О Правилах использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2000 год на заграничные командировки
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах использования средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2000 год на заграничные командировки
- Атауы (қаз.)
- 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 856
- Қабылданған күні
- 05.06.2000
- Көрсетілген редакция
- 05.06.2000 AI6133_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.06.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000856_
- ЭКБ идентификаторы
- 6133
- Редакция идентификаторы
- AI6133_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:26
0 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы
"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872 қаулысының 10-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметтік комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі N 1283 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-тармақтың үшінші абзацының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
4 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 6 маусымдағы
N 856 қаулысымен
бекітілген
2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражатты пайдаланудың тәртібін айқындайды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шілдедегі N 267-I Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы, 1-тармағының, 3) тармақшасымен реттелетін шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларының есебінен шетелдік қызметтік іссапарларына ереженің күші қолданылмайды.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 41 "Шетелдік іссапарлар" республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің және үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға арналған қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін құрылған делегация үкіметтік делегация болып табылады.
2. Республикалық бюджеттің шетелдік іссапарларға бөлінетін қаражатын пайдаланудың тәртібі
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органдардың ұсыныстарының негізінде және 2000 жылға арналған республикалық бюджетте шетелдік іссапарларға көзделген қаражат көлемін ескере отырып шетелдік іссапарлар кестесін (бұдан әрі - Кесте) жасайды және оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен келісуге ұсынады.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бөлінген қаражатты айырбастауды қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында валюталық шот (қолма-қол есеп айырысу үшін) ашады.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ай сайын айдың 10-күніне дейін Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалына келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валюта алу үшін тиісті айға жоспарлы мақсаттағы баламалы сомада өтінім жібереді.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне көзделген шығыстарды қаржыландыруға ай сайын тиісті айға арналған республикалық бюджеттің шығыстар тізімдемесінде көзделген сомалар шегінде лимиттер бөледі.
8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ұлттық Банктің Астана қаласындағы Орталық филиалында бюджеттік ақшаның АҚШ долларына айырбасталуын жүргізеді және оларды жоғарыда аталған валюталық шотқа аударады.
3. Шетелге іссапарға жіберілетін адамдарға валюталық қаражат бөлудің тәртібі
9. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша Кесте негізінде республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын шетелдік іссапарға жіберуге қаражат бөлуді жүзеге асырады.
10. Шетелдік іссапарларға қаражат бөлу туралы шешім Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.
11. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Үкімет мүшелерінің және үкіметтік делегациялардың шетелдік сапарларына байланысты шетелдік іссапарларға арналған қаражаттың бөлінуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүргізіледі.
12. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік іссапарлар жөніндегі тиісті шешімнің негізінде іссапарлық шығыстардың сметасын жасайды және шетелге іссапарға жіберілетін адамға немесе сенім білдірілген адамға шетелдік іссапарға қолма-қол қаражат алуға берілген сенімхатқа сәйкес тұрғын үйді жалдау, тәуліктік, көрсетілген бағыт бойынша көліктік шығыстарды, өндірістік қажеттілік жағдайында автокөлік құралдарын жалға алу мен шетелде қызмет бабындағы халықаралық телефон байланысты шығыстарын, сондай-ақ іссапарға жіберілген қызметкерлердің жеке санаттарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдерінде белгіленген нормалар шегінде тәуліктік нормаларға үстемақыны қоса алғанда, толық көлемде Ұлттық банктің Астана қаласындағы Орталық филиалынан қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған төрт төлемдік тапсырмасы мен екі өтінімді береді.