Об утверждении тарифного соглашения по оплате медицинских услуг на 2000 год Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылға медицина қызметтерін өтеудің тарифтік келісімін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты Маңғыстау облыстық әділет департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйек № 1364 "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы денсаулық, бiлiм және спорт министрлiгiнiң 1999 жылғы 13 сәуiрдегi № 186 бұйрығын басшылыққа ала отырып және облыста нарықтық тетiктердi одан ірi дамыту мақсатында шешiм етемiн:
Тармақ 1
1. "Маңғыстау облысы бойынша медициналық кәсiпорындарының мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалған медициналық қызметтерiн төлеудiң 2000 жылға тарифтiк келiсiмi" бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (С.Б. Шаметова), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (А.Т. Айдарханов) мемлекеттiк тапсырысты бекiтiлген сома шегiнде қаржыландыруды және бюджеттiк қаражаттық мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк қазыналыќ кәсiпорны облыстық филиалына орындалған медицина қызметiнiң көлемi мен сапасына және облыстық медициналық кәсiпорындары табыс еткен шот-тiзiмдемелерiне уақытылы сараптама жүргiзу ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.М. Бортникке жүктелсiн.
Басқа 5
Маңғыстау облыс әкімінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы №303 шешіміне қосымша Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемінде медицина кәсіпорындары орындаған медициналық қызметтерді өтеудің 2000 жылға тарифтік келісімі Төменде қол қоюшылар, бұдан былай жақтар: Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы (бұдан былай облыстық қаржы басқармасы) оның бастығы О.Б. Шаметова, "Денсаулық" Республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының облыстық филиалы (бұдан былай "Денсаулық" МЌК ОФ) оның директоры С.Б. Бердјулетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы (бұдан былай облыстық денсаулық сақтау басқармасы) оның бастығы А.Т. Айдарханов, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң кәсiподақтар комитетi (бұдан былай ДСҚКК) оның төрайымы Г.Г. Саимова 2000 жылға осы келiсiмдi жасадық.
Тарау i. I. Жалпы ереже
I. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы келiсiм 2000 жылєы 01 қаңтардан бастап күшiне енедi және Маңғыстау облысының бюджет мемлекеттiк тапсырыстарымен жұмыс жасайтын кәсiпорындарын қаржыландыруға бағытталған.
Тармақ 2
2. Келiсiм облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келiсiмге отырған барлық медициналық қызмет көрсетушiлерге таратылады. Қызмет көрсетушi болып кез келген медицина кәсiпорны немесе меншiк нысанына қарамастан, белгiленген тәртiппен алынған рұқсат қаєазы бар, медицина іс-тәжiрибесiмен айналысатын жеке тұлға бола алады.
Тармақ 3
3. Медициналық қызметпен жабдықтаушы және облысқ денсаулық сақтау басқармасы өзара қарым-қатынастары ҚР денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң (бұдан былай ҚР ДСБСМ) 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 69-1 бұйрығымен бекiтiлген бiр үлгiдегi келiсiмi және қазыналықта тiркеуден өткен жұмыс жоспары бойынша құрылады. Келiсiм шартпен мемлекеттiк тапсырыс орналасады және мына мiндеттер қарастырылады: облыстық денсаулық сақтау басқармасыныѕ медициналық кәсiпорындарды қаржыландыру және бюджет қаржыларын мақсатты пайдалануды бақылап отыруы; "Денсаулық" РМҚК ОФ медициналық қызметтердiң көлемiн, медицина қызметтерiнiң сапасын және шот-тiзбектерiн облыс медицина кәсiпорындарында талдап отыруы.