Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2000 года

Өзге акт · № 79 · қабылданған 02.04.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-5743/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2000 года Қолданыста 02.04.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2000 года

Қолданыста Өзге акт № 79 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне 2000 года
Атауы (қаз.)
2000 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлері мен әскери құрамаларына кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
02.04.2000
Көрсетілген редакция
02.04.2000 5743_258093.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00N000222_
ЭКБ идентификаторы
5743
Редакция идентификаторы
5743_258093
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:33
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2000 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлері мен әскери құрамаларына кезекті шақыру туралы

«Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген әскери қызмет мерзімін өтеген мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шыгару және «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың сәуір-маусымында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 29 наурыздағы № 368 Жарлығы негізінде ШЕШТI М:

1. 2000 жылғы сәуір-маусымда 1982 жылы туған, сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқынан айырылған әскерге шақыру жасынан асқан азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізілсін.

2. 1 қосымшаға сәйкес облыстың әскерге шақыру комиссиясының құрамы және қосымшаға сәйкес облыстық жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Қала және аудан әкімдері:

қалалар мен аудандардың әскерге шақыру және медициналық комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын, әскери комиссариаттарға қажетті мөлшерде дәрігер-мамандар, техникалық қызметкерлер, қызмет көрсетуші адамдарды бөлсін;
әскерге шақырылушьшарға уақытында хабар беру және шақыруға келмегендерді іздестіру үшін әскери комиссариаттардың қарамағына көлік құралдарын бөлсін және жанар-жағар материалдармен қамтамасыз етсін.
ұйымдар мен мекемелердің әскери қызметті өтеу үшін жіберілген әскерге шақырылушылармен есеп айырысу бөлігінде еңбек заңдылығын орындауына бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
әскери қызмет өтеуге жіберілген әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі шараларды ұйымдастырсын;
хабарландыру әскерге шақыруды жүргізу, медициналық куәландыру және шақырылушыларды аудандық, қалалық шақыру пункттеріне, медициналық комиссиядан өту және әскерге жөнелту үшін облыстық жинақтау пунктіне жеткізу жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген Заңының 35 бабына сәйкес қарастырылған ассигнованиелердің шегінде аудандық, қалалық және облыстық бюджеттер есебінен жүргізілсін;
әскерге шақыру учаскелері және облыстық жинақтау пункітінде жұмыс істеуге жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және шақыру учаскелері мен облыстық жинақтау пунктіне жұмысқа жіберілген қызмет көрсетуші кісілердің осы азаматтар жіберілген ұйымдардағы лауазымдары, жұмыс орны мен орташа еңбекақылары сақталатын болсын;
әскери комиссариаттарға шақыру пункттеріне лайықталған жабдықталған орындар мен шақыру пункттерін белгіленген талаптарға сәйкес жөндеу және қайта жабдықтау жүргізу үшін басқа құралдар бөлу жөнінен шаралар қабылдасын;
Қостанай қаласының әкімі Н.С. Әшімов облыстық жинақтау пунктінің жұмысына арнап автокөлік бөлуді қамтамасыз етсін.

4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.М. Ғалымжанов) аудандық медициналық комиссияларды жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен және мүлікпен, оның ішінде флюропленка және химиялық реактивтермен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын, облыстық медициналық комиссияның құрамында жұмыс істеу үшін 2 қосымшаға сәйкес дәрігер-мамандарды бөлсін.
Облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып облыстық, қалалық және аудандық бюджеттерде қарастырылған қаражат есебінен медициналық комиссиялар жіберген әскерге шақырылушыларды тексеруді және емдеу бойынша медициналық мекемелердің шығындарының орнын толтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.

5. «Қазақстан темір жолы» АМК Қостанай тасымалдау бөлімшесі (Е.Н. Рахметжанов) облыстық әскери комиссариаттьщ тапсырыстары бойынша жолаушыпар поездарынан жастар қатарынан толықтырылатын командаларды жөнелту үшін, келісім бойынша орындардың қажетті санын бөлсін.

