О целевой комплексной программе противодействия эпидемии СПИДа в области на 2001 - 2001 годы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001 - 2002 жылдарға арнлаған мақсатты кешенді бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында және ЖҚТБ инфекциясы таратуының алдын алу әдістерінің өзгертуіне байланысты, облыс денсаулық сақтау департаментінің бастығы С.Б. Иманғазиновтың "Облыста ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы туралы" хабарламасын тыңдап жјне талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Облыста ЖҚТБ-ның індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2001 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешенді бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті жыл сайын 10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихатқа Бағдарламаның орындалу барысы туралы хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті 2001 жылғы Бағдарламаның шараларын дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 2002 жылға арналатын облыс бюджетінде Бағдарламаның қаржыландыруы қарастырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.
Басқа 5. Облыста ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарлама
Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 20 шілдедегі шешіміне қосымша Облыста ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарлама ПАСПОРТ Атауы Облыста ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi 2001 - 2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарлама Әзiрлеуге негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жыл-жылғы 5 желтоқсандағы № 1808 нөмiрлi қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасы; облыс әкiмiнiң тапсырмасы; облыста АҚТҚ-жұқпасы бойынша эпидемиялық жағдайдың асқынуы Негiзгi әзiрлеу. Облыс әкiмi аппаратының бөлiмдерi, облыстық денсаулық сақтау, шiлер бiлiм, мәдениет, қаржы, туризм және спорт, коммуналдық шаруашылық және коммуникациялар, индустрия, сауда және кәсiпкерлiктi дамыту департаменттерi, облыс iшкi iстер басқармасы, облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (келiсiм бойынша), облыс бойынша қылмыстық- атқарушы жүйесi Комитетiнiң басқармасы (келiсiм бойынша) Мақсаты Облыста АҚТҚ-жұқпасының таралу қарқынын төмендету Мiндетi Мемлекеттiк органдардың, облыс ведомстволары мен қоғамдық ұйымдардың күштерiн ЖҚТБ-нiң алдын алуды iсiне бiрiктiру Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, облыс халқының бiлiм дәрежесiн, хабардарлығын арттыру Халықтың елiккiш топтарын ақысыз медициналық кепiлдендiрiлген көмек көлемiне қамтамасыз ету Осы Бағдарламаны жүзеге асыру барысында адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен кең түрде қарым-қатынас жасау Қаржыландыру көздерi Жергiлiктi бюджеттiң қаржысынан Күтiлетiн нәтижелер ЖҚТБ-жұқпасының таралуын төмендету: 2001 жылдың 1 шiлдесiне 500-дiң орнына 320, 2002 жылдың 1 қаңтарына 1200-дiң орнына 620, 2002 жылдың 1 шiлдесiне 2300-дiң орнына 890, 2003 жылдың 1 қаңтарына 4000-дiң орнына 1040 жағдай тiркелетiн болады
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе Бағдарламаның негiзi осы жылға сай дайындалған шаралар жоспарын жүзеге асыру болып табылады.
Тарау 2. 2. Мәселенiң қазiргi жай-күйiне талдау жасау
2. Мәселенiң қазiргi жай-күйiне талдау жасау Қазақстанда АҚТҚ жұқпалы ауруымен күрес мәселесi әлемнiң бүкiл елдерiн дерлiк қамтыған, АҚТҚ/ЖҚТБ зобалаңының елiмiзге таратылуы салдарынан пайда болды. Павлодар облысында АҚТҚ-ны жұқтырумен байланысты жағдаяттар тұрақты болып қана қоймай, оның күшейе түсуi орын алып отыр. Екпе есiрткiнi қолданушылар саны өсуде, кездейсоқ жыныстық қатынастарының саны ұлғаюда. АҚТҚ-ның жаза өтеу мекемелерi жүйесiнде таралу қауiпi өсуде. Облыста АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын анықтайтын халықтың басым топтары мыналар болып табылады: Екпе есiрткiлердi қолданушылар. Топ саны айтарлықтай көп (Павлодар қаласы бойынша алғанда олардың есептi саны 8 мың) және оның есiрткiлердi егу үшiн ортақ иненi пайдаланатын өкiлдерiнiң өсуi байқалады, пiспекте қоздырғыш болған жағдайда АҚТҚ-ны жұқтыру қатерi өте жоғары, 2001 жылдың 15 ақпанындағы дерек бойынша, облыста 126 АҚТҚ-мен тiркелген адамдардың 119-ы - екпе есiрткiлердi қолданушылар. Қорғаныс құралдарын қолданбай коммерциялық жыныс құмарлықпен айналысатын адамдар (әлемде АҚТҚ-ның 50 пайызынан астамы жыныстық жолмен берiледi). Жыныстық жолмен берiлетiн аурудың негiзгi себебi жезөкшелiкпен айналысу болып табылады. Облыста 315 жезөкше тiркелген. Сонымен қатар топтың алдын алу да көбiне жабық күйiнде қалады, оның өкiлдерi жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулармен ауырған кезiнде медициналық көмекке өте сирек жүгiнедi. Жеткiншектер мен жастар. Топ саны көп және негiзгi белсендi көпшiлiгi жынысқұмарларды құрайды. Есiрткiлердi қолдану және жезөкшелiкпен айналысу жолына көп жағдайда