Об областной Программе "Молодежь" на 2001 - 2002 годы Қолданыста
Басқа 0
2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық "Жастар" бағдарламасы
Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы Д.Т. Юсуповтың 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық "Жастар" бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2001 - 2002 жылдарға арналған облыстық "Жастар" бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама) - бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы жыл сайын
10 қаңтар мерзіміне орай облыстық Мәслихатқа Бағдарламаның орындалу барысы
туралы хабарлайтын болсын.
Тармақ 3
3. Облыс қаржы департаменті 2001 жылы бағдарламаны дер кезінде
қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 2002 жылға арналатын облыс бюджетінде
Бағдарламаның қаржыландыруы қарастырылатын болсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды жасау облыстық Мәслихаттың
әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (Лебедь В.Д.) жүктелсiн.
Басқа 5. 2001 - 2002 жылдарға арналған "Жастар"
облыстық бағдарламасы
Облыстық Мәслихаттың
2001 жылғы 20 шілдедегі
шешіміне қосымша
2001 - 2002 жылдарға арналған "Жастар"
облыстық бағдарламасы
Паспорт
Аталуы 2001 - 2002 жылдарға арналған "Жастар" облыстық бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн
негiз Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 тамыздағы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының
тұжырымдамасы туралы" № 73 өкiмi, Қазақстан Республикасы
үкiметiнiң 2001 жылғы 17 ақпандаңы № 249 қаулысымен
бекiтiлген "Қазақстан жастары" баңдарламасы
Негiзгi
әзiрлеушiлер Облыс бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы;
облыс: тұрєындарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту;
бiлiм; туризм және спорт; индустрия, сауда және
кәсiпкерлiктi дамыту; денсаулық сақтау; мәдениет
департаменттерi
Мақсаты Облыс жастарының азаматтық және әлеуметтiк дербес тұлғалық
қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық
және ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту
Мiндеттерi Мемлекеттiк органдардың, меншiктiң әр түрлi нысанындаєы
мекемелер мен кәсiпорындардың, қоғамдығ ұйымдардың осы
бағдарламада ескерiлген iс-шараларды жүргiзу жөнiндегi
қызметтерiн үйлестiру;
жастардың кәсiби дамуы мен жұмыспен қамту, жастар
кәсiпкерлiгiнiң мәселелерiн шешу, iскерлiк белсендiлiгiн
арттыру;
жастардың рухани-адамгершiлiк және отаншылдық тәрбиесi үшiн
жағдай жасау;
жастардың зиянкерлiк және дене тәрбиесiн жетiлдiру,
көркемдiк және ғылыми шығармашылығын, балалар мен жастар
туризмi және спортының көпшiлiк түрлерiн дамыту;
балалар мен жастардың қоғамдық бiрлестiктерiн құқықтық
қорғау мен әлеуметтiк қолдауды қамтамасыз ету
Қаржыландыру
көздерi Бағдарламаны қаржылық жағынан қамтамсыз ету облыстық бюджет,
қалалардың, аудандардың бюджеттерi және бюджеттен тыс
(облыстың тiлдердi дамыту қоғамдық Қоры, мәдениет, өнер
және спортты қолдау қоғамдық Қоры, демеушiлер қаражаты)
қаражаттарды тартудың есебiнен жүзеге асырылады
Күтiлетiн
нәтижелер Нарық талаптарына сай келетiндей мамандардың бiлiктiлiгiн
жетiлдiру, еңбек ресурстарын қалыптастыру;
облыс жастарының iс бабындағы белсендiлiгi мен iскерлiгiн
арттыру;
жас ұрпағ денсаулығын нығайту;
жастардың рухани-адамгершiлiк, зиянкерлiк және шығармашылық
әлеуетiн арттыру;
бақылаусыз балалар мен жасөспiрiмдер санын азайту;
балалар мен жастар ұйымдарын құру және дамыту;
облыстың жас таланттарын айқындау және қолдау.
