жұмыстарын жүргiзуге ерекше назар аударылсын, бұл үшiн материалдардың қажеттi мөлшерi дайындалып, керектi орындарға жеткiзiлсiн Сәуiр Қалалардың, аудандардың, селолық округтердiң әкiмдерi, ТЖ және мемқадағалау және таукен қадағалау жөнiндегi Меминспекция, меншiктiк нысандарына қарамастан шаруашылық объектiлерi мен ұйымдар, су ресурстары жөнiндегi комитет 7. Облыс өзендерiне мұз құрсауларын өтетiн жерлердi анықтау жөнiнде аэровизуальды зерттеулер үргiзiлсiн Өзендер құрсауы ашылған кезде ШҚ ГМО, "Қазселқорғау" қазыналық кәсiпорны 8. Жедел қимылдау отрядтары, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшiн судан құтқару орталығының маневрлiк тобы дайындық сапына қойылсын Су тасқыны кезеңiнен бастап Қалалар, аудандар әкiмдерi, облыстық ТЖ МБ, судан құтқару орталығы 9. "Шығыс Қазақстан төтенше жағдайлар басқармасы" Мемлекеттiк басқармасы ҚМ, IIМ және IIБ әскери бөлiмдермен бiрге оларды төтенше жағдайларды жоюға тарту жөнiндегi өзара iс-қимылды пысықтасын 10 сәуiрге Облыстық ТЖ МБ, ҚМ, IIМ және IIБ әскери бөлiмдерi 10. Электр өткiзу және байланыс желiлерiн зерттеу жүргiзiлсiн, қар көшкiнi мен қызылсулар кезiнде олардың сақталуы жөнiнде шаралар қолданылсын 10 сәуiрге дейiн "KEGOC" АҚ МЭС Шығыс филиалы, ШҚ РЭК ЖАҚ, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы 11. Облыстың меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындары мен ұйымдары сел және қызылсу    тасқындарынан бүлiншiлiкке ұшырайтын өнеркәсiптiк, қалалық және басқа объектiлердi түгендеудi жүргiзсiн, сондай-ақ апаттан құтқару жұмыстары үшiн материалдардың, жабдықтардың, арнайы киiмдердiң, саймандардың, қаптардың қажеттi қоры жасалсын 10 сәуiрге дейiн Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар, облыс  мекемелерi, "Астықөнiмдерi" АҚ, "Қазақавтожол" ШҚОММ, "Шығыссушар" РМК 12. Су басуы және жолдардың бұзылуы ықтимал аймақтарда орналасқан елдi мекендерде азық-түлiк, медикаменттер қоры жасалсын 10 сәуiрге дейiн Қалалар мен аудандар, селолық округтер әкiмдерi 13. Өнеркәсiптiк қалдық сулардың қалалар мен кенттердiң жабық су тартқыларына құйылуын болдырмау шаралары қолданылсын 15 сәуiрге дейiн Қалалар мен аудандар, селолық округтер әкiмдерi 14. Қалалар мен аудандарда 10 т. дизельды отын, 5 т. бензин есебiнен жанар-жағар майдың қажеттi резервi жасалсын және бұл қорлар табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөнiндегi комиссияның өкiмi бойынша пайдаланылсын. Облыстық резервте 30 т. диз. отын, 16 тонна бензин болсын 20 сәуiрге дейiн Қалалар мен аудандар әкiмдерi, облыстық ТЖ жөнiндегi МБ 15. Су тасқыны кезiнде жарғыштар бригадалары дайындалсын, олар ТЖ жөнiндегi комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы және қар көшкiнiн түсiру орындарында жұмыс жүргiзу үшiн жарғыш материалдармен қамтамасыз етiлсiн. Үлбi, Уба, Бұқтырма өзендерiндегi темiр жолдар мен автомобиль жолдарындағы, Красный Яр селосындағы Уба өзенiнiң құйылысындағы мұзды босату, қар көшкiндерiн түсiру жүргiзiлсiн 5 сәуiрге дейiн "Шығысқазжарөнеркәсiп" АҚ, "Қазселқорғау" ҚК, облыстық ТЖ жөнiндегi МБ 16. Облыстық барлық қалалары мен аудандарында су тасқындарына қарсы шаралардың әзiрлiгi тексерiлсiн. Тексеру нәтижелерi туралы ТЖ алдын алу мен жою жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияға баяндалсын 20 сәуiрге дейiн Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның мүшелерi, жоспарға сәйкес 17. Өткен жылғы қызылсулар өтуiнiң қолайсыз нәтижелерiн ескере отырып, Күршiм, Бұқтырма, Уба, Үлкен Бөкен, Талмен, Егiнсу, Хамир, Үлбi өзендерiнiң арналары бойында елдi мекендердi судың басуын болдырмау жөнiнде шаралар қолданылсын 20 сәуiрге дейiн Күршiм, Катонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Көкпектi, Үржар, Жарма аудандарының, Өскемен  қаласының әкiмдерi 18. Қауiптi қызылсулар өтуi және қар көшкiндерiнiң жүруi кезiнде қалалар мен аудандардың әкiмшiлiктерiне меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ жеке қауiптi учаскелерде тәулiк бойы кезекшiлiк орнатылсын және жағдай, қолданылып жатқан шаралар туралы ТЖ алдын алу мен жою жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияға ("Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар  басқармасы" Мемлекеттiк мекемесi арқылы) үзбей хабарлансын 2000 жылғы сәуiр, мамыр, маусым Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, "Казселқорғау" ҚК, ШҚ ГММО, "Шығыссушар" РМК, МЭС Шығыс филиалы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы