Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Өзге акт · № 296 · қабылданған 29.08.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 29.08.2000 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2001-2002-ekb-9177/?version=9177_295779.kaz
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы Қолданыста
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

ҚАЗМемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қолданыста Өзге акт № 296 қабылданған 29.08.2000

ЭКБ деректері 05.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
296
Қабылданған күні
29.08.2000
Көрсетілген редакция
29.08.2000 · қолданыстағы 9177_295779.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
29.08.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000376_
ЭКБ идентификаторы
9177
Редакция идентификаторы
9177_295779
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:18

0 Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тұжырымдамасын мақұлдау туралы» № 1095 қаулысына сәйкес және Қызылорда облысы аумағында мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқаруды және жекешелендіруді одан әрі жетілдіру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы және оны іске асырудың шаралар жоспары әзірленсін.

2. Бағдарламаны және оны іске асырудың шаралар жоспарын әзірлейтін облыстық комиссияның құрамы бекітілсін /№ 1 қосымша/.

3. Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлеудің және оны іске асырудың шаралар Жоспарлары бекітілсін /№ 2 қосымша/.

4. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері ұқсас шешімдер қабылдап, мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған аудандардың және қаланың Бағдарламаларын және оларды іске асырудың шаралар Жоспарларын әзірлесін.

Осы материалдар облыстық комиссиясың қарауына осы жылдың 1 қазанына дейін ұсынылсын.
Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Қуандықовқа жүктелсін.

5 Облыс әкімінің

2000 жылғы «30» тамыздағы
№ 296 шешіміне № 1 қосымша
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлейтін облыстық комиссиясының құрамы

1. Б.Б. Қуандықов - комиссия төрағасы, облыс әкімнің бірінші орынбасары;

2. К.Н. Нурексшев - комиссия төрағасының орынбасары, облыс әкімінің орынбасары;

3. С.І. Қалиев - аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;

4. С.М. Мырзашев - өнеркәсіп және сауда департаментінің бастығы;

5. Б.М. Шаменова - облыстық экономика басқармасының бастығы;

6. Қ.Ә. Әжібеков - облыстық қаржы басқармасының бастығы;

7. Б. Қалымбеіов - облыстық әділет басқармасының бастығы;

8. М.С. Есенов - облыстық статистика және талдау басқармасының бастығы;

9. Д.А. Даулетбаев - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы;

10. А. М. Мүсілімов - облыстық білім беру департаментінің бастығы;

11. Ж. А. Жонтаева - облыстық мәдениет басқармасының бастығы;

12. Ж. Шәрипов - Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың директоры

18 Облыс әкімінің

2000 жылғы «30» тамыздағы
№ 296 шешіміне № 2 қосымша
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың және жешелендірудің тиімділігін арттырудың 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасын әзірлеу жөніндегі шаралардың жоспары

Шаралар
Орындаушы
Орындалу мерзімі
Ескерту
1
2
3
4
5
1.
Мемлекеттік коммуналдық мүлікгі басқарудың мақсаттары, міндеттері және ұйымдастыру жүйесі.
Б.М.Шаменова
15.09.2000 ж. дейін
2.
Аудандар және қала бойынша, өндірістік қызмет бағыттарын бөлу арқылы жасалған мемлекеттік коммуналдық көсіпорындар тізбесі.
Б.Қалымбетов
20.09.2000 ж. дейін
3.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жасау, олардың кемшіліктері және басқарудың тиімділігін арттырудың жолдары.
С. Мырзашев
М.Есенов
Б.Шаменова
Талдау негізінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың:
- жекешелендіруге жатпайтын;
- басқа ұйымдастырушылық - құқықтық нысандарға өзгеруге тиісті;
- сауықтыруға жататын және оның әдістері;
- банкроттықтауға тиісті;
- мүліктік кешен ретінде жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізбесін анықтау.
4.
Жергілікті бюджетке қарайтын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
Б. Қалымбетов
20.09.2000 ж. дейін
5.
Осы мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік мүлікті қолдануына талдау жасау, артық мүлікті анықтау және оны қолданудың бағыты.
С.І.Қалиев
К.Ә.Әжібеков
Аудандар және қала әкімі
25.09.2000 ж. дейін
6.
Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорындағы акцияларын қатысу үлестерін басқару:
- акцияларды /үлестерді/ басқару жағдайын бағалау;
- басқару механизмін жетілдіру жолдары және оның тиімділігін арттыру;
- акцияларының мемлекеттік пакеті /үлестері/ мемлекеттік меншікте қалуға тиісті акционерлік қоғамдардың /серіктестіктердің/ тізбесі.
С.І. Қалиев
25.09.2000 ж. дейін
7.
Жылжымайтын объектілерді басқару:
- жылжымайтын объектілер тізімін жасау;
- жылжымайтын объектілердің қолдануына талдау жасау және оларды қолданудың тиімділігін арттырудың жолдары;
- мемлекеттік коммуналдық меншікте қалатын, сенімді басқаруға және мүліктік жалға сатып алу құқығы мен сатып алу құқығынсыз берілетін сондай-ақ саудада сатылуға тиісті жылжымайтын объектілер тізбесін жасау
Ж.Шәрипов
С.І.Қалиев
Ә.Мүсілімов
Д.Даулетбаев
Ж.Жонтаева
25.09.2000 ж. дейін
8.
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендіру:
- мемлекеттік коммуналдық мүліктің тізімі, әдісі мен сатылу мерзімі;
- жекешелендіруден кейінгі бақылауды іске асыру.
С.І.Қалиев
25.09.2000 ж. дейін