Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан на 2000 год

Ереже · № 0 · қабылданған 17.07.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-6786/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан на 2000 год Күшін жойған 17.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан на 2000 год

Күшін жойған Ереже № 0 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с проездом больных, направленных на лечение в лечебно-профилактические и другие учреждения здравоохранения Республики Казахстан на 2000 год
Атауы (қаз.)
2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
0
Қабылданған күні
17.07.2000
Көрсетілген редакция
17.07.2000 6786_257999.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00N0000366
ЭКБ идентификаторы
6786
Редакция идентификаторы
6786_257999
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:21
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы мәслихатының 26.04.2001 № 113 шешімімен.
«2000 жылға Қостанай облысының облыстық бюджетіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2000 жылғы 14 маусымдағы шешімін жүзеге асыру мақсатында, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің ережелері бекітілсін (қосымша).

2 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының жол шығынының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің Ережелері

Қостанай облыстық
мәслихатының 2000 жылғы
18 шілдедегі шешіміне
қосымша
2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының жол шығынының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің
Ережелері
Бұл Ережелер «Азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдер төлеу туралы» бюджеттік бағдарламасымен 2000 жылы Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыру жөнінен әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстарының орнын толтыружөнінен әлеуметтік көмекті (бұдан әрі әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары көрсетеді.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету туралы арыздарын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындамаудан бас тарту жайында шешім қабылдайды.

2. Әлеуметтік көмек алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың егер олардың отбасының әр мүшесінің айлық орташа жиынтық табысы сәйкесті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген айлық есептік есептік көрсеткіштерінің екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда құқықтары бар.

3. Отбасының табысына қарамастан әлеуметтік көмектің көрсетілген түрі азаматтардың төмендегідей санаттарына көрсетіледі.

- 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандарға;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге;
- Чернобыль АЭС апаты және басқа ядролық апаттар салдарынан зардап шеккендерге;
- ВИЧ инфекциясына ұшыраған немесе СПИД-пен ауырған адамдарға;
- онкологиялық, гематологиялық аурумен ауырғандарға;
- диабеті (қантты, қантсыз)барларға;
- жүректі, бүйректі, бауырды ауыстырып салу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға;
- миокард инфаркты барларға (алғашқы алты ай);
- жүрек клапандарын (антикоагулянттарды) протездеу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға.

4. Егер дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасында алып жүрушінің қажеттігі туралы қорытынды берілсе, бұл жағдайда науқасты алып жүруші бір адамға да әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұл жағдайдың әлеуметтік көмек ауру баламен қатар оны алып жүруші ата-ананың, асырап алушының, қамқоршысының және басқа заңды өкілінің біріне берілуіне байланысты 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандарға қатысы жоқ.

2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш түсіру

5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (бұдан әрі арызданушы) жазбаша түрде арыз түсіреді және әлеуметтік көмек алуға құқын растайтын құжаттарын ұсынады.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген адамдардың келісімімен отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына тексеру жосығын жүргізеді. Бас тартқан жағдайда арызданушы әлеуметтік көмек алу құқынан айырылады.
Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша комиссия арызданушы отбасын тексерудің актісін жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Көрсетілген актімен арызданушы жазбаша түрде қол қоя отырып танысуға тиіс.

6. Арызданушы заңға сәйкес арыз бен құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шынайылығына жауап береді.

3. Қажетті құжаттардың тізбесі

7. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін мынадай құжаттар міндетті болып табылады:

облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қазақстан Республикасының профилактикалық және басқа емдеу мекемелеріне емделуге берген жолдамасы;
жолдама ресми бланкте ресімделеді, онда құжатқа қол қоятын лауазымды тұлғаның толық атауы , жеке қолы және оның таратылуы көрсетіледі. Жауапты тұлғаның қолы – елтаңбалық мөрмен расталуға тиіс;
теміржол көлігімен немесе жолаушылар автобусымен жол жүру құжаттарын көрсету.

8. Оның сыртында төмендегідей құжаттар көрсетіледі.

а) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттары үшін:

отбасының табысының барлығын немесе жоқтығын растайтын құжаттар жиынтық табысты есептеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес беріледі.

б) 18 жасқа дейінгі кәмелетке жасы толмағандар үшін:

баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.

в) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер үшін:

медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектіктің тобын белгілеу жөніндегі анықтамасының көшірмесі.

г) Чернобыль АЭС апатының және басқа ядролық апаттардың салдарынан зардап шеккен азаматтар үшін.

азаматтың көрсетілген әлеуметтік мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесі.

д) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері үшін.

азаматтың көрсетілген әлеуметтік мәртебесін растайтын куәлігінің көшірмесі.

е) мынадай ауру түрлері бар адамдар үшін:

- диабет (қантты, қантсыз); миокарда инфаркті (алғашқы алты ай);
- онкологиялық, гематологиялық ауру түрлері;
- жүректі, бүйректі, бауырды ауыстырып салу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға;
- жүрек клапандарын (антикоагулянттарды) протездеу жөніндегі операциялардан кейінгі жағдайлардағыларға;
- ВИЧ инфекциясына ұшыраған немесе СПИД-пен ауырған адамдарға;
- дәрігерлік-консультациялық комиссияның көрсетілген ауру түрлерінің барлығы туралы анықтамасының көшірмесі.

9. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар түпнұсқа түріндегісімен қатар белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірме түрінде де берілуі мүмкін.

4. Әлеуметтік көмекті тағайындау туралы

10. Комиссияның әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарту туралы шешімі арызданушы басқа құжаттарымен қоса арызын бергеннен кейін 10 күн ішінде беріледі, ол жайында арызданушыға хабарланады.

11. Жол жүру құжаттарының болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.

5. Әлеуметтік көмектің мөлшері

12. Қазақстан Республикасының емдеу-профилактикалық және басқа емдеу денсаулық сақтау мекемелеріне емделуге жіберілген науқастардың жол жүруіне байланысты шығыстардың орнын толтыру жөніндегі әлеуметтік көмек жол жүру құжаттарының негізінде (бару, келу) теміржол көлігі немесе жолаушылар автобусымен жол жүру құнының 100 процент мөлшерінде көрсетіледі.

6. Әлеуметтік көмекті төлеу

13. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

14. Аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары есептеулер жүргізеді, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін қалыптастырады, оларды ай сайын облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына түсіреді, олар жалпы тізім жасайды да облыстық қаржы департаментіне ай сайын қаржыландыруға тапсырыс береді.

15. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары берген тізімге сәйкес «Қазақстанның халықтық банкі» ААҚ филиалдары және құрылымдық бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.