Тарау 1. 1. Кiрiспе
1. Кiрiспе
Қазақстандық қоғамдағы демократиялық өзгерiстер кезеңiнде мемлекет
қызметiндегi маңызды бағыттың бiрi мемлекеттiк жастар саясаты болып
саналады.
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, iскерлiк, жауапкершiлiк
қасиеттер қалыптастырмай, жастардың iзгiлiктi және рухани өркендеуiне,
сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiн, әлем өркениетi
жетiстiктерiн игеруiне жол ашпай әлеуметтiк ұстанымдағы экономикасы бар
демократиялық қоғам құру мүмкiн емес. Атап айтқанда жастар қоғамның бiр
бөлiгi ретiнде Қазақстандағы өркениеттi үрдiстердiң белсендi қатысушылары
болуы тиiс.
Тарау 2. 2. Облыстағы жастар ахуалының қазiргi жағдайын талдау
2. Облыстағы жастар ахуалының қазiргi жағдайын талдау
Осы бағдарламадаєы жастарға жасы 15-тен 29 жасқа дейiнгi азаматтар
жатқызылды.
Облыс статистика басқармасының деректерi бойынша, 1999 жылғы халық
санағы қорытындыларына сүйенгенде облыста жасы 15-тен 29 жасқа дейiнгi
200316 адам тiркелген, ол облыс халқының барлық санының 24,8% құрайды
Бүгiнгi күнi облыс жастарының кәсiптiк-бiлiм беру даярлығын 24 оқу орны жүзеге асыруда, оның 4-уi жоғары, 20-сы орта арнаулы. Облыс бойынша 2000т - 2001 оқу жылының басында жоғары оқу орындарының студенттер саны 13996, орта арнаулы оқу орындарынiкi - 14865 болды. Соңғы бiрнеше жылда жоғары оқу орындарының саны, негiзiнен, мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарының саны есебiнен өсiп отыр.
Демографиялық ахуалдың бiрден-бiр басты көрсеткiштерiнiң бiрi
отбасылық-некелiк қатынастар болып табылады. 1999 жылғы халық санағы
қорытындылары бойынша статистиканың ресми неке және ажырасу туралы
деректерiне қарағанда соңғы жылдары ресми отбасы қатынастарын тiркеу
жағдайлары санының едәуiр қысқарғаны белгiлi болды. 1997 жылы жастар
арасында 4301 неке тiркелген болса, ал 1999 жылы бұл көрсеткiш 3600-дi
құрады (2-кесте). Сонымен қатар, некелiк қатынастар үрдiсiнiң
"ересектенуi" байқалады.
2-кесте. Жасы 15-тен 29 жасқа дейiнгi жастар
арасында тiркелген некелескендер мен ажырасқандар саны
Атауы
1997 ж.
1998 ж.
1999 ж.
Некелескендер
Ажыраскандар
4301
1078
3905
1114
3600
824
Еѕңбек саласы жастардың әлеуметтiк-экономикалық деңгейi жағдайларын
анықтаушы маңызды фактор болып табылады.
Жалданып жұмыс iстеушiлердiң жалпы санында жастар аз саналмайды
(3-кесте).
3-кесте. Жалданып жұмыс iстеушiлердiң жалпы
санындағы жастардың үлес салмағы
Жылдары (%)
Жалданып жұмыс істеуші жастардың улес салмағы
1997
1998
1999
23,9
25,2
21,8
Жас буынның алдында тұрған негiзгi мәселелердiң iшiнде жұмыссыздық
қатерi ең басты болуда.
Қазiргi уақыттаєы тiркелген еңбек нарығындағы жастар жағдайы күрделi болып отыр. 2000 жыл iшiнде Павлодар облысының жұмыспен қамту органдарына жасы 16-дан 29 жасқа дейiнгi 5982 адам өтiнiш бердi, бұл жұмыспен қамту қызметiне өтiнiш еткендер жалпы санының 29,5% құрайды.
