О программе борьбы с преступностью в Западно-Казахстанской области на 2001-2002 годы и плане мероприятий по ее реализации Күшін жойған
Басқа 0
Батыс Қазақстан облысында қылмысқа қарсы
күрестің 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы
және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 мамыр 2000 жылғы N 789 "Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларды дайындау Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облысында қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Басқа 2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСҚА
ҚАРСЫ КҮРЕСТIҢ 2001-2002 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫЛМЫСҚА
ҚАРСЫ КҮРЕСТIҢ 2001-2002 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
БАҒДАРЛАМАСЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы
Батыс Қазақстан облысында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiзге алынғандар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 31 қазандағы N 1641 қаулысы
Бағдарламаны әзiрлеушiлер мен орындаушылар
Облыстық прокуратура, ҰҚК департаментi, IIБ, қаржы полициясы департаментi, кеден басқармасы, облыстық әдiлет басқармасы, облыстық қаржы басқармасы, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, облыстық бiлiм басқармасы, облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма, облыстық туризм және спорт басқармасы, облыстық телекоммуникация дирекциясы, облыстық экономика басқармасы.
Бағдарламаны iске асырудың мерзiмi мен кезеңдерi
1 кезең - 2001 жыл
2 кезең - 2002 жыл
Қаржыландыру көздерi
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаржысы, халықаралық ұйымдардың қорлары мен демеушiлiк көмектер
2. КIРIСПЕ
Батыс Қазақстан облысында қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2000 жылғы 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығын орындау үшiн Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейiнгi Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2005 жылға дейiнгi ұлттық қауiпсiздiгi Стратегиясының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл Бағдарламасының және Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң 2000-2002 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберiнде бұрын қолданыста болған қылмыспен күрестiң облыстық бағдарламаларының сабақтастық қағидаларын сақтай отырып әзiрледi.
Осы бағдарламаны қабылдау қылмысқа қарсы күрестiң бұрынғы бағдарламаларын орындау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу мәселелерiне тек құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен бiрге барлық мемлекеттiк органдардың да күш-жiгерiн шоғырландырудың қажеттiгiнен туындап отыр.
Қылмысты ашу, тергеу және оны болдырмаудың тиiмдiлiгiн көтеру қылмысқа қарсы күресте күш-жiгердi арттыруды ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға жүйелi және кешендi тұрғыдан келудi, қылмысқа ықпал етудiң жаңа, дәстүрлi емес нысандары мен әдiстерiн iздеудi талап етедi.
Батыс Қазақстан облысында қылмысқа қарсы күрестiң 2001-2002 жылдарға арналған Бағдарламасы осы кезеңде жүзеге асырылатын басқа бағдарламалармен бiрге iске асырылатын болады.
3. ҚҰҚЫҚ ТӘРТIБI МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Облыстың әлеуметтiк-экономикалық ахуалының тұрақсыздығы жағдайында қылмысқа қарсы күрес проблемасы қылмыстың алдын алуға және жазасыз қалдырмау қағидасын қамтамасыз етуге бағытталған батыл шаралар алуды талап етедi.
Бұрын қабылданған Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстан егемендiк алуының алғашқы кезеңiнде облыста қылмыстың қарқындап өсуiн тоқтатуға және белгiлi бiр тұрақтандыруға қол жеткiзiлдi. Сонымен бiрге қылмыстың нарықтық реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға кедергi жасайтын, тұрақтандыруды болдырмай жатқан елеулi фактор болып қалуы жалғасуда.
Ауыр қылмыс жасау, бөгденiң мүлкiн ұрлау, мал ұрлау, тонау сияқты қылмыс түрлерiнiң саны азаймай отыр.
Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен шектеседi. Шекараның мұндай ұзақтығы облысқа есiрткi, қарулар мен контрабандалық товарлардың әкелуiне, Ресей Федерациясының шекаралас облыстарынан облыс аумағына ұйымдасқан қылмыстық құрамалардың өтуiне себептердiң әсерiнен Батыс Қазақстан облысы Орта Азия республикаларынан Батыс Европа елдерiне облысымыз арқылы есiрткi, қару және басқа да жасырын заттарды тасымалдайтын қақпаға айналып отыр.
