Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу осенью 2000 года

Өзге акт · № 184 · қабылданған 04.10.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2000-ekb-7238/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу осенью 2000 года Күшін жойған 04.10.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу осенью 2000 года

Күшін жойған Өзге акт № 184 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан призывного возраста на срочную военную службу осенью 2000 года
Атауы (қаз.)
Шақыру жасына жеткен азаматтарды 2000 жылдың күзінде кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
184
Қабылданған күні
04.10.2000
Көрсетілген редакция
04.10.2000 7238_258571.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001624_
ЭКБ идентификаторы
7238
Редакция идентификаторы
7238_258571
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:14
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шақыру жасына жеткен азаматтарды 2000 жылдың

күзінде кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 16.01.2002 № 9 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2000 жылдың күзінде кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2000 жыл 30 қыркүйектегі N 447 Жарлығын және Қазақстан Республикасының "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарының 13, 14, 28, 35 баптарына сәйкесті ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Облыстық әскери комиссар (Мұқатаев) 2000 жылдың қазан - желтоқсанында жасы 18-ге толған, сондай-ақ шақырудан қалдыру мерзімі өткен шақыруға құқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын және белгіленген мерзімде әскерге жөнелтсін.

2. N 1 қосымшаға сәйкесті облыстық шақыру комиссиясы бекітілсін.

3. Орал қаласының және аудандардың әкімдері:

- өздерінің шешімдерімен мынадай құрамда шақыру комиссияларын құрсын:
комиссия төрағасы - қала (аудан) әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары - қалалық (аудандық) әскери комиссар, комиссия мүшелері - қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімінің өкілі, дәрігер қызметкерлер жұмыстарының басшысы және комиссия хатшысы;
- азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде әскери комиссариаттарға дәрігерлік тексеру жүргізу үшін жабдықталған ғимараттар, қажетті мөлшерде қызмет көрсететін персонал мен техникалық қызметшілер, сондай-ақ шақырылушыларды облыстық жинақтау пунктіне әкелу үшін автокөліктер бөлсін;
- азаматтардың шақыру комиссияларында дәрігерлік тексеруден өтуі үшін әскери комиссариаттарға келуін және оларды әскери бөлімдерге баруы үшін облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуді қамтамасыз етудің қажетті шараларын алсын;
- азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктеріндегі жұмыстарға бөлінген шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметшілер мен қызмет көрсететін қызметшілердің негізгі жұмыс орындарындағы орташа жалақысын сақтасын.

4. Жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен оқу орындары басшылары меншіктің нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан азаматтарды шақыру пунктеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін, мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды салтанатты шығарып салуды ұйымдастырсын.

5. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков):

- шақыру кезінде қажетті мөлшерде жоғары білікті тәжірибелі дәрігер мамандар, медбикелер бөлсін және облыстың қалалық, аудандық әскери комиссариаттарының шақыру пункттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін (N 2 қосымша);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысына сәйкес шақыру комиссиялары емдеу мекемелеріне жіберген шақырылушыларды стационарлық және амбулаториялық тексеруден өткізуді қамтамасыз етсін. Осы мақсаттар үшін аудандарда 5-8 төсектік, облыстық емдеу мекемелерінде 30 төсекке дейін мақсатты орындар бөлсін.

6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Рақымжанов):

- шақыру кезінде облыстық жинақтау, қалалық және аудандық шақыру пункттерінде шақырылушылар жөнелтілетін темір жол және автомобиль станцияларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
- жеті күн мерзімде қылмыстық іс қозғалған шақырылушылар туралы Орал қалалық және аудандық комиссариаттарға шақырылушыларға қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлауы керек.

7. Әділет басқармасы (Мұхитова) жеті күн мерзім ішінде әскери комиссариаттарға шақырушылардың тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе немесе өлім жағдайы тіркелсе, сот үкімі заңды күшіне енген болса хабарлауы керек.

8. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) шақырылушыларды тасымалдау кезінде осы шараларды ұйымдастырып жүргізуге оларды әскерге аттандырып жіберу, дәрігерлік комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етуге облыстық бюджетте қаралған көлемде ақша қаражатын бөлсін.

9. Облыстық әскери комиссар Г.К. Мұқатаев әскерге шақыру жұмысының жүрісі туралы облыс әкімін уақытылы хабарлап тұрсын. Жиынтық хабарды 2000 жылдың 20 желтоқсанына берсін.

10. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсін.

11 Облыстық әскерге шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ

Облыс әкімінің 2000 жылғы
5 қазандағы N 184 шешіміне
N 1 қосымша
Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ
1. Мәлік Иманқұлұлы Құлшар - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
2. Геннадий Қадырұлы Мұқатаев - Батыс Қазақстан облысының әскери комиссары,
комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
1. Ишанғалы Иманбайұлы Әубәкіров - ІІБ бастығының орынбасары, ішкі істер
қызметінің полковнигі
2. Николай Борисович Дмитриенко - облыстық денсаулық сақтау басқармасы
бастығының орынбасары
3. Қуаныш Хасаманұлы Орынбасаров - облыстық әскери комиссариаттың 2 бөлімі
бастығының аға көмекшісі, медициналық қызметтің майоры
4. Маржан Балжұмақызы Мерғалиева - медбике, комиссия хатшысы
Комиссияның резервтік құрамы:
1. Комиссия төрағасы - облыс әкімінің орынбасары
2. Төрағаның орынбасары - облыстық әскери комиссардың орынбасары,
полковник Сергей Нұптығалиұлы Қабесов
Комиссия мүшелері:
1. Орынбасар Мүбарақұлы Бисалиев - Орал қалалық ІІБ басқармасының бастығы
2. Мария Мұқанқызы Жауымбаева - дәрігер-терапевт
3. Сұлушаш Сатыбалдықызы Тоғжанова- комиссия хатшысы

12 Облыстық әскери комиссариат пен қалалық әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссиялар құрамына тартылатын дәрігер мамандардың, орта буын дәрігер қызметкерлердің ТІЗІМІ

Облыс әкімінің 2000 жылғы
5 қазандағы N 184 шешіміне
N 2 қосымша
Облыстық әскери комиссариат пен қалалық
әскери комиссариат жанындағы дәрігерлік комиссиялар
құрамына тартылатын дәрігер мамандардың,
орта буын дәрігер қызметкерлердің
ТІЗІМІ

1. Батыс Қазақстан облыстық психикалық денсаулық орталығы:

Нұрлан Нұрғалиұлы Байыров – психиатр
Сергей Владимирович Степанов – психиатр
Серік Сағатұлы Рамазанов – медбрат

2. Облыстық өкпе аурулары диспансері:

Бақытжан Сағидоллақызы Опиева – фтизиатр
Жұмабике Сақыпқызы Жұмағалиева – фтизиатр

3. N 1 емхана:

Мария Мұқанқызы Жауымбаева – терапевт
Валентина Дмитриевна Шепель – терапевт
София Құбашқызы Жүсіпова – невропатолог
Гүлсім Жасболатқызы Досанова – невропатолог
Раиса Владимировна Герасимова – окулист

4. N 4 емхана:

Күләш Балапайқызы Бабанова – отоларинголог
Ағиба Құрманғалиқызы Досмухамбетова – терапевт
Жібек Абырақынқызы Қонарова – медбике

5. Көз ауруларының ауруханасы:

Батырбек Идаятұлы Байдиев - көз дәрігері
Ботакөз Қиясова – медбике

6. Облыстық тері-венерология диспансері:

Неля Болатқызы Ғубашева - тері ауруының дәрігері
Толқын Асылбекқызы Нұрмұханова - тері ауруының дәрігері

7. "Облыстық стоматологиялық орталық" АҚ:

Клара Ғұбайдоллақызы Дабысова - тіс дәрігері
Надежда Николаевна Манецкая - тіс дәрігері

8. Облыстық онкологиялық диспансер:

Маржан Балжұмашқызы Мерғалиева - дәрігерлік комиссияның хатшысы