Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О квоте иммиграции для Актюбинской области на 2000 год

Өзге акт · № 101 · қабылданған 17.07.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-6974/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О квоте иммиграции для Актюбинской области на 2000 год Күшін жойған 17.07.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О квоте иммиграции для Актюбинской области на 2000 год

Күшін жойған Өзге акт № 101 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О квоте иммиграции для Актюбинской области на 2000 год
Атауы (қаз.)
2000 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101
Қабылданған күні
17.07.2000
Көрсетілген редакция
17.07.2000 6974_293469.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00C000701_
ЭКБ идентификаторы
6974
Редакция идентификаторы
6974_293469
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:21
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2000 жылға арналған Ақтөбе облысы үшін көшіп келу квотасы

📌 Ескерту. Күші жойылды – қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты, Ақтөбе облыстық әкімдігінің 21.12.2004 № 08-3/2691 хаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 200 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығын іске асыру мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 406 Жарлығымен Ақтөбе облысы үшін 2000 жылға арналған 50 отбасы, соның ішінде Қытай Халық Республикасынан – 20 отбасы, Өзбекстан Республикасынан – 20 отбасы, Түрікменстан Республикасынан – 10 отбасы мөлшерінде бекітілген көшіп келу квотасы басшылыққа және орындауға алынсын.

2. Облыстық көші-қон және демография басқармасы (Жоламанов Б. Ж.), Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдерімен бірігіп, оралмандардың отбасыларын олардың туыстық және өндірістік – шаруашылық байланыстарын ескере отырып, жинақы орналастырудың шараларын алсын. Оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды ересек мүшелерінің біліктілігі мен мамандықтарына сәйкес жұмысқа орналасуына, ұлттық кәсіптерін жаңғыртуына, кәсіпкерлік іс-әрекеттерін ұйымдастыруына, фермерлік және шаруа қожалықтарын құруына ықпал етсін.

3. Ақтөбе қаласы және аудандар әкімдері тарихи Отанына қайтып келген оралмандарға қажетті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлар жасалуын қамтамасыз етсін, тұрғын үй салу және шаруашылықпен айналысу үшін белгіленген тәртіп бойынша жер бөліп берсін.

4. Облыстық білім басқармасы (Құдайбергенов А. А.), аудандар әкімдері оралмандардың балаларын тиісті оқу орындарына уақытында қабылдау мәселелерін жедел шешіп, қажет болған жағдайларда оларды өз тілінде оқытуды ұйымдастырсын.

5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Алдашев А.) облысқа көшіп келген оралмандарға тегін дәрігерлік тексеру ұйымдастырып, олардың емдік – профилактикалық көмек алу тәртібін айқындасын.

6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары С. Ш. Мұқашевқа жүктелсін.