Облыста қылмыстың өсуiн зерттеу байқатқанындай ерекше қаталдықпен және шектен шыққан арсыздықпен жасалған ауыр қылмыстардың өсуi сияқты күрделi проблеманы құқық қорғау шектен шыққан арсыздықпен жасалған ауыр қылмыстардың өсуі сияқты күрделі проблеманы құқық қорғау органдарының тек өздерi ғана шеше алмайтындығы айқын болып отыр. Оның негiзгi себептерiнiң бiрi жастарды, соның iшiнде ауыл жастарын еңбекке орналастыру жөнiндегi жобалар тиiмдiлiгiнiң, халықтың табысы аз жiктерiнiң, қолайсыз да, қиын жасөспiрiмдердiң проблемаларын шешудiң жеткiлiксiздiгi болуда.
Көлеңкелi капиталы және Ресей Федерациясының қылмыстық ортасымен кең көлемде байланысы бар, бизнестiң табысты салаларына ықпалын нығайту арқылы өздерiнiң қаржысын ресмилендiруге әрекет етiп жүрген қылмыстық топтар басшылары мен жетекшiлерi қызметтерiнiң жолын қию мәселесi де маңызды проблема болып қалуда.
Соңғы жылдары терроризм мен экстремизм сияқты тағы бiр жағымсыз үрдiс пайда болды. Бұл Батыс Қазақстан облысына тән болмағанымен, бiрақ "ыстық нүктелерден" келген босқындармен байланысты көшi-қон процесi, сондай-ақ әлеуметтiк шиеленiсушiлiктiң болуы, саясатшылдықтың жоғары деңгейi (облыста 10 партия мен қоғамдық қозғалыс ресми тiркелген, олардың кейбiрi айрықша өзiндiк көзқарасымен дараланады) жоғарыда аталған үрдiс үшiн қолайлы жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар жемқорлыққа қарсы тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бердi, жемқорлыққа қарсы күрес құқық қорғау және арнаулы органдардың күнделiктi жұмыстарының негiзгi бағыттарының бiрi болды.
Соңғы бес жылда есiрткiмен байланысты қылмыс айтарлықтай өстi. Жыл сайын заңсыз айналымнан ондаған килограмм есiрткi тәркiленуде, бұның өзi облысымыздың орталық Азиядан Ресей мен Европалық мемлекеттерге контрабандалық жолмен есiрткi тасымалдаудың өзiндiк жолы болып отырғандығын көрсетедi.
Құқық бұзушылықпен күресте халықтың әлеуметтiк белсендiлiгi күрт төмендедi. Құқық тәртiбiн қорғау органдарының және олардың қызметкерлерiнiң халықпен жан-жақты байланысы әлi де жеткiлiксiз.
Әлеуметтiк-экономикалық салада дағдарыстық жағдайдың нәтижесiнде балалардың едәуiр бөлiгiнiң тұрмысы мен тәрбиесi қолайсыз жағдайда болып отыр, балалардың бақылаусыздығы өсе түсуде, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесi шешiлмей келедi.
Маскүнемдiк пен нашақорлық қауiптi әлеуметтiк проблема болып отыр.
Маскүнемдiкпен және нашақорлықпен ауыратындарды емдейтiн емдеу-профилактикалық мекемелердiң саны аз, профилактикалық жұмыстарының деңгейi төмен, салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi мақсатты жұмыстар жеткiлiксiз.
Құқық қорғау органдарын тиiстi ақпараттық қолдау жеткiлiксiз, сондай-ақ тұрғындарда жоғары құқық мәдениетiн қалыптастыруда белсендi жұмыстар жүргiзiлмеуден азаматтарда заңның күшiне және өкiметтiң әдiлдiгiне деген сенiмсiздiк пайда болуда.
Қылмысқа қарсы тиiмдi күрес жүргiзудi одан әрi жалғастыру үшiн барлық мемлекеттiк және жергiлiктi өкiмет және басқару органдарының күш-жiгерiн үйлестiруге негiзделген және заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз етудiң сенiмдi жүйесiн жасауға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру қажет.
4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бағдарламаның мақсаты:
облыста қылмысқа қарсы күрестiң бiрыңғай саясатын жүргiзу;
заңдылық пен құқық тәртiбiн одан әрi нығайту, қылмыстық озбырлықтан азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықты әлеуметтiк жағынан болдырмау жүйесiн қалыптастыру, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, бұл қызметтерге барлық мемлекеттiк органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту;
қылмыспен күрестiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның ұйымдасқан түрлерiне және сыбайлас жемқорлыққа, есiрткi қылмысына қарсы, терроризм мен дiни экстремизмге қарсы күрестi күшейту;
экономикалық құқық бұзушылыққа және жемқорлыққа жағдай жасайтын экономикалық қылмыстарға қарсы әрекет жасау.
