О ходе реализации региональной программы борьбы с преступностью в Костанайской области на 2001-2002 годы Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облысында қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы
Облыс прокуроры А.Т. Аманбаевтың ақпаратын тыңдап және талқылай келе, облыстық мәслихат тұтастай алғанда облыста қылмысқа қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы орындалып отырғандығын атап өтеді.
Ішкі істер органдарын ұстауды оның ішінде құқық тәртібін реттеуді, қылмыстарды анықтау және жолын кесуге тікелей жұмылдырылған бөлімшелерді техникалық және материалдық жағынан нығайтуды қаржыландыру жақсарды.
2001 жылы облыстық ішкі істер органдарын ұстауға 817 млн. теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл 2000 жылға қарағанда 241 млн. теңгеге көп.
Үстіміздегі жылы бұл мақсатқа 852 млн. 487 мың теңге бөлу қарастырылған.
Қылмысқа қарсы күресу, құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері облыс әкімі жанындағы қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі Кеңесте, облыс әкімиятының мәжілістерінде, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда, құқық қорғау органдарының кеңестерінде қаралды.
Қолданылған шаралар қылмысқа қарсы күресте кейбір оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Мәселен, 2002 жылдың 4 айында өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда қылмыс саны 4317-ден 3453-ке дейін, яғни 20 пайызға азайды. Қылмысты ашу, әсіресе «ізін суытпай» ашу анағұрлым жақсарды. Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау жақсарды.
Ұрлық саны 2202-ден 1624-ке, немесе 26 пайызға азайды, бұл өткен жылдың 9 сәуірінде қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Кеңестің тұрғын үйлер мен пәтерлерді техникалық нығайту, азаматтардың қоғамдық қалыптасуларын ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық шешіміне байланысты болып отыр. Мұның ішінде мал ұрлығының саны 28,7 пайызға, түсті металл - 70,8 пайызға азайды, бұл облыс әкімінің тиісті шешімдерін орындауға бағытталған шаралардың орындалуының нәтижесі болды.
Қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстар саны азайды, бұл патрульді жақсы ұйымдастырудың және полиция учаскелік инспекторларының өз қызметіне көңіл бөлуінің арқасында мүмкін болды.
Есірткілерді сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғандардың саны артты. Егер 2000 жылы мұндайлар 535 болса, ал 2001 жылы 880 есірткі саудасымен айналысатындар қылмысты жауапкершілікке тартылды.
Жалпы алынған есірткі құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың көлемі 2000 жылы 153,5 кг болса, 2001 жылы 432 кг дейін жетті. Есірткі құралдарымен заңсыз, айналысуға байланысты қылмыстардың тұрақты азаю үрдісі байқалады.
Қаралып отырған кезең ішінде алдын алу сипатындағы түрлі шаралар қолданылды: есірткіге тәуелді адамдарды күштеп емдеу үшін бөлімше және тұрақты жеткіншектер бөлімшесі, есірткіден емделу курсынан өткен адамдарды дәрігерлік-әлеуметтік қалпына келтіру орталығы, балаларды уақытша ұстайтын бөлмелер, нақты тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы және басқалар ашылды.
Жұмыссыздықтың қылмыстық жағдайларға ықпал етуін ескеріп, 2001 жылы 9528 адамды еңбекке орналастыру және 14799 жұмыс орнын құру жөнінде шаралар қолданылды.
Сонымен бірге қылмысқа қарсы күрес бағдарламасының жекелеген шаралары орындалған жоқ немесе ішінара ғана орындалды. Мәселен, балалар үйлері мен арнаулы мектеп желілерін (бағдарламаның 2.15 тармағы) кеңейтуге бюджет тапшылығы қол байлау болып отыр. Учаскелік инспекторлар көмекшілерінің қызметі енгізілген жоқ, өткені Қазақстан республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қазанында № 1306 қаулысына сәйкес бұл лауазымды тек 2003 жылдан бастап енгізу көзделген. Малдарды толық таңбалау қиындық туғызып отыр.
