О Западно-Казахстанской областной молодежной Программе на 2001 – 2002 годы и плане мероприятий по ее выполнению Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2001–2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы және оны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 08.02.2005 № 14-24 шешімімен. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-шы бабына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат шешім ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2001 - 2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы және оны орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық туризм және спорт басқармасына облыстық жастар бағдарламасының 2001 жылдың шараларын орындау үшін 2 млн. теңге бөлінсін.
Басқа 3. 2001 - 2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы
2001 - 2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы Бағдарламаның төлқұжаты Атауы: 2001-2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы Әзірлеуге негіздеме: Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы туралы" 1999 жылғы 28 тамыздағы N 73 өкімі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі мен кезеңдері: 1-кезең-2001 жыл 2-кезең-2002 жыл Бағдарламаны үйлестіруші: Облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес Қаржыландыру көздері: Облыстық бюджет қаржысы, демеушілер көмегі мен өзге де бюджеттен тыс қаржы көздері Мақсаты: Жас азаматтардың дамуы мен қалыптасуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай туғызу мақсатында облыстағы барлық мемлекеттік органдардың, шаруашылық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру Міндеттері: 1. Жастар бойында қазақстандық отансүйгіштік қасиетін қалыптастырып дамыту 2. Жастарды өмірдің ең маңызды салалары жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету 3. Еңбек және жұмыспен қамту саласында жастардың дербестігі мен тиімді қызметі үшін жағдай туғызу 4. Жұмысшы және ауыл жастарымен жұмыстанудың негізгі бағыттарын айқындау 5. Жас дарындардың дамуына жағдай жасау және қолдау көрсету 6. Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру 7. Балалар және жастар қоғамдық бірлестіктері қызметінің дамуына жағдай туғызу 8. Жастардың қазіргі кезеңнің жағдайына бейімделуі мен әлеуметтік көмек көрсету жүйесін қалыптастыру Күтілетін нәтижелер: Жас ұрпақтың рухани, адамгершілік, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін арттыру. Нарық талаптарына сай еңбек ресурстарын қалыптастыру және олардың біліктілігін арттыру. Жастардың іскерлік және тапқырлық белсенділігінің өсуін қамтамасыз ету. Жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту, жастар арасында нашақорлық пен ішімдікті төмендету. Кіріспе 2001 - 2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасы (әрі қарай Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы N 73 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 - 2002 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.5.1.4.-тармақтарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама облыста жүргізіліп отырған жастар саясатының негізгі бағыттарын айқындайды, жастар арасындағы ахуалға талдау жасауды көздейді және алға қойған мақсат пен міндеттерді іске асырудағы нақты іс-шараларды белгілейді. Проблемалардың жай-күйін талдау Қоғамды қайта құру күрделі жас адамдарды әлеуметтендіру үрдісіне, жас ұрпақтың жан-жақты өміріне әсер етті. Жаңа жағдайда басқа ұстынды негізде қарастырылатын жастардың дәстүрлі түйінді мәселелерінің мазмұны мен оны шешудің тәсілдері де өзгерді. Жастардың бойында отансүйгіштік, кәсіби шеберлік, жауапкершілік, аға буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін игеру мен әлемдік өркениетке қол жеткізу сияқты рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып дамытпай, әлеуметтік экономикаға бейімделген демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Өткенге бір ғана сыни баға беру жастардың санасында оны беталды мойындамау, қаралау арқылы руханисыздыққа айналмауы тиіс. Жастардың өмірде өз орнын табу мүмкіншіліктерін кеңейтуге жағдай жасау қажет. Жастар бағдарламасының негізгі міндеті-жастардың қоғамда өз орнын табуына жан-жақты жағдай жасау. Кез-келген қоғамның дамуы ондағы реформаларды жүзеге асыру үрдісіне жастар өкілдерінің атсалысу дәрежесінен көрініс табады. Қоғамдағы қоғамдық-саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты жастармен, соның ішінде, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстың дәрежесі төмендеп кетті. Қоғамда жастардың бірнеше түйінді мәселелері орын алуда: әлеуметтік және экономикалық мәртебесінің төмендеуі; жастар арасындағы жұмыссыздық; жастардың белгілі бір бөлігінің қоғамнан, мәдениеттен қол үзуі, осыған байланысты нашақорлықтың, токсикоманияның, ішімдікке салынушылықтың өсуі; жалпы дене тәрбиесі даярлығының төмендеуі; Жастар арасында әлеуметтік жікшілдіктің күшеюі. Жастарды қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, жұмыс бастылық проблемасы бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Бұл түйінді мәселені талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, 1992 жылдан бері облыста жастар жұмыссыздығы көрсеткіші үзбей өсуде. Жастар арасында бүгінгі өмір шындығына бейімделе алмай отырған жік пайда болды. Қала және ауыл жастарының көпшілігі бірнеше ай бойы жұмыссыз қалуда. Арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа орналастыруда да үлкен күрделілік орын алып отыр. 2000 жылы облыстың еңбекпен қамту органдарына 30 жасқа дейінгі 4548 жас келсе, олардың аз ғана бөлігі еңбекпен немесе ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілген. Жастардың жеке, кейде күдік туғызатын қызмет көрсету салаларына ерте енуі байқалады. Бұдан әлеуметтік және құқықтық кепілдіксіз, төмен деңгейлі еңбек туындайды. Жастар жұмыссыздығын шешудің бірден-бір жолы-жастарды кіші және орта бизнес саласына кіріктіру, кәсіпкерлікке, әсіресе, жас фермерлер мен ауылдық тауар өндірушілер ісіне үйрету, қолдау көрсету. Бүгінгі таңда облыс бойынша жастардың 28,3% кіші және орта бизнес саласында, 28% ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жастар арасында кәсіби қайта дайындау жұмысы жақсара түсуде. Жұмыспен қамту органдарының жұмыссыз жастарды кәсіби қайта дайындықтан өткізуінің және қайта оқытуының нәтижесінде 1000-ға жуық адамды жұмысқа орналастыру қамтамасыз етілді. Жастар арасында қатыгездік, қылмыс пен тәртіп бұзушылықтың өршуі байқалады. Кәмелетке толмаған жас жеткіншектер арасында қайырсұраушылық, кезбешілік, қараусыздық сияқты құбылыстар кеңінен өріс алуда. Жастар арасында нашақорлық пен ішімдікке салынушылықтың өсуі қатты алаңдатады. 2001 жылдың 1 сәуірі бойынша 615 нашақор, 64 токсикоман және 10 мыңдаған созылмалы маскүнемдікке салынған жас адамдар тіркелген. Өкінішке орай, аурудың алдын-алу жұмыстары, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша істелініп жатқан шаралар нәтижелі болмай отыр. Бұл бағдарлама жергілікті жердегі қысқа мерзімді аймақтық жастар бағдарламасы болып табылады. Жас адамдардың төменгі деңгейдегі материалдық жағдайын және әлеуметтік жұмысқа орналастыру жағынан төмен қамтылуын, нарық жағдайына бейімсіздігін ескере отырып, бағдарламада жастарды әлеуметтік қорғау бойынша кешенді шаралар ұсынылады. Жастар бағдарламасы кешенді бағытта жасалған, оны құрастыруда жастардың ерекше әлеуметтік топ ретіндегі өзіне тән ерекшелігі ескерілді. Оның алға қойған міндеті-жастар саясаты мен оны жүзеге асырудың негізгі ұстанымдары бойынша бірыңғай айқындама белгілеу. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жолындағы жүйелі іс-қимыл қоғамда оң өзгерістер мүмкіндігін туғызады. Негізгі ұстанымдар 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық жастар бағдарламасы төмендегі негізгі ұстанымдардан құрылады: жастарға демократиялық көзқарас туғызу, жас азаматтардың құқықтары мен еркіндігін сақтау; жастарды жынысы, ұлты мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, жалпыға бірдей жан-жақты қамту; жастар саясатын қалыптастырып жүзеге асыруда облыс жастарының тікелей қатысуы; балалар мен жастар бірлестіктерінің қоғамдық маңызды бастамаларына белсенді қолдау көрсету және олардың тиімді іс-қызмет атқаруына жағдай жасау; ұлттық намысты құрметтеу, барлық жастардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу; жастарды аға буынға құрмет көрсету, қамқор және қайырымды болу рухында тәрбиелеу; облыс жастарына оқу, тәрбие, психологиялық және физиологиялық даму, кәсіби дайындық пен еңбекпен қамту бойынша әлеуметтік жағдай туғызуда мемлекеттік емес дәрежеде қатысу; жас адамның өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндігін туғызу; жастар бастамаларына қолдау көрсету. Бағдарламаны жүзеге асырудың тетігі Қысқа мерзімді аймақтық бағдарламада есепті уақыт ішінде оны жүзеге асырудың тетігін қалыптастыратын шаралар енгізілген. Бағдарлама облыстың атқарушы құқық қорғау органдары мен өзге де ұйымдарының, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің жүзеге асыратын іс-шаралар кешенін өткізуді де көздейді, олар бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері мен ұйымдастыру түрлерін әзірлейді және бекітеді. Облыстағы мемлекеттік жастар саясаты мен осы бағдарламаны жүзеге асырудағы барлық жұмысты облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес үйлестіріп отырады. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысына тікелей қатысты облыстық құрылымдармен қатар, бұл іске үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар да тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастардың түйінді мәселелерінің күрделілігін және оларды шешудің қажеттілігі жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық пікір қалыптастырылды. 2001-2002 жылдарға арналған бұл бағдарламаны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары әзірленді. Бағдарламаны қаржымен қамтамасыз ету Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Облыстық туризм және спорт басқармасы жастар саясатын қаржыландыру жөнінде бағдарламаның әкімшілік басқарушысы болып табылады. Бағдарламада белгіленген шараларды қаржымен қамтамасыз ету жастар жобасы конкурсының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Нақты шаралар өткізу үшін демеушілер көмегі мен өзге де бюджеттен тыс қаржы көздерін пайдалануға рұқсат етіледі. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер Бағдарламаны жүзеге асырудың нәтижесінде: жастарға жалпы қоғамға байланысты саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға олардың тікелей қатысып, белсенділікпен тартылуын қамтамасыз ету; жас ұрпақтың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, іскерлік белсенділігін жас жігіттер мен қыздардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, біліктілігін жетілдіру, нарық талаптарына сай еңбек ресурстарын жасақтау негіздері жасалынатын болады. Бағдарламаны жүзеге асырудың әлеуметтік тиімділігі балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктері іс-қызметінің белсенділігінен, азаматтық қалыптасу кезеңінде еңбекпен қамтылуынан, шығармашылық өз орнын табуынан, олардың әлеуметтік қорғалуы үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ тәртіп бұзушылық пен нашақорлықтың алдын-алуға байланысты өзекті мәселелердің іс жүзінде шешілуімен көрінеді.
Басқа 4. 2001-2002 жылдарға арналған облыстық жастар бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
2001-2002 жылдарға арналған облыстық жастар бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар 2001 жылға қаржыландыру көздері 1. Қазақстан Республикасы теуелсіздігінің 10- жылдығына әзірлікке және өткізуге катысты жастар іс-шаралары: жастар такырыбына “дөңгелек үстел” отырыстарын өткізу; 2001 ж. Мамыр, қараша Облыстык білім, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, БҚМУ, ҚЖБ “Жайық жастары” оку орындарында лекциялар, әңгімелер ұйымдастыру; 2001 ж. -.- мәдениет мекемелерінде, оқу орындарында оқырмандар конференцияларын, кітап көрмелерін ұйымдастыру; 2001 ж. -.- облыстың шығармашыл жастарын қатыстырып, мәдени-үгіт бригадаларының қызметін жандандыру; 2001 ж. -.- жалпы білім беретін және кәсіптік-техникалық мектептердің жоғаргы сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарына конкурс өткізу 2001 ж. қыркүйек - қазан 2. Жастар қозғалысының белсенділерінен оқушы жастар арасында Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінғі Стратегиясын, 2001 - 2002 жылдарға арналған Үкіметгің іс-әрекеті Бағдарламасын, облыс әкімінің 2001 жылға іс- әрекеті Жоспарын, 2001 - 2002 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облыстық жастар бағдарламасын түсіндіруге және насихаттауға арналған ақпараттық-насихаттық топтар құру: Ұдайы Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық қелісім басқармалары, ҚЖБ “Жайық жастары” 3. Студенттердің облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларын өткізу, жастар мәселелеріне арналған жоғары оқу орындарының таңдаулы ғылыми жұмыстары жинақтарып баспалық жолмен шығару 2001 – 2002 ж.ж. БҚМУ, ҚЖБ “Жайық жастары” 4. Жастардың насихаттық топтарына көмекке әдістемелік материалдар әзірлеу Тоқсан сайын 2001 - 2002 ж.ж. Облыстық білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ҚЖБ “Жайық жастары” 5. Облыстық мерзімді басылым беттерінде және электрондық БАҚ-да, меншік нысанына қарамастан, арнайы жастар бағдарламаларын ұйымдастыру 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ҚЖБ “Жайык жастары" 6. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында полицияға жәрдем көрсететін студенттер отрядтарын жасақтау жұмысын жалғастыру 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық білім, ішкі істер басқармалары, БҚМУ 7. Барлық сипаттағы оқу орындарында жастардың құқықтық сауатын көтерудін түрлі нысандарын ұйымдастыру: халық университеттері, лекторийлар, семинарлар, лекциялар қатарын және басқаларды. 