Бағдарламаның мiндеттерi:
құқық бұзушылықты, соның iшiнде кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықты әлеуметтiк жағынан болдырмаудың мақсатты жұмыстарын iске асыру, бас бостандығынан айыру орындарынан оралғандарды және тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтiк оңалту, әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету;
қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, құқық тәртiбi мен қылмысқа қарсы күресте жергiлiктi атқарушы органдардың ролiн көтеру;
қылмыстың ашылуын арттыру, шұғыл-iздестiру қызметiн жетiлдiру жөнiнде кешендi шараларды iске асыру;
ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрестi одан әрi күшейту;
терроризмге, дiни және саяси экстремизмнiң таралуына қарсы әрекет жасайтын сенiмдi жүйе құру;
құқық қорғау қызметi саласына ақпараттық қолдау жасау және тұрғындарда бұл ретте жүргiзiлiп отырған саясатқа деген сенiмiн қалыптастыру, қылмыспен күреске азаматтардың мүдделiлiгiн арттыру.
5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
Тармақша 1. 1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғау
1) Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi қорғау
Құқық бұзушылықтардың әлеуметтiк жағынан алдын алу.
Әлеуметтiк бақылаудың дәстүрлi нысандарының әлсiреуi кәмелетке толмағандар мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрес, қылмыстық жазасын өтеген адамдар, белгiлi тұрағы жоқ адамдар үшiн әлеуметтiк бейiмделу орталықтарын құру жөнiндегi шараларды iске асыру ерекше өзектi болып отыр.
Жұмыстың басты қағидаттары халықпен тығыз байланыс жасау, азаматтармен ашық-жарқын сөйлесу, олар құқық қорғау органдарына өтiнiш жасаған жағдайда оларға дереу қажеттi көмек көрсету, адамдарға iзеттiлiк пен ұқыптылық таныту болуы тиiс.
Ішкi iстер органдарының алдын алу қызметiнiң басым бағыттары ең алдымен, жалпы және жекелей алдын алу әдiсiн әкiмшiлiк-құқықтық әсер ету шараларымен байланыстыру болып табылады.
Маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрес.
Алкоголизмге қарсы саясатты, маскүнемдiкке, алкоголизмге және нашақорлыққа қарсы күрестi белсендi жүргiзу мақсатында мыналарды iстеу қажет:
нашақорлықпен және есiрткi бизнесiмен күресу жөнiндегi аймақтық бағдарламаны iске асыру;
наркологиялық диспансерде төсек орындарын көбейту жөнiнде шаралар алу;
спирттiк iшiмдiктердi және есiрткiлiк заттарды пайдаланатын балаларды анықтау мақсатында мектеп оқушыларын ұдайы тексерiп отыруды қамтамасыз ету;
маскүнемдiктiң, алкоголизмнiң және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi жұмыс жағдайлары үшiн жергiлiктi органдардың жауапкершiлiгiн арттыру.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу жалпы әлеуметтiк сипаттағы шаралар кешенiн iске асырумен үйлестiрiлуi қажет.
Жасөспiрiмдердi, олардың психофизикалық жай-күйiне зардапты әсер ететiн зорлық-зомбылықты, қатыгездiктi, порнографияны, сондай-ақ темекi шегу мен арақ iшудiң, есiрткi заттарын насихаттайтын аудио, бейне және баспа өнiмдерiн шектеу жөнiнде шаралар алу қажет. Денешынықтыру және спортқа жастарды тартып, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдердi жұмыспен қамтуды кеңiнен ойластыру керек.
Жағдайы нашар отбасылармен жұмыс iстеуге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асыру қажет.
Жергiлiктi жерде кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияның мәртебесiн арттыру керек. Комиссияның қызметi құқық қорғау функциясын күшейтуге, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен бақылаусыздықтың алдын алу мәселелерiн ведомствоаралық үйлестiрiп отыруды жүзеге асыруға; кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге, ұстауға, орналастыру мен оқытуға жауап беретiн мекемелер мен ұйымдарды бақылауға, өзiнiң ата-аналық мiндеттерiн орындамайтын ата-аналармен, сондай-ақ тәрбиеден жалтаратын балалармен жұмыс iстеуге бағытталуы тиiс.
2) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТIН ЖЕТIЛДIРУ
ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР
Ұйымдасқан қылмысқа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес.
Құқық қорғау органдары мен соттардың бiрiккен жемiстi қызметi негiзiнде бiрыңғай заңды қолдану практикасы әзiрленедi. Экономикалық базада ұйымдасқан қылмысты жою жөнiнде кешендi шаралар жүзеге асырылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтар мен бiрлестiктер туралы шұғыл хабарларды iске асыру мәселелерiндегi құқық қорғау органдарының iс-қимылын үйлестiрудi қамтамасыз ету.
Қылмыс жасаушыларды және хабарсыз кеткендердi iздестiрудiң тиiмдi жүйесiн құру.
Құқық қорғау органдарының практикалық қызметiне қазiргi ақпараттық технологияны, ақпаратты қабылдаудың және берудiң коммуникациялық жабдықтарын енгiзу.
Есiрткiлiк заттардың заңсыз айналысына бақылау орнату. Облыс аумағын есiрткi мен есiрткiлiк заттардың контрабандалық жолмен тасымалдауынан қорғауды қамтамасыз ету. Шекаралық бақылау мәселесiн дұрыс шешу. Ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрес жөнiндегi бөлiмше қызметкерлерiнiң кәсiби мамандық деңгейiн арттыру.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Экономика саласында заңнамалық актiлердiң орындалуын қадағалауды күшейту.
Жұмысты ұйымдастырудың жаңа нысандары мен тәсiлдерiн iздестiру, экономикалық қызмет саласында жемқорлық пен басқа да қылмыстарды тергеуде және оның жолын қиюда құқық қорғау органдарының жұмыс нәтижелiлiгiн арттыру. Қылмыстылар әлемiмен кең байланысы және көлеңкелi капиталы бар қылмыстық ортаның басшылары мен беделдiлерi облыс бизнесiнiң неғұрлым пайдалы салаларына, соның iшiнде Қарашығанақ газ конденсат кенiшiне ықпалын күшейту арқылы өздерiнiң ақша қаражатын ресмилендiру жөнiндегi iс-әрекеттерiнiң жолын қию проблемасын шешу.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтар қоғамы институттарын, кәсiпкерлердi, тәуелсiз бұқаралық ақпарат құралдарын тарту.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын орындау.
Тармақша 3. 3) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТIНIҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫН НАСИХАТТАУ
3) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТIНIҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, МЕМЛЕКЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТЫН НАСИХАТТАУ
Заңдылықты қамтамасыз ету
Құқық қорғау органдары қызметiнде заңдылықты одан әрi нығайту, кадрларды заңды, тәртiптi бұзушылардан, сатқындардан тазарту жөнiндегi мақсатты шараларды жүзеге асыру. Алдын алу жұмыстарының тиiмдiлiгiн арттыру, прокуратура органдарының қадағалаушылық және құқық қорғау органдарында ведомстволық бақылау қызметтерiн күшейту.
Тармақша 4. 4) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТIН НЫҒАЙТУ
4) ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТIН НЫҒАЙТУ
Құқық қорғау органдарын сапалық жағынан iрiктеп алу жөнiнде шаралар кешенiн iске асыру, кәсiби бiлiктi топтарды нығайту, кадрларды әзiрлеу және тәрбиелеу жүйесiн жетiлдiру.
Құқық қорғау органдарында қызмет етудiң беделiн арттыру, ол туралы бұқараның жақсы пiкiрiн қалыптастыру.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерiнде патриотизм және интернационализм, өз мiндеттерiне адал ниетпен қарау сезiмiн тәрбиелеу.
Тармақша 5. 5) ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
5) ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес мәселесi жөнiнде Ресей Федерациясының көршiлес облыстарымен тиiмдi шарттар әзiрлеу және жасау. Есiрткi бизнесiне, терроризмге, дiни және басқа да экстремизмге, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға қарсы күресте Ресейдiң көршi облыстарының құқық қорғау органдарымен өзара iс-әрекет жасаудың жаңа нысандарын және әдiстерiн iздестiру және енгiзу.
Қажет болған жағдайда шекаралас аймақтарда нақты қылмысты ашу және тергеу жөнiнде бiрiккен шұғыл-тергеу топтарын құру қарастырылсын.
Облысқа келушi шетел азаматтарын бақылауды күшейту, олардың Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк күшейту.
