«О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О проведении очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне 2000 года»
- Атауы (қаз.)
- «2000 жылдың сәуір маусым айларында азаматтардың мерзімді әскері қызметіне кезекті шақырылу өткізу жөнінде»
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 469
- Қабылданған күні
- 02.04.2000
- Көрсетілген редакция
- 02.04.2000 6177_215422.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.04.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P000000889_
- ЭКБ идентификаторы
- 6177
- Редакция идентификаторы
- 6177_215422
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:33
0 «2000 жылдың сәуір маусым айларында азаматтардың мерзімді әскері қызметіне кезекті шақырылу өткізу жөнінде»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскері міндет және әскері қызмет жөніндегі» Заңының 13 бабы мен «2000 жылдың сәуір маусым айларында Қазақстан Республикасы азаматтарын мерзімді әскері қызметке шақырылу және мерзімді әскері қызметін атқарып шыққан әскері қызметшілердің запасқа шығуы жөнінде» Қазақстан Республика Президентінің Жарлығын негізге ала отырып Ақмола облысының әкімі шешім қабылдады:
1. Аудандық, Көкшетау және Степногорск қаласының әкімдері облыстық, Степногорск қаланың және аудандық әскері комиссарларына 1982 жылы туылған және одан жасы жоғары, бірақта әскері қызметке шақырудан кейінге қалдыру мерзімі біткен азаматтарды 2000 жылдың сәуір маусым айлары облыстық аумағында мерзімді әскерге шақыруын және жөнелтуін өткізу.
2. Қалалық және аудандық шақырулы комиссиясының қызметін бақылау және басшылық ету үшін бірінші қосымшамен келісімді түрде облыстық шақырулы комиссиясын құру.
Аудандық, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері Қазақстан Республика «Жалпыға бірдей әскері міндет және әскері қызмет жөніндегі» Заңының 14 бабы негізінде шақырылу комиссиясын құрастыру, олардың қызметін қамсыздандыру және жоғары аталған Заңның 35 бабын негізге ала отырып керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз ету.
3. Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасына әскері қызметке шақыру кезінде қалалық, аудандық, облыстық медициналық комиссияларын жоғары білікті дәрігер мамандарымен, орташа медициналық құрамымен іріктеп алу, әскерге шақырылушы азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан, стационарлық тексеруден өткізу үшін қажетті орын бөлінсін.
Дәрігер мамандардың, орташа дәрігерлік құрамының, дәрігерлік қаралуы қызметін, әскерге шақырылушылардың емделуін, қаржы төлеу орталығы арқылы төлем ақысы жүргізілсін.
4. Бюджет қаржылырын үнемдеу мақсатымен Көкшетау қаласының стационарлық жинақтау пунктінің үлкен қашықтығын есепке ала отырып, бақылау медициналық комиссиясының жұмысын аудандық және қалалық әскері комиссариаттарына тікелей шығуын жоспарлау:
- Атбасар (Атбасар ауданы) 5 сәуір 11 сәуір аралығында
- Көктал ауылы (Целиноград ауданы) 13 сәуір 22 сәуір аралығында
- Көкшетау қаласы Ақмола облысы 24 сәуір 25 маусым аралығында.
5. Әскерге шақырылынушыларды тағайындалған пунктке уақытында жөнелтуді Республика жүк тасымалдау Ақмола «Қазақстан темір жолы» бөлімшесіне қамтамасыз ету.
6. Облыстық ішкі істер Басқармасы әскері комиссариаттарымен бірге облыстық жинақтау пунктінде, темір жолдық жөнелту стансасында, әскерге шақыру пунктінде тәртіпті қамсыздандыру үшін өзара іс қимылын жасауды ұйымдастырсын.
7. Облыстық Қаржыландыру Басқармасына әскерге шақырылу көлемін қаржыландыруды қамтамасыз ету, облыстық әскері комиссарының тапсырысы бойынша облыстық бюджетпен белгіленген мерзімде қарастырылсын.
8. Облыстық әскері комиссарына шақырылынушыларды тікелей Көкшетау қаласының облыстық стационарлық жинақтау пунктінен жөнелтуін құрастыру және ұйымдастырылуын жоспарлау.
9. Негізгі шешімнің орындалуы мен бақылауы облыстық шақырылу комиссия төрағасына А.С.Сейітжановқа жүктелсін.
10 Облыстық шақырылу комиссия тізімдемесі.
Облыстық әкімінің шешіміне
№ 1 қосымша
03.04.2000 ж. №469
Облыстық шақырылу комиссия тізімдемесі.
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы
облыстық әкімінің бірінші орынбасары, шақырулы комиссия төрағасы
Нұрманов Абай Жорабекұлы
облыстық әскери комиссары, шақырылу комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Сабитов Оразбек Эжібайұлы
ішкі істер Басқарма облыс бастығының орынбасары
Маусымбаева Бәну Рамазанқызы
облыстық денсаулық сақтау Басқарма бастығының орынбасары
Дәутбаев Асан Жақсылықұлы
шақырулы бөлім бастығының аға көмекшісі, Медициналық комиссия Төрағасы.
Төлеубаева Гүлайман Сағындыққызы
облыстық аурухана қызметкері комиссия хатшысы
Облыстық шақырылу комиссия төрағасы мен орынбасарының резерв құрамы:
Добычина Ольга Николаевна
құқық бөлім меңгерушісі
Лысый Сергей Леонидович
облыстық әскери комиссарының орынбасары.