Бұрын болған халық жасақшыларының үлгісіндегі қоғамдық қалыптасулар қызметі неғұрлым жоғарырақ заңдық күші бар тиісті нормативтік актілер болмағандықтан жергілікті деңгейдегі нормативтік актілермен реттелген жоқ.
Облыстағы қылмыстық деңгей республика бойынша жоғарылардың бірінен саналады.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс елеулі алаңдаушылық туғызуда. Облыстағы әрбір жетінші қылмыс кәмелетке толмағандармен жасалады. Көптеген мектептерде, колледждерде, лицейлерде директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушылар лауазымдары жоқ.
Алкогольдік мастық жағдайында жасалатын қылмыстардың саны екі есе өсті. Медициналық айықтырғыштардың қызметін тарылту және жабу басқа шаралармен алмастырылмайды. Теле және радиохабарларда алкогольдік өнімдерді тәуліктің тиым салынған уақыттарында заңсыз жарнамалау фактілерінің жолын кесу толық қамтамасыз етілмей отыр.
Бұзақылық, автокөлік қуып кету, денсаулыққа үлкен зардап келтіру, оның ішінде адам өліміне әкеп соғатын қылмыс санаттарының көбейе түсуі атап өтейді. Рецидивті және топтық қылмыстың үлес салмағы өсті.
Шағын және орташа кәсіпкерліктің субъектілерін қорғауды қамтамасыз етуде бақылаушы органдардың тараптарына заңсыз және мақсатсыз тексеруге тосқауыл қою мақсатындағы бағдарламаның 3.3 тармағын орындау жөніндегі жұмыс формальді жүргізілуде. Аймақтық бағдарлама қабылданғаннан бергі уақытта жүргізілген 45 мың түрлі тексерудің 12 мыңы рейдалық болды, осының барысында көптеген заңдылықты бұзу кездесті.
Облыста Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321 «Мемлекеттік сатып алу» Заңының көптеген бұрмалану фактілері кездесуде.
Қылмыстық жағдайларды және құқық қорғауды жақсарту жөнінде қосымша шаралар қолдану талап етіледі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысында үстіміздегі жылдың аяғына дейінгі кезеңде
қылмысқа қарсы күрестің аймақтық бағдарламасын орындау жөніндегі қосымша
шаралар бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімі аппараты
мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі А.Б. Әміровке және облыстық
мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғамдық бірлестіктермен байланыс
мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 3. Қостанай облысында қылмысқа
қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға
арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі қосымша іс-шаралар
Қостанай облыстық мәслихатының
2002 жылғы 24 мамырдағы № 209
шешіміне қосымша
Қостанай облысында қылмысқа
қарсы күрестің 2001-2002 жылдарға
арналған аймақтық бағдарламасын жүзеге
асыру жөніндегі қосымша іс-шаралар
___________________________________________________________________________
! № ! !Орындау !Орындауға !Қаржылан- !
!п\п! Іс-шаралар !мерзімі !жауаптылар !дыру !
! ! ! ! ! !
!___!_____________________________!_____________!______________!__________!