Тармақша 6. 6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТIКТЕРI
6. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТIКТЕРI
Бағдарлама қылмысқа қарсы күрестегi қазiргi нысандар мен әдiстердiң тиiмдiлiгiн арттыруға, заңдылық пен құқық тәртiбiнде мемлекеттiк жүйенi одан әрi дамытуға және нығайтуға бағытталған.
Бағдарламаны орындау үшiн оны iске асырудың iс-шаралар Жоспары жасалды, онда белгiленген iс-шараларды кезең-кезеңiмен орындау қарастырылған.
Бағдарламаны iске асыру тетiктерiнiң тиiмдiлiгi қылмысқа қарсы күрестiң барлық бағыттары бойынша мақсатты және келiсiлген әрекеттермен қамтамасыз етiледi.
Бiрiншi көрсетiлген шараларды орындаушылар ведомствоаралық топтар құра алады, белгiленген мерзiмде есеп беру арқылы олардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Олар қосымша орындаушылармен бiрге iс-шаралардың сапалы және дер кезiнде орындалуына, Бағдарламаны iске асыруға бөлiнген ақша қаражаты мен ресурстардың тиiмдi пайдаланылуына жауап бередi.
Тармақша 7. 7. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
7. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi қаражат шығындары тиiстi жылға арналып әрбiр мемлекеттiк органға бөлiнген сома шегiндегi республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаралған.
Демеушiлiк көмектер тартылуы да мүмкiн.
8. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КҮТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде:
құқық бұзушылықтың әлеуметтiк алдын алу жүйесiн жасау үшiн негiз жасалады, құқыққа қарсы әрекеттер жасауға бейiм азаматтарды бақылау күшейедi;
жалпы криминалдық ахуал жақсарады, қылмысқа қарсы күрес күшейе түседi, ауыр қылмыстар санының төмендеу үрдiсi байқалады, қылмысты ашу арта түседi;
экономиканың криминалдануы мен көлеңкелi бизнестiң деңгейi төмендейдi;
кәсiпкерлiк қызметтi қорғау нығаяды; қалалар мен елдi мекендерде қоғамдық тәртiптiң жағдайы жақсарады;
халықтың құқықтық санасы, олардың құқық органдарына деген сенiмi артады.
2001-2002 жылдарда қылмысқа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары
N N
Шаралар
Аяқтау нысаны
Орындауға жауапты
Орындалу мерзімі
Бақылауға жауаптылар
1
2
3
4
5
6
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен қоғам қауіпсіздігін қорғау
1.
Құқық қорғауға бағытталған қоғамдық құрылымдар желісін қалпына келтіру және дамыту, соның ішінде кәмелетке толмағандармен және жастармен жұмыс, қоғамдық тәртіпті қорғау жөнінде шаралар кешенін жүзеге асыру.
Құрылымдар құру
Қала, аудан әкімдері, ІІБ, білім басқармасы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2.
Облыс аумағында "Құқық тәртібі", "Мигрант" және басқа кешенді шұғыл алдын алу шараларын жүргізу практикасын жалғастыру.
Арнаулы шаралар
Қала, аудандар әкімдері, ІІБ
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
3.
Әкімшілік учаскелер шегінде полиция инспекторлары қызмет көрсететін бұрыңғы құқық қорғау пункттерін қайта қалпына келтіру.
Қала, аудандар әкімдерінің шешімдері
Қала, аудандар әкімдері, ІІБ
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
4.
Учаскелік полиция инспекторларының алдын алу жұмыстарының тиімділігін арттыру, жасы толмағандар ісі жөніндегі инспекторларды өзіне тән емес қызметтерден босату жөнінде шаралар алу. Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі лауазымын штатқа енгізу.
Облыс әкімінің шешімі, ІІБ-ның бұйрығы
ІІБ, қаржы басқармасы, қала, аудандар әкімдері
2001 жылдың бірінші тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
5.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Маскүнемдікпен нашақорлықпен, уытқорлықпен ауыратындарды еріксіз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Жарлығын орындау үшін наркологиялық диспансерде маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқорлықпен ауыратындарды еріксіз емдеуге арналған төсектік орынды 50-ге дейін көбейту жөнінде шаралар алу.
Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығы
Денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласының, аудандардың әкімдері, ІІБ
2001 жылдың ІІІ тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
6.
Тұрақты мекен-жайы, қызметі мен күнкөріс қаржысы жоқ адамдарға әлеуметтік, дәрігерлік және басқа көмектер көрсету жөніндегі орталықтың тиімді қызметін қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру шаралары
Орал қаласының әкімі, ІІБ, денсаулық сақтау басқармасы, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
7.