жастар өкiлдерi түседi. Облыста 2000 жылы АҚТҚ-мен тiркелгендердiң 89,1% - 29 жасқа дейiнгi жеткiншектер мен жастар. Донорлар. Егер донор АҚТҚ-ны таратушы болса, қан құю кезiнде АҚТҚ-ны жұқтыруы мүмкiн. Қағынды қанды құю жағдайында, оны жұқтыру қауiпi 96 пайызды құрайды. Соңғы кездерде қатерлi топқа жататын адамдардың (нашақорлар, жезөкшелер) донорлық қан беру фактiлерi тiркелiп жүр. Жүктi әйелдер. Оның балаға жұғуы АҚТҚ жұқтырған әйелдерден, яғни олардың жүктi және босанған, баланы емшекпен емiзген кезiнде болуы мүмкiн. АҚТҚ-жұқпасымен ауырған әйелдер мен жаңа туған балаларды қоздырғыштарға қарсы алдын ала емдеу iсi қоздырғыштың балаларға жұғу мүмкiндiгiн 10 пайызға төмендететiн болады. Облыста ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-әрекет жөнiндегi мәселелердi шешу мемлекеттiк органдардың, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың бiрлескен iс-қимылын қажет етедi.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты - облыста АҚТҚ-жұқпасының таралу қарқынын төмендету. Алға қойылған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет: облыста АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуының алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық ұйымдардың, бiлiм мекемелерiнiң, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметтерiн үйлестiру; АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi ақпараттық бiлiм беру бағдарламаларын облыс тұрғындарының арасында, сонымен қатар жеткiншектер мен жастар арасында одан әрi жетiлдiру; облыс халқының медициналық ұйымдар мен тұрмыстық қызмет көрсететiн кәсiпорындарда АҚТҚ-жұқпасын жұқтыруының алдын алу; екпе есiрткiлердi қолданатындар арасында АҚТҚ-жұқпасының таралуын болжамды деңгейден 30 пайызға төмендету; коммерциялық жынысқұмарлық iсiмен айналысатын адамдар арасында АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу; АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтырғандарды дер кезiнде диагностикалау және емдеу; АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемиологиясы және одан сақтандыру, диагностикалау клиникасы мен емдеу мәселелерi жөнiндегi мамандарды дайындау; АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелерiмен айналысатын халықаралық және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
Тарау 4. 4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
4. Бағдарламаны жүзеге асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi Облыста басымдық мiндеттердi шешу және алға қойылған мақсаттарға жету үшiн Бағдарламада АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қарсы iс-әрекет жасау туралы кешендi шараларды жүзеге асыру қарастырылған. Бұл үшiн: мүдделi ведомстволармен және қызметтермен бiрлесiп АҚТҚ-жұқпасын алдын алу жөнiндегi шаралар жоспарын дайындау және жүзеге асыру; АҚТҚ-жұқпасының алдын алуда халықты қолжетерлiк шаралар туралы хабардар ету; АҚТҚ-жұқпасы жөнiндегi мамандар даярлауды, диагностикалау мен емдеу әдiстерiн мейлiнше жетiлдiру; АҚТҚ-жұқпасының таралмауына эпидемиологиялық бақылау жұргiзу үшiн бiрыңғай компьютерлiк жүйенi қолдану тәжiрибесiн енгiзу; донорлық қанның қауiпсiздiгiн және аурухана iшiнде АҚТҚ/ЖҚТБ-ны жұқтырып алмауды қамтамасыз ету; әр түрлi меншiк нысанындағы медициналық ұйымдарда тұрєындарға тұрмыстық қызмет көрсететiн заңды және жеке тұлғалардың дезинфекциялық-зарарсыздандыру тәртiбiнiң сақтауына бақылау жүргiзудi iске асыру. "ЖҚТБ мен оның алдын алу мәселелерi" бағдарламасы бойынша оқытушылар даярлауды ұйымдастыру, осы бағдарламаны жалпы, арнайы орта, жоғары бiлiм беретiн оқу орындарының оқу жоспарларына енгiзу, оқу орындары оқушыларының арасында социологиялық пiкiртерiм және сауалнамалар жүргiзуге жәрдемдесу; АҚТҚ-жұқтырғандардың әлеуметтiк мiнез-құлқына бақылау жүргiзудi iске асыру, АҚТҚ-жұқпасын қасақана таратушы адамдарға шара қолдану; қатерлi топтар және жаза өтеу мекемелерiнiң адамдары арасында АҚТҚ-жұқпасымен ауырғандарды анықтау және оларды тексеру жұмыстарын күшейту; қатерлi топтар мен жабық мекемелер құрамдарындағы адамдарды анықтау мен тексеру жөнiндегi жұмысты күшейту; бекiтiлген шығын сметасына сәйкес, Бағдарламаның iс-шараларын жүзеге асыру үшiн уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны қаржыландырудың көлемi және көздерi
5. Бағдарламаны қаржыландырудың көлемi және көздерi Жергiлiктi бюджеттiң қаражаты - 17440,8 мың теңге. Қосымша керегi - 3697,0 мың теңге
Тарау 6. 6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
6. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламада белгiленген iс-шаралардың орындалуы АҚТҚ жұқпасының таралуын қоса берiлiп отырған болжам нобайына сәйкес 2001 жылдың 1 шiлдесiне 500-дiң орнына 320, 2002 жылдың 1 қаңтарына 1200-дiң орнына 620, 2002 жылдың 1 шiлдесiне 2300-дiң орнына 890, 2003 жылдың 1 қаңтарына 4000-дiң орнына 1040 жағдайға төмендетуге мүмкiндiк беретiн болады.