1. Облыс әкімі жанындағы қылмысқа Тоқсан сайын Облыс әкімі Қаржыланды-
қарсы күрес жөніндегі Кеңестің аппаратының руды қажет
әрбір мәжілісінде қылмыстық жағдай мемлекеттік- етпейді
неғұрлым күрделі болып отырған -құқық бөлімі
облыс аудандары мен қалаларында
қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы-
ның орындалу барысы мәселесі
қаралсын
2. Ішкі істер органдарында тергеу 2002 жылдың Облыстық ІІББ Бюджетте
қызметін кадрлармен нығайту 2 жарты белгіленген
жөнінде және қылмысты тексеру жылдығы қаржы
жөніндегі қызметкерлердің шегінде
біліктілігін арттыру жөнінде
шаралар белгіленіп, жүзеге
асырылсын
3. Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі 2002 жылдың Аудандар мен Қаржыланды-
аудандық, қалалық Кеңестің 3 тоқсаны қалалар руды қажет
мәжілістерінде барлық мүдделі әкімдері етпейді
органдар мен ұйымдардың
қатыстырылуымен профилактикалық
есепте тұратын адамдармен (бұрын
сотталғандармен есірткіге және
алкогольге тәуелділермен,
кәмелетке толмағандармен және
басқалармен) жұмыс істеу мәселесі
қаралсын
4. Жазғы каникул кезеңінде 2002 жылғы Облыс әкімі Бюджетте
кәмелетке толмағандардың арасында маусым-тамыз аппаратының белгіленген
спорттық-сауықтыру, демалыс және әлеуметтік қаржы
ойы-сауық ұйымдастыру, құқық сала және ішкі шегінде
бұзушылық әрекетке бейім кәмелетке істер бөлімі,
толмағандарды еңбекпен қамтуды облыс қалалары
ұйымдастыру шаралары белгіленсін мен аудандары
әкімдері
5. Жалпы білім беретін және кәсібі 2002 жылдық 1 Облыстық Бюджетте
мектептерді, мектеп-интернаттарды қыркүйектегі департаменті, белгіленген
және колледждерді әскери-патриот- -не дейін облыстық қаржы
тық тәрбие беру жөніндегі білікті әскери шегінде
мамандармен толықтыру, әскери- комиссар
-патриоттық дайындықтың (келісім
материалдық-техникалық базасын бойынша)
нығайту шаралары белгіленсін.
6. ПМТК және жұртшылықты тарту 2002 жылдың Қалалар Қаржыланды-
арқылы тұрғын үйлерді техникалық 3 тоқсаны әкімдері руды қажет
нығайту, қалаларда тұрғылықты етпейді
жерлерден қылмыстық жағдайды
сауықтыру жөнінде шаралар жүзеге
асырылсын.
7. Алкогольді мастық жағдайында 2002 жылғы Облыс әкімі Қаржыланды-
жағдайында жасалған қылмыстарға шілде аппаратының руды қажет
талдау жасалып, бұған қоса осы мемлекеттік- етпейді
санаттағы қылмыстардың алдын кесу -құқық бөлімі,
және алдын ала сақтандыру жөнінде облыстық ІІББ,
құқық қорғау, басқа да мемлекеттік облыстық
органдар мен ұйымдарға ұсыныс прокуратура
енгізілсін. (келісім
бойынша),
облыстық
денсаулық
сақтау
басқармасы
8. Облыс тұрғындарын алды кесілген 2002 жылдың Облыс әкімі Бюджетте
қылмыстар, кінәлі адамдардың 2 жарты аппараты көрсетілген
сотталуымен аяқталған қылмысты жылдығы мемлекеттік- қаржы
істер, мұның ішінде ұсақ ұрлық пен -құқық бөлімі, шегінде
бұзақылықтар туралы ақпараттандыру қалалар мен
жөніндегі жұмыс жандандырылсын. аудандар
әкімдері,
облыстық ІІББ,
облыстық
ақпарат және
қоғамдық
келісім
басқармасы
(келісім
бойынша)
9. Қазақстан Республикасы Финанс 2002 жылғы Облыстық Қаржыланды-
министрлігіне елімізде шетелдік маусым финанс руды қажет
азаматтардың келі тәртібін департаменті, етпейді
бұрмалушы адамдарды кері қайтаруға облыстық ІІББ
және депортациялауға байланысты
шығындарды жабуды көзейтін
бағдарламаны жергілікті бюджетке
енгізу туралы өтініш жіберілсін
10. Қостанай және Рудный 2002 жылдық Қостанай, Қаржыланды-
қалаларында тұрғындарға қаза 2 жарты Рудный руды қажет
тапқандар, зардап шеккендер, жылдығы қалаларының етпейді
медициналық мекемелерге жеткізіл- әкімдері,
гендер, ұсталғандар және тағы облыстық
басқалар туралы кешіктірмей хабар төтенше
беруді қамтамасыз ететін арнаулы, жағдайлар
анықтау-ақпараттық қызмет(«Қайғылы жөніндегі
жағдайларды тіркеу бюросы») басқарма
09рылсын. (келісім
бойынша),
облыстық ІІББ,
облыстық
денсаулық
сақтау
басқармасы