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық әділет, білім басқармалары, БҚМУ 8. Жастар үшін жұмыс орындарын квоталау және осы квоталарды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыру жүйесін белгілеу 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық еңбек, қызметпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы 9. Жастарды шағын және орта бизнес саласына белсенді араластыруға, жас кәсіпкелерді, әсіресе, фермерлер мен ауылдағы тауар өндірушілерді үйретуге және қолдауға бағытталған шаралар жасақтау 2001 ж. Облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі департамент 10. Жастарды еңбек рыногына мониторинг жүргізу, оларды еңбекпен қамту жағдайына талдау және болжам жасау 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық еңбек, қызметпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, ҚЖБ “Жайык жастары", ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы 11. Жастардың еңбек ұжымдарын, студенттердің құрылыс отрядтары мен бригадаларын құру 2001 – 2002 ж.ж. Студенттердің құрылыс отрядтарының облыстык штабы, ҚЖБ “Жайык жастары" 12. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру мақсатында: жастар ортасындағы нашақорлық пен шылым шегуге қарсы акциялар ұйымдастыру; 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық білім басқармасы, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру орталыгы, ҚЖБ “Жайык жастары" жастарға есірткіден тәуелсіз болу проблемалары бойынша ақыл-кеңес беруді жүзеге асыру үшін мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында консультативтік пункттер ашу; 2001 ж. Облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары, БҚМУ Өз қаражаттары есебінен 13. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысын жандандыру үшін: “Патриот’' акциясын өткізу; 2001 – 2002 ж.ж., сәуір - қазан Облыстық туризм және спорт, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, облыстық әскери комиссариат, ҚЖБ “Жайык жастары" Жеңіс күніне байланысты қоғамдық жастар акцияларын әзірлеу және өткізу; 2001 – 2002 ж.ж., мамыр - - әскери қалашықтарда және әскери бөлімшелерде әскерге шақырылатын жастар мен әскерилердің ата-аналары үшін “Ашық есік күндерін” өткізу; - - әскер қатарына шақырылған жастарды салтанатты шығарып салуды ұфымдастыру; ҚЖБ “Жайык жастары", облыстық әскери комиссариат жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындары оқушыларымен әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу; Облыстық білім басқармасы, облыстық әскери комиссариат 14. «Студент аптасы» облыстық фестивалі өткізу және мынадай іс-шараларды жүзеге асыру; дарынды жастарды тауып, қолдау көрсету және мемлекеттік «дарын» жастар сыйлығының лауреаты атағына ұсыну; 2001 ж. қараша 2001 – 2002 ж.ж. Облыстық білім басқармасы, ҚЖБ “Жайык жастары", БҚМУ Мәдениет басқармасы, ҚЖБ “Жайык жастары" Облыстық бюджеттен 100 мың. тенге «Жастар: тарих, қазіргі кезең және болашақ» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік маслихат өткізу; 2002 ж. ҚЖБ “Жайык жастары" «Жоғары білімді маман-қоғамның гүлдену жолы» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік мәслихатын өткізу; 2001 ж., сәуір БҚМУ студенттер мен оқушы жастар арасында ойын-сайыссөздер өткізу; 2001 – 2002 ж.ж. ҚЖБ “Жайык жастары" «Біз – Қазақстанның болашағымыз» облыстық жастар форумын «Дала дарындары» ІІ – облыстық шығармашыл жастар фестивалін өткізу; 2001 ж.. қыркүйек Облыстық мәдениет, білім, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, ҚЖБ “Жайык жастары" Облыстық бюджеттен 100 мың. теңге жас таланттардың «Балдәурен» фестивалін өткізу; 2001 – 2002 ж.ж, сәуір. Облыстық мәдениет, білім басқармалары жастар арасында КТК (көңілділер мен тапқырлар клубы) конкурстарын ұйымдастыру 2001 – 2002 ж.ж., мамыр ҚЖБ “Жайық жастары", БҚМУ 15. Төмендегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: облыс жастарының спартакиадасын; 2001 ж., маусым Облыстық туризм және спорт басқармасы, халықаралық «Жайық-Урал» туристік-экологиялық экспедициясы жұмысын жалғастыру; 2001 ж., шілде Облыстық туризм және спорт, білім басқармалары, «Сүйікті қалам - Оралым» фестивалін; 2001 ж., қыркүйек Облыстық мәдениет, басқармасы, 16. Мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында ең таңдаулы жастар жобасына конкурс ұйымдастыру арқылы жастардың бастамашылдығын және бағдарламаларын дамыту 2001 ж., қыркүйек, қараша Облыстық туризм және спорт, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары Облыстық бюджеттен 1 млн. 500 мың теңге 17. Тәжірибе алмасуға арналған республикалық, аймақаралық семинарларға қатысу, жастар проблемалары бойынша облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізу 2001 ж. ІІ - жартыжылдық Облыстық туризм және спорт, ақпарат және қоғамдық келісім басқармалары, ҚЖБ “Жайык жастары" Облыстық бюджеттен 300 мың теңге 18. Жастардың облыс басшыларымен, қоғамдық-саяси партиялар мен қозғалыстардың және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктердің лидерлерімен кездесулерін ұйымдастыру 2001 ж., ІҮ тоқсан, 2002 ж., ІІ - тоқсан Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ҚЖБ “Жайык жастары" Барлығы: 2 млн. теңге