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бағдарламалардың әкiмшiсi болып есептеледi және жалпы сомасы 656745,0 теңге тұратын оларды қаржыландырады. Оның iшiнде бағдарламалар мен бөлiмшелерi бойынша: 5.2.262.30 "Жергiлiктi дәрежедегi қан өндiрiсi (алмастырғыштар)" - 10200 мың теңге 5.2.262.31 "Салауатты өмiр салтын насихаттау" - 2500,0 мың теңге. 5.2.254.31 Балаларєа стационарлық жағдайда көмек көрсету - 24838,0 5.2.254.32 Екiқабат, босанатын және босанған әйелдерге стационарлық көмек көрсету - 65230,0 2.3.254.47 Онкология ауруларымен ауыратындарға стационарлық медициналық көмек көрсету - 6365,0 2.3.254.49 Терi венерология ауруларымен ауыратындарєа стационарлық жағдайда көмек көрсету - 6994,0 2.3.254.48 Алкоголь, нашақорлыќ және токсикомания ауруларымен ауыратындарєа стационарлыќ жағдайда көмек көрсету - 7488,0 мың теңге 5.4.254.46 Тұрғындарға амбулаториялық-емханалық ұйымдарда бiрiншi медико-тазалық көмек көрсету - 204689 мың теңге 5.5.254.35 Селолық жерлерде амбулаторлық-емханалық ұйымдарда бiрiншi медико-тазалық көмек көрсету - 50651,0 мың теңге, оның iшiнде жан басылық қаржыландыру - 47889,2 мың теңге 5.5.254.36 Жергiлiктi дәрежеде тұрғындарєа стационарлық медициналық көмек көрсету - 230590,0 мың теңге 5.9.254.38.31. "Кейбiр санаттағы азаматтарды аурудың түрлерiне байланысты дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету" 10000,0 мың теңге. 5.9.254.38.32 "Кейбiр санаттағы азаматтарды арнаулы балалардыѕ азық-түлiктерiмен қамтамасыз ету" - 5000 мың теңге. 5.5.254.37.00 "Жедел және кейiнге қалдырмайтын медициналық көмек станциясына" - 22200,0 мың теңге. Жоспарланған кереуеттер және медицина қызметкерлерi сандарының қысқаруына байланысты жәрдем төлеу үшiн 10 млн.теңге көлемiнде резерв қарастырылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жабдықтаушылардың шығынын төмендегi жағдайларда қайтарып бередi: Мамандандырылған медициналық көмектi қосып есептегенде үзiлiссiз емдейтiн стационарларға - емделiп болған жағдайда клинико-шығындары тобы жiктеумен (бұдан былай КШТ). Мамандандырылған емдеу-алдын ала сауықтыру мекемелерiне, облыстық балалар ауруханасына және онкология диспансерiне - емделiп шыққан аурулардың санына қарамастан мемлекеттiк тапсырыстың шығыстар сметасы шегiнде. Ауруханалар жанындағы күндiзгi стационарларда болғандарға - бiткен жағдайларда КШТ-ның 30% көлемiнде. Жанұялық дәрiгерлiк амбулаториялар, селолық дәрiгерлiк амбулаториялар және олардыѕ бөлiмшелерi фельдшерлiк-акушерлiк пункттер үшiн - бiр тұрғынның жан басы өлшемiмен. Бiр тұрғынның жан басы өлшемi дербес жанұяға және селолық амбулаторияєа таратылады. Мамандандырылған амбулаториялық-емханалық ұйымдар үшiн - амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша. Денсаулық сақтаудың орталық органдарында амбулаториялық-емханалық тарификатор бекiтiлгенге дейiн мамандандырылған амбулаториялық-емханалық медицина қызметтерi дәрiгерге бiр рет қаралғанның тарифiмен төленедi. Төлеуге аурудың тек қана дәрiгерге қаралғаны қабылданады. Амбулаториялық көмек былайша қаржыландырылады: Ақтау қаласында барлық емханаларда дәрiгерге қаралумен; Жаңаөзен қаласында емханада дәрiгерге қаралу, дербес дәрiгерлiк амбулаторияларда жан басы мүлшерi, Қызыл-Сай Теңге кенттерiндегi және Медицина ЖШС-де дербес дәрiгерлiк амбулаторияларда жан басы мөлшерi бойынша. Күндiзгi жұмыс жасайтын амбулаториялық-емханалық ұйымдар үшiн бiтiрiлген жағдайларда. Тiс емханалары мен кабинеттерi үшiн - базалық салмақ коэффициентi бойынша (бұдан былай БСК). Қан орталығы, салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы және басқа облыс тұрғындарының денсаулығын қорғау қызметтерi үшiн мемлекеттiк тапсырыстың шығыстар сметасы көлемiнде.