6. Облыстық экономика, индустрия және сауда департаменті (Д.Т. Әбенов) облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып әскерге шақыру пункттері мен облыстық жинақтау пунктінде азық-түлік тауарларымен сауда-саттықты және ыстық тамақ беруді ұйымдастырсын.

7. Облыстық ішкі істер басқармасы (М.М. Оразәлиев) әскерге шақыру және командаларды жөнелтуді жүргізу кезінде:

мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүргендерді іздестіру жүргізсін, іздестіру және ұсталғандарды жеткізу жөніндегі шығыстарды төлеу осы адамдардың есебінен жүргізілсін;
Облыстың жинақтау пунктінде, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін тәулік бойғы полиция нарядын бөлсін;
әскерге шақырылушыларды облыстың әскери комиссариаттарынан жөнелткен кезде, сондай-ақ Қостанай темір жол стансасында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін және әскери комиссариаттардың тапсырыстары бойынша әскерге шақырылушыларды шығарып салу үшін автокөлік бөлсін.

8. «Қостанай автобус паркі» АҚ (М.А. Шаяхметов) келісім бойынша облыстық әскери комиссариаттың тапсырыстарымен әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін, төлем төлеу әскерге шақыру кезінде нақты тасымалданғандардың санына қарай жүргізілсін.

9. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі шараларды қаржыландыруды облыстық әскери комиссариаттың шығыстар сметасында қарастырылған ассигнованиелер есебінен жүзеге асырсын.

10. Атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2000 жылғы 10 шілдеге дейін облыс әкімінің аппаратына түсірсін.

11. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімінің әскери-жұмылдыру жұмысы жөніндегі көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.

12 Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі
№ 79 шешімімен
бекітілген
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Бектұрғанов С.Ш.
- облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Лосьев И.Е.
- облыстық әскери комиссар, төрағаның орынбасары
Куванова Б.Т.
- Әскерге шақыру комиссиясының хатшысы
Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері
Абраменко А.И.
- облыстық әскери комиссариаттың 2 бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы
Моор Ю.А.
- ІІБ бастығының орынбасары
Регель М.М.
- облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары

13 Облыстың жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның ҚҰРАМЫ

2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 3 сәуірдегі
№ 79 шешімімен
бекітілген
Облыстың жинақтау пунктіндегі медициналық комиссияның
ҚҰРАМЫ
Абраменко А.И.
- облыстық әскери комиссариаттың 2 бөлімі бастығының аға көмекшісі, дәрігер-терапевт, комиссия төрағасы
Комиссия мүшелері
Алдажұманова У.Т.
- дәрігер-терапевт
Бауэр Б.Н.
- дәрігер-хирург
Босенко В.М.
- дәрігер-психиатр
Гончарова Л.К.
- дәрігер-рентгенолог
Досмұхамбетов М.С.
- дәрігер-психиатр
Жұмабаев Б.А.
- дәрігер-нарколог
Кужильная Г.Н.
- дәрігер-окулист
Қоянбаев Р.Б.
- дәрігер-стоматолог
Мовчан В.Г.
- дәрігер-травматолог
Нұрғалиева К.С.
- дәрігер-фтизиатр
Утина А.Т.
- дәрігер-невропатолог
Хван Н.С.
- дәрігер-дерматолог
Шевченко А.А.
- дәрігер-терапевт
Арқалық қаласындағы комиссия мүшелері
Әбілдин Х.М.
- дәрігер-хирург
Бибич Г.А.
- дәрігер-стоматолог
Беляков К.
- дәрігер-отоларинголог
Бисенәлиев С.Б.
- дәрігер-психиатр
Ерғалиев Б.К.
- дәрігер-терапевт
ЬІбышев Б.К.
- дәрігер-невропатолог
Набита Ж.
- дәрігер-дерматолог
Сағындықова Г.С.
- дәрігер-окулист
Спандияров М.С.
- дәрігер-фтизиатр