Улы заттарды пайдаланудың алдың- алу жөнінде қазақстандық мектеп бағдарламасын үйлестірушілермен Орал қаласында семинар-тренинг өткізу.
Семинар- тренинг
Денсаулық сақтау, білім басқармалары, ІІБ
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
8.
Спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдаланатын балаларды анықтау үшін мектеп оқушыларын тұрақты тексеруді көздеу.
Білім беру, денсаулық сақтау органдары мен ІІБ-ның шаралары
Білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, ІІБ
2001-2002 жылдары тоқсан сайын
9.
"Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 27 қаңтардағы N 135 қаулысының кәмелетке толмағандарды алкогольдік және есірткілік тәуелсізділіктен ақысыз емдеуге қатысты бөлігінің орындалуын қамтамасыз ету.
Облыс әкімінің аппаратына есеп
Денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, ІІБ, қаржы басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
10.
Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшелерімен бірлесе отырып, оқу мекемелеріне қатыспайтын балалар мен жасөспірімдерді анықтау жөніндегі іс-шараларды ұдайы жүргізу, олардың оқудан жалтаруына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою шараларын қабылдау.
Арнайы шаралар, рейдтер, тексерулер
Орал қаласының, аудандардың әкімдері, денсаулық сақтау, білім басқармалары, ІІБ
2001-2002 жылдары
облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
11.
Мектептен тыс ұйымдар желісін сақтау және кеңейту жөнінде шаралар алу.
Облыс әкімі аппаратына есеп
Орал қаласы мен аудан әкімдері, білім басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
12.
Балалардың аулалық клубтарының практикасы мен жұмыс жағдайларын зерттеу. "Қиын" жасөспірімдерді "Евразия", "Достық", "Балдырған" лагерлері базасында ақысыз ұйымдастырылған демалыстармен қамтуды ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Облыс әкімі аппаратына ұсыныстар
Орал қаласының және аудандардың әкімдері, білім басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
13.
Орал қаласы мен Бөрлі ауданында қорғансыз балалар үшін аумақтық баспана үйлерін ашу.
Орал қаласы мен Бөрлі ауданы әкімдерінің шешімдері
Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері, білім басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
14.
Мінез-құлқы девианттық (ауытқыған) кәмелетке толмағандарға арналған арнайы мектептер ашу.
Облыс әкімиятының қаулысы
Орал қаласының әкімі, білім басқармасы, ІІБ
2002 жыл
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
15.
Көше-жол желілеріндегі жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.
Облыс әкіміне есеп беру
Орал қаласының және Бөрлі ауданының әкімдері, ІІБ
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының отын-энергетика кешені және құрылыс бөлімі
16.
Шетелдік фирмалардың шет елдерден жұмысшы күшін тартуға рұқсаты барлығына тексеру жүргізу.
Облыс әкімиятына ақпарат
ІІБ, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменті, ҰҚКД (келісімі бойынша)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
17.
Көші-қон полициясының штаттық санын көбейту.
Облыс әкімінің шешімі
Қаржы басқармасы, ІІБ
2001 жылдың І тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
18.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерді криминалды құрылымдардан қорғауды күшейту жөнінде кешендік шаралар әзірлеу және жүзеге асыру.
Бірлескен шаралар жоспары
ІІБ, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының экономика бөлімі
19.
Жол бойында, сондай-ақ аэропорттарда, вокзалдарда, стансаларда және басқа көлік нысандарында жолаушылар мен қызмет көрсетушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларды жүзеге асыру. Аталған нысандарда жасырын көші-қон фактілерін болдырмау шараларын жүргізу.
Бірлескен шаралар
ІІБ, Орал стансасының желілік ішкі істер бөлімі, ҰҚКД (келісімі бойынша)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық және коммуникация бөлімі
20.
Шетел азаматтары болуы ықтимал аумақтарға (базарларға, қонақ үйлерін, т. с. с.) тексеру, олардың жергілікті орындарда болу тәртібін бақылау жөнінде шаралар әзірлеу.
Шаралар жоспары
ІІБ
2001 жылдың ІІ тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
21.
Мал ұрлауға байланысты қылмысты болғызбау жөнінде арнайы кешенді шаралар жүргізуді жоспары ұйымдастыру
Бірлескен шаралар
ІІБ, кеден басқармасы, ауыл шаруашылығы департаменті
2001 жылдың ІІ тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
22.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес жеке күзеттер құруға ықпал жасау.