Тармақ 6
6. Тұрақты емделу кезiнде туберкулез, онкология, жұқпалы немесе мамандандырылған басқа медициналық ұйымдарда емделуге ауысуды талап ететiн ауруларға төлеу КШТ-бағасының 50% аспайтын мөлшерде өтеледi.
Тармақ 7
7. МКБ-10 бойынша әртүрлi диагнозды аурулар ауруханаiшiлiк ауыстырылғанда стационарлық жағдайда емделушiлерге өтеу КШТ-ның төменде көрсетiлген бiр көрсеткiшi арқылы болады: - КШТ қорытынды диагнозы бойынша; - салмағы ең "ауырлау" КШТ бойынша; - Екi КШТ бойынша. Бұл тармақ КШТ жүйесiмен қаржыландыруға көшкен тәулiгiне үзiлiссiз жұмыс жасайтындарға қатынасты.
Тармақ 8
8. Жергiлiктi бюджеттi қайта қараған жағдайларда медициналық қызметтердiң тарифтерi мiндеттi түрде қайта есептелiп, облыс әкiмiмен бекiтiледi және осы келiсiмнiң бөлiнбес бөлшегi болып есептеледi, келiсiм шарттар қайта жасалады және қазыналық органдарда қайта тiркелуге жатады.
Тармақ 9
9. Медициналық қызметтермен жабдықтаушы беруге тиiс: "Денсаулық" РМҚК облыстық филиалына: ҚР денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрiнiң 1999 ж. 12 шiлдедегi № 319 және 1999 жылғы 12 қаңтардағы № 12 бұйрықтарына сәйкес есептi айдан кейiнгi айдың 02 жұлдызына дейiн, орындалған жұмыстардың актілерiн ҚР Қаржы Министрiнiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығына сәйкес ай сайын есеп-тiзбелермен бiрге. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына: Ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың екiншi жұлдызына дейiн есеп-тiзбелердi; қызмет берушiлермен жасалған салыстыру актiлерi тоқсан сайын есепті айдан кейiнгi айдың 10 жұлдызына дейiн; бухгалтерлiк есептер осы келiсiмнiң 8 бөлiмiнiң екiншi тармағына сәйкес ай сайынғы 7 және 15 жұлдыздарына дейiн.
Тармақ 10
10. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берiлген есеп-тiзбелер бойынша алдын ала төлеп, одан кейiн орындалған жұмыстардың актiлерi, есеп-тiзбелердi сараптаудың қорытындысы бойынша берiлген қаржыларын анықтайды. "Денсаулық" РМК ОФ әр айдың 10 жұлдызына дейiн есеп-тiзбелер және орындалєан жұмыстарды сараптағаннан кейiн есеп-тiзбелермен орындалған жұмыстардың актілерiн облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырады.
Тармақ 11
11. Медицина қызметтерiн орындаудың Мемлекеттiк тапсырысы ҚР-ның 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 163-1 "Мемлекеттiк сатып алу" заңына сәйкес берiлген сұраныстарға байланысты конкурс негiзiнде орналастырылады. Мемлекеттiк сұраныстың көрсеткiштерi облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1999 жылы 04 ақпанда бекiткен ережелерге сәйкес белгiленедi және мемлекеттiк сұраныстан тыс жұмыс көлемi төлеуге қабылданбайды. Конкурста жеңгенiнiң белгiсi болып мыналар есептелінедi: - конкурс сұранысының бағасы; - медицина жұмыстарының мамандық немесе сапалық кепiлдемесi.