Олардың негiзгi бөлiгiн жасы 21-ден 29-ға дейiнгi жастар құрайды - 73,3% (немесе 4387 адам), жасы 16-дан 21-ге дейiнгiлер 26,7% (немесе 1595 адам). Олардың iшiндегiлердiң 4,5% (270 адам) жоғары, 27,4% (1637 адам) - орта арнаулы, 54,6% (3266 адам) - орта, 13,5% (809 адам) толық емес орта бiлiмдерi бар. Өтiнiш еткен жастар санының 11,6% (692 адам) ауыл шаруашылық, 6,4% (384 адам) бюджеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан, 15,5% (925 адам) экономиканың басқа салаларынан босатылды; 38,6% (2308 адам) - бұрын жұмыс iстемегендер; 5,7% (338 адам) - оқу орындарының түлектерi; 1% (57 адам) - әскер қатарынан борышын өтеп келген-дер; 1% (60 адам) - бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар; 26% (1556 адам) - ұзақ уақыт (1 жылдан аса) жұмыс iстемегендер.
2000 жылғы жұмысқа орналастыруға өтiнiш еткен жастардың негiзгi бґлiгi - жұмысшы мамандыєы бар азаматтар (2784 адам немесе өтiнiш еткендер жалпы санының 46,5%). Олардың iшiнде 49,8% (2977 адам) - ауыл тұрғындары.
Дегенмен, облыстаңы еңбек нарығындағы жалпы ахуал ұсыныммен ғана емес, сонымен қатар жұмыс күшiне деген сұраныспен де анықталады. 2000 жылы 1666 жас адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмысқа орналастырылғандар жалпы санының төрттен бiр бөлiгiн құрайды.
Жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын жергiлiктi өкiмет органдары арқылы, оның iшiнде жастар ұшiн, жұмыс орындарын үлестеу туралы шешiмдерiн қабылдайды. 2000 жылы осы үлес бойынша 370 адам жұмысқа орналастырылған, бұл жұмысқа орналасқандар жалпы санының үлес бойынша (1558 адам) 24% құрайды.
2000 жылы облыстық жұмыспен қамту органдарына 18864 адам өтiнiш берген, олардың 5982 - жас адамдар (16-29 жас), бұл жалпы өтiнiш бергендер мөлшерiнiң 31% құрайды. 1666 адам жұмысқа орналастырылды (жалпы өтiнiш еткен жастар санының 27%).
Жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғаудың белсендi түрi қоғамдық жұмыстар болуда. Оларға облыста 2000 жылы 9556 адам қатыстырылды, оның iшiнде 2177 жас адам, бұл 23% құрайды. 2001 жылғы 1 қаңтарда облыстың жұмыспен қамту органдарында жасы 16-дан 29 жасќа дейiнгi 6595 адам жұмыссыздар санының есебiнде тұрды, олардың 70% - ауыл тұрғындары.
Сонымен, еңбек жолына ендi қадам басып келе жатқан жастар ерекше тәуекелдiк тобына жатады. Жастарға ғана қатысты осы мәселенi шешуге бағытталєан маңызды шаралар бағдарламасыз жұмыссыздық ахуалын түбегейлi өзгерту мүмкiндiгi шамалы.
Бүгiнгi күнi жастар арасында қылмыс саныныѕ өсуi қоғамның тұрақтылығы мен қауiпсiздiгiне, жеке адамға еѕ көп қауiп төндiредi. Облыс прокуратурасының мәлiметтерi бойынша, қылмыс жасағаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылған жасы кәмелетке толмағандардың саны 1998 жылғы 519 адам болса, бұл көрсеткiш 2000 жылы 750-ге дейiн өстi.
Қазiргi кезде жасы кәмелетке толмағандардың iсi жөнiндегi бөлiмшелердiң есебiнде 1015 адам тұр, оның iшiнде, 515-i - орта мектептердiң, 84-i - кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесiнiң оқушылары, 43-i жұмыс iстейдi, 331-i жұмыс iстемейдi және оқымайды.
