Об организации летнего отдыха, оздоровления, занятости детей и подростков в 2000 году Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2000 жылдың жазғы демалысында балалармен жеткіншектердің сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000ж. 21 наурызындағы 416 Қаулысына сәйкес, 2000 жылдың жазғы демалысында балалар мен жеткіншектердің шығармашылығын дамыту және құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында облыс әкімі шешім қабылдайды:
Тармақ 1
1. Қала, аудан әкімдері, облыстық білім басқармасы /Е.Дмитриенко/:
Тармақ 1
1. 2000 жылдың жазғы уақытында балалар мен жеткіншектердің демалысын жергілікті бюджетте балалардың мәдени шараларына қарастырылған қаржы және спонсорлық көмек арқылы ұйымдастырсын.
Тармақ 1.2
1.2. 2000 жылдың жазғы уақытындағы демалыс бағдарламасы қала мен аудандардың экономикалық жағдайларына, ерекшеліктеріне, ата-аналарының балаларын демалдыру қажеттігіне сай әзірленсін және бекітілсін.
Тармақ 1.3
1.3. Балалар мен жеткіншектердің жазғы демалысын ұйымдастыру жөнінде облыстық, қалалық және аудандық комиссия құрылсын.
Тармақ 1.4
1.4. Мемлекеттік құрылымдар, кәсіподақтық ұйымдар, шаруашылықтар мен кәсіпорындардың күші балаларды сауықтыру мен жазғы демалысын қамтамасыз етуге жұмылдырылсын.
Тармақ 1.5
1.5. Мемлекеттік және жекешелендіру аймақтық Комитетімен бірге /М.Б.Бекенов/ барлық демалыс зоналары мен лагерлер тізімі есепке алынсын, бос тұрған лагерлерді толық пайдаланымға келтіру шаралары жасалсын. Балаларды сауықтыру орталықтары санитарлық, өртке қарсы, техникалық қауіпсіздіктерді сақтау шараларымен қамтамасыз етілсін.
Тармақ 1.6
1.6. Демалыс кезінде мектептен тыс мекемелер қызметі, мектептер жұмысы кеңейтілсін: аталған мектептерде күндізгі-палаткалы және сауықтыру лагерлері, мектеп жанындағы лагерлер мен алаңдар ұйымдастырылсын; мектеп орманшылығы, көркейту және көгалдандыру бригадалары, оқу-өндірістік бригадалары ұйымдастырылсын; туристік жорықтар, саяхат пен экспедициялар, жарыстар, бұқаралық іс-шаралар жүргізілсін; мектептерде, әсіресе ауылды жерлерде спорттық үйірмелер мен секциялар жұмысы жүргізілсін.
Тармақ 1.7
1.7. Бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, көп балалы, тұрмысы төмен үйдің балалары, мүгедек балалардың жазғы демалысы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 1.8
1.8. Заңға сәйкес жеткіншектердің бос уақытын, демалыс кезеңдерін жеңіл жұмыспен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім басқармасы /Дмитриенко Е.А./
Тармақ 2.1
2.1. Балалардың жазғы демалысының барлық түрлерінде тәрбие үдерісін жоғары деңгейде қамтамасыз етсін.
Тармақ 2.2
2.2. Балалар мен жеткіншектердің күндізгі сауықтыру лагерлер жүйесінің дамуына жағдай жасалсын, олар педагогикалық және басқа да кадрлармен қамтамасыз етілсін, балалардың келуіне материалды-техникалық және тұрмыстық жағдай жасалсын.
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет /Мұсабеков Д.Н/, ақпарат және келісім /Сейтжанова Н.С./ басқармалары:
Тармақ 3.1
3.1. Балалар мен жеткіншектердің жазғы сауықтыру демалысында мәдени шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 3.2
3.2. Бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жеткіншектердің жазғы демалыстары, балалар сауықтыру мекемелері жөнінде жазылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер /Хайдаров Х.С/ басқармасы:
Тармақ 4.1
4.1. Балаларды тасымалдау қауіпсіздігі және балалар сауықтыру мекемелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4.2
4.2. Жазғы демалыс кезінде көшелер мен жолдарда балалар жарақатының алдын-алу шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық туризм және спорт /Ахметов Қ.А./ басқармалары жазғы демалыс кезінде:
Тармақ 5.1
5.1. Балалар мен жеткіншектердің жұмысында спортты ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5.2
5.2. Балалар мен жеткіншектерге арналған спорттық-бұқаралық, сауықтыру шаралары ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау /Комалдинов И.М./ басқармасы:
Тармақ 6.1
6.1. Балалар сауықтыру мекемелерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қажетті деңгейде қамтамасыз етсін.
Тармақ 6.2
6.2. Балалар сауықтыру мекемелерін дәрігерлік бақылаумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы /Қанаииянов И.А./ балалар сауықтыру ұйымдарында өрт қауіпсіздігінен сақтаумен қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Берілген шешімнің орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж.Жалмағанбетоваға жүктелсін.