Тармақ 12
12. Медицина қызметiн көрсетушi бюджет қаржысының тиiмдi және мақсатты пайдаланылғаны үшiн жауап бередi, ол мемлекеттiк сұранысты өтеуге бағытталған 1998 ж. 25 желтоқсандағы №1336 "Несиелiк борыштың алдын алу шаралары туралы" ҚР Yкiметiнiң қаулысына сәйкес болуы керек. Бюджет қаржысының мақсатты пайдалануын облыстық денсаулық басқармасының және облыстық қаржы басқармасының өкiлдерi тексередi.
Тармақ 13
13. 2000 жылдың 01 қаңтарына дейiнгi еңбек ақының, жеке тұлғалардан алатын табыс және әлеуметтiк салықтардың, желтоқсан айын қосып есептелгенде, толықтай қаржыландырылғаны қаперге алынсын. 2000 жылғы 01 қаңтарға несиелiк борыш жылдық есеп тапсырғанда анықталады және мына құжаттар негiзiнде қабылданады: тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетушiлермен жасалєан тексерiс актілерi; есептеу және тексерiс негiзiнде жинаќтау зейнетаќы ќорлары бойынша; 2000 жыл бойына несиелiк борыш тек қана белгiленген шығыстар шегiнде мемлекеттiк сұраныстың бекiтiлген көлемi бойынша қабылданады.
Тарау ii. II. Мемлекеттiк тапсырыстың және медицина қызметтерi тарифi көлемінiң есебi
II. Мемлекеттiк тапсырыстың және медицина қызметтерi тарифi көлемінiң есебi
Тармақ 1
1. 2000 жылдың мемлекеттiк тапсырысы (бiтiрiлген жағдайлардың саны, БСК және дәрiгерге қаралу) оның 1999 жылы 11 айда нақты орындалуына қарап, кереует санының 366-ға қысқарғанын есептеп, сонымен қатар 2000 жылға тұрғындардың саны "Қазақстан Республикасы облыстарында, қалаларында, аудандарындағы 1999 жылғы халық санағының алдын ала қорытындылары" статистикалық анықтамасы көрсеткiштерiне сәйкестенедi. 2000 жыл жоспарының Көрсеткіштері Бірлік көрсет кіштері Облыс бойын ша барлығы Ақтау Жаңа өзен Бейнеу Манғыс тау Қарақия Түп қараған Тәулігіне үздіксіз станционардың 2000ж. жоспары Жағдай 40190 23750 7030 2600 2830 2700 1280 Күндізгі Ем алудың 2000ж. жоспары Жағдай 11020 5700 1500 950 800 1200 870 Емханалардың 2000ж. жоспары Қаралу уақыты 2310300 1790500 384200 52100 12500 50500 20500 Тіс емхана қызметінің2000ж. жоспары БСК 424000 190000 110000 49500 12000 49500 13000 Жанұялық амбулаториялардың 2000ж. жоспары Тұрғындар 110300 - 17100 26500 29000 23500 14200
Тармақ 2
2. Медицина қызметтерінің тарифы облыстық сессия мәслихатында бекітілген бюджет қаражатын мемлекеттік тапсырыс көлеміне бөлу арқылы есептеледі, мұнда аудандар аймақтық коэффициенттерінің айырмашылығы және ауруханалар дәрежесі ескеріледі (облыстық аурухана)
Тармақ 3
3. Тарифтің есебіне: еңбек ақы, еңбек ақыға қосылатын барлық төлемдер, коммуналдық қызметтер, дәрі-дәрмектер, аурулардың азық-түліктері кіреді. Медицина кәсіпорындары бас бағдарламаға сәйкестендіріп төмендегі қатынастарда шығыстар сметасын жасап, оны орындайды:
Тармақ 4
4. Баптар бойынша артық шығындар әр кәсіпорынның ақылы қызмет көрсетуімен қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. 35 және 36 бағдарламалармен қарастырылған қаражаттар үйлесiмдi жағдайда бөлiнедi: 56,3% - стационарлық емделгендер, 43,7% - амбулаториялық жағдайда емделгенде.