Соңғы жылдары оқушылар арасында қылмыс жасау мәселелерi көп байқалуда. 2000 жылы жасы кәмелетке толмаған 750 бала қылмыстық жауапқа тартылды, бұл облыста жасалған барлық қылмыстар санының 10,2% құрайды. Кәмелетке толмағандар жалпы санынан 2000 жылы қылмыстық жауапқа тартылғандарының 266-сы – орта мектеп оқушылары (1999 ж. - 245), 51-i - кәсiптiк-техникалық оқу орындарының оқушылары (1999 ж. - 97), 39-ы - басқа оқу орындарының оқушылары (1999 ж. - 35), 4-i - жұмыс iстеушi жас-өспiрiмдер (1999 ж. - 11).
Әр тїрлi себептер бойынша жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк-техникалық мектептер бiтiрген оқушылар саны өсуде. Бос уақыты өте көп, солай бола тұра үлкендер тарапынан мүлдем бақылау болмағандықтан, жасөспiрiмдер қылмысқа барады. 2000 жылы жұмыс iстемейтiн жасы кәмелетке толмағандар мен оқымайтын жастар 490 қылмыс жасады, бұл өткен жылғы көрсеткiштен (447) 43-ке көп.
Жастардың бос уақытын ұйымдастырудағы проблемалы мәселе олардың бойында адамгершiлiктiк негiздерiн, моральдық құндылықтарды қалыптастыруды тәрбиелеу болуда. 1999 жылы кәмелетке толмағандардыѕ құқыққа қайшы жасаған әрекеттерi, бұрынғы жылмен салыстырғанда 55,5% (бұрын 119 болса, қазiр 185 болды) өстi.
Сонымен қатар, есiрткi, алкоголь, уытты заттармен байланысты қылмыстың өсу үрдiсi сақталуда. Жасы кәмелетке толмағандар 1999 жылы алкоголь, уыт немесе есiрткi заттармен мас болып жасаған 73 қылмыс оқиғасы тiркелдi.
Жасөпiрiмдердiң қылмыс жасауларының негiзгi себептерi: оқу орындарындағы тәрбие деңгейiнiң төмендiгi, "қиын жасөспiрiмдермен" жеке тәрбие жұмысының жүргiзiлмеуi (қылмыстық жауапқа тартылған 750 жасы кәмелетке толмағандардың 356-сы немесе 47,4% - орта, кәсiптiк-техникалық және басқа оқу орындарының оқушылары); жасөспiрiмдердiң жұмыспен қамтылмауы (жасы кәмелетке толмағандардың 52% жұмыс iстемейдi және оқу оқымайды); ересектердiң жасөспiрiмдердi қылмыс жасауға тартуы (34,5%, немесе 266 қылмыс) болып табылады.
Қазiргi сәтте облыста мынадай жастардың қоғамдық ұйымдары қызмет атқарады: Қазақстан жастары одағының облыстық кеңесi, "Павлодар облысының балалар және пионерлер ұйымының одағы" қоғамдық бiрлестiгi, Қазақстан скаут қозғалысы ұйымының облыстық филиалы, "Юнола" балалар мен жастар бiрлестiгi, С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттерiнiң кәсiподақ комитетi, "Мирас" қоғамдық жастар бiрлестiгi (Екiбастұз қаласы), "Жастар еңбек ұжымдарының штабы" қоғамдық бiрлестiгi, "Павлодар қалалық әлеуметтiк- ерiктiлер орталығы" Қоры. Барлық жоғарыда аталєан жастар ұйымдары "Қазақстан болашағы үшiн" жастар қозғалысы облыстық кеңесiнiң құрамына кiредi. Балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс тәрбиесi, олардың еркiн дамуы үшiн жағдай жасау, жас азаматтардың экономикалық, әлеуметтiк құқықтары мен бостандықтарын қорғау және жүзеге асыру аталған жастар бiрлестiктерiнiң негiзгi қызмет түрлерi болып табылады.