Ақпарат
ІІБ, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаменті
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының экономика бөлімі
23.
Қоғамдық тәртіпті қорғау, заң бұзушылыққа, қылмыстың алдын алуға және оны ашуға қатысқан азаматтарды материалдық жағынан көтермелеу шараларын алу.
Қала, аудан әкімдерінің шешімдері, облыс әкіміне ақпарат беру
Орал қаласының және аудан әкімдері
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2. Құқық қорғау қызметін жетілдіру шаралары
1.
Құқық қорғау органдарының аймақаралық қылмыстық құрамалар қызметінің жолын кесу жөніндегі өзара іс-әрекетінің тетігін әзірлеу.
Бірлескен бұйрық
ІІБ, қаржы полициясы департаменті, кеден басқармасы, прокуратура (келісімі бойынша)
2001 жыл І тоқсан
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2.
Экономикалық контрабанда, астық, мұнай өнімдері және басқа да шикізат ресурстарын ұрлау фактілерін анықтау, сыбайлас лауазымды адамдармен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу жөніндегі келісілген шұғыл іздестіру шаралары мен арнайы операцияларды жүзеге асыру.
Облыс әкіміне ақпарат беру
ІІБ, қаржы полициясы департаменті, ҰҚКД(келісімімен), прокуратура (келісімімен), кеден басқармасы
2001-2002 жылдары жарты жылда 1 рет
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
3.
Ұйымдасқан қылмыстық топтарды, оларды қаржыландыру көздерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастырудың арналарын анықтау және жою жөнінде мақсатты жедел шаралар жүргізу.
Облыс әкіміне ақпарат беру
ІІБ, қаржы полициясы департаменті, прокуратура (келісімімен)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
4.
Қылмысқа қарсы күрестің, кәмелетке толмағандар мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алудың, маскүнемдік пен нашақорлыққа қарсы күрестің бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру.
Бағдарлама
Орал қаласының және аудан әкімдері, ІІБ, облыстық білім, денсаулық сақтау басқармалары
2001 жылдың І тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі, әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
5.
Орал қаласында тұрғындарға кездейсоқ қаза болғандар, жарақат алғандар, медициналық мекемелерге апарылғандар, ұсталғандар туралы ақпарат беріп тұратын арнаулы анықтама-ақпарат қызметін ("кездейсоқ уақиғаларды тіркеу бюросы") құру,
Облыс әкіміне есеп беру
Орал қаласының әкімі, ІІБ, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау басқармалары
2001 жылдың ІV тоқсаны
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
6.
Полициямен, апат-құтқару қызметімен, жедел медициналық көмекпен таксафон арқылы тегін жасау жүйесін кеңейту.
Облыс әкіміне есеп беру
Орал қаласының және аудандар әкімдері, облыстық байланыс телекоммуникация дирекциясы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
7.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің облыстық бағдарламасын әзірлеу және оның орындалуын қамтамасыз ету.
Бағдарлама
Құқық қорғау, бақылау басқа да мемлекеттік органдар, ҰҚКД, прокуратура (келісімімен)
2001 ж. жыл
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
8.
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымына, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі бірлескен тексерулер жүргізу.
Облыс әкіміне есеп беру
ІІБ, ҰҚКД, (келісімімен) прокуратура (келісімімен), әділет басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
9.
Тіркелмеген бірлестіктерді анықтау мақсатында ресми тіркелген және жұмыс жасап тұрған діни және облыс қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ аумағындағы филиалдары мен өкілеттіктеріне тоқсан сайын өзара тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету.
Бірлескен шаралар, облыс әкіміне ақпарат беру
ІІБ, ҰҚКД (келісімімен) прокуратура (келісімімен) әділет басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімдері
10.
Есірткі мен нашақорлыққа қарсы күресудің аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде контрабандалық жолмен есірткі прокуратура заттарын әкелу және шетке шығару, сондай-ақ облыс аумағына тарату ұяларын және басқа да арналарын анықтау және олардың жолын кесу механизмін әзірлеу және үйлесімді шаралар жүргізуді жүзеге асыру.
Шаралар
ІІБ, денсаулық сақтау, кеден басқармалары, прокуратура (келісімімен), ҰҚКД (келісімімен)
2001 жыл
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
3. Құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің, құқықтық саясатын насихаттау
1.