Тармақ 6
6. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда күндiз емделудiң тарифi бiткен жағдайларда бұрынғы мөлшерде 1152 теңге және тiс емдеудiң 1 СБК - 58,1 теңге мөлшерiнде сақталсын. 3. Медицина қызметтерiн өтеудегi басымдықтар
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк мекемелер;
Тармақ 2
2. Жедел жәрдемдi қосқандағы бiрiншi медико-тазалық көмек беретiн бөлiмшелер;
Тармақ 3
3. Перзентханалар мен балалар ауруханалары;
Тармақ 4
4. Көп салалы ауруханалар мен диспансерлер;
Тармақ 5
5. Кеңес диагностикалық емханалар, емханалар;
Тармақ 6
6. Тiс емханалары;
Тармақ 7
7. Басқа медицина кәсiпорындары.
Тарау 4. IV. Есеп беру
IV. Есеп беру
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң 1999 жылғы 12 шiлдедегi N 319 бұйрығына сәйкес бекiтiлген мерзiмде және үлгiде Қазақстан Республикасы денсаулық жөнiндегi агенттiгiне; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы №103, 1999 жылғы 04 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес шығыстар сметасы бойынша бағдарламаларды жiктей отырып облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 2
2. Медицина қызметтерiн көрсетушiлер облыстық денсаулық сақтау басқармасына әр айдың 7 жұлдызынан кешiктiрмей "Медицина ўйымдарының бюджет қаражатын пайдалануы туралы", 15 жұлдызынан кешiктiрмей "Несиелiк борыштардың есебiн" шығыстар сметасы бойынша бағдарламалардың жiктеуiмен тапсырады.
Тармақ 3
3. Есеп-тiзбелер мен орындалған жұмыстардың актiлерi ағымдағы айдың 25 жұлдызы бойынша жасалады және есептi айдан кейiнгi айдың екiншi жұлдызына дейiн төлеуге қабылданады. Ерекше жағдайларда, дәлелдi себептермен есеп-тiзбелер мен орындалєан жұмыстардың актiлерi есептi айдан кейiнгi айдың 04 жұлдызына дейiн ұзартылады.
Тарау 5. V. Есептеу тјртiбi
V. Есептеу тјртiбi
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы облыстық денсаулық сақтау басқармасын ай сайын шығыстар сметасына сәйкес мемлекеттiк тапсырыстың сомасы шегiнде бюджетке түскен қаражатқа байланысты қаржыландырады.
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жабдықтаушыға Қазақстан Республикасы азаматтарына көрсеткен медициналық қызметтерiне байланысты шығындарын жасалған келiсiмдер шегiнде орындалған мемлекеттiк тапсырыс бойынша облыстық қаржы басқармасынан түскен бюджет қаржысы арқылы қайтарып бередi. Жабдықтаушылармен есеп айырысу 1 бөлiмiнiң 8 тармағы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен бюджет қаражатын медицина қызметтерiмен жабдықтаушы бiрiншi кезекте еңбек ақыға, дәрi-дәрмек алуға, аурулардың азық-түлiгiн алуға жұмсайды. Медицина қызметкерлерiнiң еңбек ақысы тарифтiк еңбек ақы мөлшерiмен, күшiнде тұрған заңдар бойынша төленуге тиiстi қосымша ақыларымен бiрге есептеледi. Медициналық қызмет көрсетушiлер мемлекеттiк тапсырыс сметасы шегiнде облыстық денсаулық сақтау және қаржы басқармалары мен келiсiлген сомалар шегiнде шығындар жасайды. Сметада медицина кәсiпорындарын ұстап тұрудың барлық шығындары осы келiсiмнiң екiншi бөлiмiнiң 3 тармағы бойынша қосып есептелiнедi және мемлекеттiк тапсырыстың сомасы шегiнде өтеуге қабылданылады.
Тармақ 4
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен "Денсаулық" РМК ОФ есеп-тiзбелерi мен орындалған жұмыстар актiлерiнiң уақытында тапсырылмағанына жауап бермейдi және оларды төлеуге қабылдамайды.
Тармақ 5
5. Осы тарифтiк келiсiм 2000 жылдыѕ 01 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейiн күшiнде болады.