Тарау 3. 3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
3. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Жастар мәселелерiн шешу, жас адамдардың азаматтық қалыптасуы мен өздерiн әлеуметте жүзеге асырулары үшiн аймақта құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк және ұйымдастыру жағдайларын жасау мен бұдан әрi дамыту арқылы облыста мемлекеттiк жастар саясатын жүзеге асырудың әдiснамалық, қйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету негiздерiн қалыптастыру баєғдарламаның басты мақсаты болып табылады.
Алға қойған мақсатты өмiрде iске асыру мына мiндеттердi шешудi көздейдi:
жастар мен жасөспiрiмдердi: кәсiптiк, зиянкерлiк, мәдени, дене тәрбиесi, адамгершiлiк, рухани және басқа да бағыттарда үйлесiмдi дамуы;
олардың бойында отаншылдықты, шеберлiктi, жауапкершiлiктi қалыптастыру, өткен буынның мәдени тәжiрибесiн игеруге тырысу, әлемдiк өркениетке жету;
жастардың экономикалық және құқықтық мәдениет деңгейiн, iскерлiк белсендiлiгi мен ынталылығын, iскерлiгiн арттыру, оны қоғамның әлеуметтiк-экономикалық, саяси және мәдени өмiрiне енгiзу;
жастар мен жасөспiрiмдерге қазiргi өмiр жағдайына бейiмделуге
әлеуметтiк көмек көрсету, жастардың өмiр жолын таңдауында, жеке басының
және азаматтық табысқа қол жеткiзу мүмкiндiктерiн көбейту;
жастар мен жасөспiрiмдердiң жаңашылдық әлуеттерiн жүзеге асыру:
шығармашылық бастаманы, сындарлы және қоғамға маңызды идеяларды,
ұсыныстарды, бағдарламалар мен жобаларды қолдау және ынталандыру.
Тарау 4. 4. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
4. Бағдарламаның негiзгi бағыттары
Бiлiм беру, еңбек және жұмыспен қамту салаларында кепiлдiктердi
қамтамасыз ету;
жастарды қазiргi жағдайға бейiмдеуде әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн
қалыптастыру;
жастарды отаншылдық, құқықтық және адамгершiлiк тұрғыдан тәрбиелеу;
жастардың рухани жағынан және дене тәрбиесi жетiлуiне жағдай жасау;
жастар мен балалар бiрлестiктерiн дамытуға көмектесу;
жас таланттарды қолдау және дамыту.
Тарау 5. 5. Бағдарламаны қаржыландыру көлемi мен көздерi
5. Бағдарламаны қаржыландыру көлемi мен көздерi
Бағдарлама облыстық бюджет пен қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң
қаражаты есебiнен, бюджеттен тыс көздерден қаражат қатыстыру арқылы
қаржыландырылатын болады. 2001 жылы жергiлiктi бюджеттер қаражаттарынан -
31126,2 мың теңге (1318 - облыстық бюджет және 29808,2 - қалалар мен
аудандардың бюджеттерi), бюджеттен тыс көздерден - 2210 мың теңге (оның
iшiнде: облыстың мәдениеттi, өнер мен спортты қолдау қоғамдық Қорынан -
1680 мың теңге; облыс тiлдердi дамыту қоғамдық Қорынан - 530 мың теңге)
қаражат бөлiнедi. Жиыны: 33336,2 мың теңге.
Тарау 6. 6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтiлетiн нәтиже
Жастар мен жасөспiрiмдер ортасында әлеуметтiк жағдайды жақсарту және
әлеуметтiк қиындықтарды азайту;
тiркелген еңбек нарығындаєы ахуалды жақсарту;
облыс жастарының iскерлiк белсендiлiгi мен iскерлiгiн арттыру;
облыс жас ұрпағының денсаулығын сауықтыру;
жас ұрпақтың рухани-адамгершiлiк, зиянкерлiк және шығармашылық
әлеуетiн арттыру;
облыс жастар мен балалар ұйымдарының нақты дамуына мүмкiндiк туғызу;
жас таланттарды анықтау және таныту.