Қылмыстық процесте жауап алу және алдын ала тергеу кезеңінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары сақталуын тексерудің ықпалдылығын қамтамасыз ету.
Прокурорлық ден қою және ведомстволық тексеру актілері
Прокуратура (келісімімен), ІІБ, ҰҚКД (келісімімен) қаржы полициясы департаменті
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2.
Қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу, қарау кезінде Заңдылықтың сақталуы жөнінде шаралар алу. Осы жұмыстың жергілікті ахуалына көңіл аудару.
Прокурорлық ден қоюдың актілері
прокуратура (келісімімен), ІІБ, ҰҚКД (келісімімен) қаржы полициясы департаменті
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
3.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің құқықтық саясаты, негізгі заңнамалық актілері туралы түсінік, насихат жұмыстарын жүргізу.
БАҚ жарияланымдары, телерадио хабарлары
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ІІБ, әділет басқармасы, прокуратура (келісімімен)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықықтық жұмыстар, әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімдері
4.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, тұрғындардың құқық қорғау органдарына сенімін қалыптастыруға азаматтардың қылмысқа қарсы күреске ынталылығын арттыруға бағытталған жарияланымдар ұйымдастыру.
БАҚ жарияланымдары, телерадио хабарлары
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ІІБ
2001-2002 жылдары
5.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қылмысқа қарсы жүргізіліп отырған жұмыстарға ақпараттық қолдау ұйымдастыру.
БАҚ жарияланымдары, телерадио хабарлары
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ІІБ, прокуратура (келісімімен)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар, әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімдері
6.
Бұқаралық ақпарат құралдарында діни экстремизмнің, сепаратизмнің қауіптілігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізу.
БАҚ жарияланымдары, телерадио хабарлары
Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, ІІБ, ҰҚКД (келісімімен)
2001-2002 жылдары
7.
Бұқаралық құралдарында қолданылып жүрген заңнамалар талаптарының сақталуын бақылау, ақпарат конституциялық құрылымды күшпен өзгертуді, мемлекет тұтастығын бұзуды, жеке басқа табыну мен зорлық-зомбылықты, сондай-ақ жеке басқа тіл тигізуді насихаттайтын немесе үгіттейтін мәліметтерді тарату фактілерінің жолын кесу.
Облыс әкіміне ақпарат
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы, прокуратура (келісімімен)
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
4. Құқық қорғау органдарының кадр және ғылыми потенциалын нығайту
1.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің оқу орындарына түсу үшін факультативтік курстарын ұйымдастыру.
Факультативтік курстар
Облыстық білім, ішкі істер басқармалары
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық саяси даму бөлімі
2.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде қызметтік, әскери және дене шынықтыру дайындығы жүйесінде тиісті жағдайлар жасау үшін (оқу – сынып кабинеттері, атыс тирлері, атыс орындары, спорт ғимараттары, оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар және т. б.) ішкі істер органдарының оқу – материалдық базасын нығайтуға арналған ақша қаражатын бөлуді қарастыру.
Облыс әкімінің шешімі
Облыстық қаржы басқармасы, ІІБ
2002 жыл
Облыс әкімі аппаратының экономика бөлімі
3.
Жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын Бағдарламаларды дер кезінде қаржыландыру шараларын қамтамасыз ету.
Облыс әкіміне есеп
Облыстық қаржы басқармасы
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының экономика бөлімі
5. Қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық
1.
Құқық қорғау органдарымен және шекаралас аймақтардың арнайы қызметтерімен бірлесе отырып халықаралық сипаттағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шараларын әзірлеу және жүзеге асыру.
Бірлескен жоспарлар және бірлесе әрекет жасау хаттамалары,
ІІБ, ҰҚКД (келісімімен), қаржы полициясы департаменті
2001-2002 жылдары
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі
2.
Ресейдің көршілес облыстарының құқық қорғау органдарымен жоспарлар арнайы қызметтерімен бірлесіп және аймақаралық ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және қару-жарақ, есірткі және басқа контрабандалық тауарларды жеткізудің және өткізудің жолдарын кесуге бағытталған операциялар жүргізілуін қамтамасыз ету.
Бірлескен жоспарлар және бірлесе әрекет жасау хаттамалары
ІІБ, ҰҚКД (келісімімен), қаржы полициясы департаменті, кеден басқармасы, прокуратура (келісімімен)
Жыл сайын (келісім бойынша)
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі