Құжат мәтініне өту

Об утверждении на 2000 год номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства

Қаулы · № 1486 · қабылданған 01.10.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-7057/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении на 2000 год номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства Күшін жойған Қаулы ·№ 1486 ·01.10.2000
23.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении на 2000 год номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства

Күшін жойған Қаулы ·№ 1486 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении на 2000 год номенклатуры видов товаров (работ, услуг), государственные закупки которых осуществляются у субъектов малого предпринимательства
Атауы (қаз.)
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің 2000 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1486
Қабылданған күні
01.10.2000
Көрсетілген редакция
23.04.2008 AI7057_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001486_
ЭКБ идентификаторы
7057
Редакция идентификаторы
AI7057_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:15

0 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің 2000 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2008 N 381 Қаулысымен.
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163-1 Заңының 25-2-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. Қосымшаға сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын және мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен қаржыландырылатын барлық мемлекеттiк органдар мен мекемелер үшiн мiндеттi болып табылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерiнiң 2000 жылға арналған номенклатурасы бекiтiлсiн.

2

2. Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдар мен мекемелер осы қаулыға қосымшада аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алудың жалпы көлемiнiң 10 пайызға дейiнгi мөлшерiнде мемлекеттiк сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен ұйымдастырсын.

3 3. Осы қаулыға қосымшада көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде отандық тауар өндiрушiлер басымдыққа ие болады деп белгiленсiн.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.

5 Шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түрлерiнiң номенклатурасы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2000 жылғы 2 қазандағы
N 1486 қаулысына
қосымша
Шағын кәсіпкерлiк субъектiлерiнен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) түрлерiнiң номенклатурасы
Азық-түлiк тауарлары
Ұн
Нан, нан-тоқаш бұйымдары
Макарон бұйымдары
Жармалар
Сүт және кiлегей
Сары май және өсiмдiк майы, тоң май
Ашыған сүт өнiмдерi
Шұжық бұйымдары
Балықтан жасалған өнiмдер (жаңа ұсталған балық, ұсталған
күйiнде мұздатылған, қақталған балық)
Алкогольсiз сусындар, шырындар
Кондитерлiк бұйымдар
Жұмыртқа
Табиғи бал
Көкөнiс, жемiс (консервiленген)
Қант (құмшекер, шақпақ қант, кесек қант)
Өнеркәсiп тауарлары
Мехтан (табиғи, жасанды) тiгiлген киiмдер және оның керек-
жарақтары, мехтан тiгiлген бас киiмдер, мех терiлерi
Тоқыма өнеркәсiбiнің өнiмдерi
Тiгiн бұйымдары
Аяқ киiм
Аяқ киiм майлары
Тұрмыстық, мектептiк және кеңселiк жиhаздар
Құрылыс материалдары:
тұсқағаздық қағаз (тұсқағаздар) және басқа қабырғалық жабындылар
шойын, болат құрылыс құрылғылары
кiрпiш
кесiлген ағаш материалдары
ағаштан жасалған бұйымдар
шыны пакеттер
пенопластикалық тақталар
асфальттан және соған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдар
бетон және темiр-бетон бұйымдары
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есiктер, табалдырықтар, терезелер, кәсектер, терезе қақпақтары)
табиғи тастан жасалған қаптау материалдары мен бұйымдары,
табиғи тастан әзiрленген толтыру, жолға төсеу материалдары (ұсақ тастар, қиыршық тастар)
полиэтилен құбырлары
Ағаштан, керамикадан (фарфор, фаянс) жасалған әшекейлi бұйымдар
Алюминийден жасалған бұйымдар
Жабдықтар:
стандартқа сай емес жабдықтар
шахта жабдықтары
Қызмет көрсетулер
Полиграфиялық қызметтер
Жөндеу-құрылыс жұмыстары
Көлiктiк-экспедициялық қызмет көрсетулер
Медициналық (стоматологиялық)
Күрделi тұрмыстық техниканы жөндеу
Ғұрыптық қызметтер
Заң және нотариалдық қызмет
Қоғамдық тамақтандыру қызметтерi
Делдалдық, оның iшiнде жанармай-жағармай материалдарын сақтау және сату жөнiндегi қызметтер
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер

Қолданыстағы